Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

«асыл қазына» интелектуалды ойыны


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Асыл қазына» интелектуалды ойыны.
Тәрбие сағатының мақсаты:
І. Білімділік
Ұлттық салт-рәстүрді насихаттау, ұрпақ жадында
жаңғырту.
ІІ. Дамытушылық
Қазақ халқының тілге шеше, сөзге тапқырлығын
аңғарта отырып, оқушы бойына сөз өнерінің дәмін
себу сол арқылы оқушының көркем сөйлеу дағдысын
қалыптастыру
ІІІ Тәрбиелік
Ұлттық құндылықтар – дәстүрлерімізден қазіргі
таңдағы маңыздылығын меңгерте отырып, оқушыларды
рухани құндылықты қадырлеуге, құрмет тұтуға
тәрбиелеу;
Атадан балаға қаймағы бұзылмай жеткен салт-дәстүрлерімізді саф күйінде
келер ұрпаққа жеткізуге жетелеу.
Тәрбие сағатының әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, пікір-талас
шығармашылық т.б.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақы безендірілген сахна, техникалық
құралдар, қабырға газеттері, бүктемелер.
Тәрбие сағатының барысы:
Ән-әуен ойнап тұрады.

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар!

- Ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, ұрпақ жадында қайта жаңғырту мақсатында
ұйымдастырып отырған «Асыл қазына» атты интеллектуалды ойынымызға қош
келіпсіздер!
- Халқымыздың ғажап, орасан бай салт-дәстүрлері соңғы біршама жылдардың
ішінде адам санасынан еріксіз өшіріліп, біржола ұмыт басып кете жаздады.
Егемендікке қалымыз жетіп, тәуелсіз ұлттық мемлекетіміз уығын шаншып,
іргесін көтергелі ғана есімізді жинап, етек-жеңімізді қолға алдық. Ғасырлар
бойы қалыптасып халқымызбен бірге жасасқан ұлттық салт-дәстүріміз-
азаматтарды, әсересе, жас ұрпақты имандылыққа, инабаттылыққа,
адамгершілікке тәрбиелеудің баға жетпес құралы. Ойынымыздың нысанасына
ұлттық салт-дәстүрді алып отырғанымыздың бірден-бір себебі-осы десе де
болады.
Сайысты бастамас бұрын талапкерлердің ойынына әділ бағасын беретін
сарапшылар сайлап алайық.
Сарапшылар сайланады.
- Ұлтымыздың ұлылығын ұлықтаушы топтарымыз өздерін таныстырып өтсін.

Екі топ өздерін таныстырады.
1-топ: Біз тобымызды «Аманат» деп атадық. Себебі ғасырдан ғасырға,
ұрпақтан ұрпаққа қаймағы бұзылмай келе жатқан салт-дәстүрімізді
бабаларымыз бірге аманат етіп қалдырған. Аманатқа қиянат
жасамай, келер ұрпаққа жеткізу-біздің басты парызымыз.
2-топ: Ал біздің тобымызға «Шаңырақ» деп ат қойдық.
Өйткені шаңырақ-қазақ ұғымындағы қасиетті дүние. Егеменді
еліміздің шыңарағы биік болған жағдайда ғана салт-дәстүрімізді
жаңғыра юермек.

Жүргізуші: Сайысты келе бірінші болып бастайтынын анықтау үшін асық
иіреміз. Кімнің асығы алшысынан түссе, ойынды сол бастайды. Ол
үшін әр топтың жетекшілері асықтың түсін таңдаңыздар.
Асықты иірмес бұрын, қысқаша асық туралы мағлұмат береміз.
Асық иіреді.

Жүргізуші: Қазақ халқы – салт-дәстүрге бай, тілге шешен, тапқыр халық.
Олар өздерінің дәстүрлеріне деген құрметті тоқсан ауыз сөздің
тобықтай түйіні – мақал-мәтелге сыйғызған. Ойынымыздың алғашқы
кезеңі «Сөз мәйегі» бөлімін бастаймыз.

Ән - әуен ойнауы Тақтада тақырып шығады.

1-бөлім: «Сөз мәйегі» бөлімі
Жүргізуші: Бұл бөлім 1-топ өздерінің дайындап келген салт-дәстүрге арналған
мақал-мәтелдерін айтылады,

2-топ сол мақалдың мәнін ашады.
1. Аспалы сөзге арсыз да тоқтайды.
2. Ант бұзған оңбайды,
Сал бұзған сорлайды
3. Салтын, тілін, дінін ұмыту-мәңгүрттікке бастар жол.
4. Алты жыл аш болсаң да, ата салтыңды ұмытпа.

Жүргізуші: Имандылық, инабаттылықтың көзі болып табылатын ұлттық
дәстүрге деген құрметтің қазіргі таңдағы халі кімді болмасын
алаңдатары сөзсіз. Ұлттық рухани дүниеміздің жанашырлары – ауыл
тұрғындарымыздың ойыншыларға қояр сұрақтары бар екен. Ендеше
келесі бөліміміз «Бейне сұраққа» көшелік.
Ән-әуен ойнайды. Тақтада тақырып шығады.

2-бөлім «Бейне сұрақ» Қонақтар сұрағы
Жүргізуші: Бұл бөлімде арнайы дайындалған ауыл тұрғындароының
сұрақтары бар. Бірінші сұрақ бірінші болып бастайтын топқа арналады. Ал
сұрақтарға құлақ түрейік.
Теледидардан сұрақ қойылады Тобымызға келген қонақтарға сөз берейік
1-сұрақ Ерулік дегеніміз не?
Жауабы: Ерулік (салт)
Ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса, сол ауылдың адамдары
жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп табақ тартады. Бұл-жаңа адамдарды
бөтенсіретпей өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі. Мұның
әлеуметтік, қоғамдық мәніде бар. Мысалы жаңа көшіп келген үйді отын, су
бакишеді. Оны әкелуге біраз уақыт керек. Міне, кең ойлап, терең ойлайтын
қазақ салты мұны да ұмытпаған.
2-сұрақ. Тәбәрік дегеніміз не?
Жауабы: Тәбәрік (дәстүр)
Біреу ойын-тойда бәйге, жүлде алса немесе құдалық салт-дәстүрде кәде
болса, одан жанындағыларға үлес беруі керек. Мұндайда жұрт одан «Тәбәрекік
бер» деп сұрап салады. Олжалы адам әдет бойынша тәбәрек беруге міндетті.
Бермеуі ұят. Сараңдық, дәстүр сыйламағандық деп есептеледі.
3-сұрақ Ой сыбаға дегенді қалай түсінесіз?

Жауабы: Ой сыбаға (дәстүр)
Ұмытылып бара жатқан дәстүрдің бірі. Мұны көбінесе балықшы ауыл
қолданады. Бас көтеретін азаматы жоқ қарттарға, асыраушысы дүниеден өткен
жетім-жесірлерге балықшылар үлес береді. Бұған ешкім іштарлық, қарсылық
жасамайды. Бұл жоғары азаматтық, жомарттық пен кең – пейілдіктің,
қамқорлықтың белгісі.
4-сұрақ Сауғаны қалай түсінесіздер?

Жауабы: Сауға (ғұрп)
Ертеде өлімге немесе ауыр жазаға келген адамға сауға яғни кешірім,
бостандық немесе жеңілдік сұрайтын дәстүр болған. Бұл негізінен адам басын
өлімнен, өте ауыр жазадан аман алып қалу үшін жасалған. Мұны беделді сөзі
өтетін адамдар ғана сұрай алған. Сауға сұрап алған адам да өз жасынан
жығылмай тиісті адамның құнын шығынын өтеп, екі елді бітімге келтіру жылына
шақырған. Сауға татулық жолына қызмет етеді.

3-сұрақ
1) Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ата
2) «Диуани лұғат-ат түріктің» авторы кім?
Ж: 1) ыңғайлас, себеп-салдар, қарсылықты, түсіндірмелі, кезектес салалас
құрмалас.

2) Махмуд Қашғари
4 с: 1) Сөз байлығын тексеретін ғылым
2) Әдет-ғұрып жырының түрін анықтаңыз
Базардан келген құлысқан
Тазармше шашым ұйысқан
Келіп кетіп жүріңдер,
Сағындырмай туысқан.
Ж: 1) Лексикология
2) Сыңсу
5 с: 1) Дыбыс үндесьігі нешеге бөлінеді
2) «Кодекс гуманикус»-қай тілде жазылған
Ж: 1) Елгеріңді ықпал, кейінгі, то,ыспалы ықпал
2) құмандар (қыпшақтар) тілінде
6.с:1) Сөз екпіні дегеніміз не?
2) «Жауынгерлердің тұлғасы» атты әңгіменің авторы
Ж:1) Екі немесе одан да көп буынды бір сөздің ішіндегі бір буынның
көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады.
2) Бауыржан Момышұлы
7 сұрақ 1) Аралас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2) ж: 1) Құрамындағы жиі сөлемдері бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та
байланысқан құрмаластың түрін аралас құрмалас сөйлем дейміз.
2) Жүргізуші: «Мың рет естігенше, бір рет көзбен көрген артық» дейді дана
халқымыз. Осы аталы сөзден негізге ала отырып, келесі бөліміміз «Жоралғыға»
көшеміз.
Ән-әуен ойнайды. Тақтада тақырып шығады.
3 Бөлім: Жоралғы.
Жүргізуші: Бұл бөлімде екі топ бір-біріне көрініс арқылы сұрақ қояды. Топ
мүшелерінің бейнелеп көрсеткен салт-дәстүр көріністерін келесі топ қалай
аталатындығы оның мән мағынасын түсіндіруі қажет.
1-топтың көрінісі
Қақпанда түлкі жатады. Тымақ келген екі адам келе жатып қақпандағы
түлкіні көреді.
- Мынау түлкі ғой.
- Ия, қақпанға түсіп қалыпты. Осы маңдағы аңшылардың қойған қақпаны ғой.
- Алсақ қалай болады?
- Алсақ алайық. Бірақ ырымын жасап, қақпанға ақша салып кетейік.
Жауабы: Бұл-баутаға деп аталады. Қақпандағы олжаны немесе аңнан келе жатқан
аңшы байлаған олжаны, яғни аңды алған адам аңшыға алғыс ретінде ақша немесе
бір затты ұсынуы керек «Баутағар» бермеген адамның малы шығынға ұшырайды
деген сенім болған.
2-топтың көрінісі
Кілем үстінде тымақ киген ақсақал отыр. Бір кезде жанына жас жігіт
келеді.
Жас жігіт:-Ассалаумағалейкум?
Ақсақал:-Уағалекум Оу, жиен келіп қалдың ба? Мал басы, ошақ қасы аман ба?
Жас жігіт: Аманбыз, нағашы
Ақсақал: - иә, әңгімеңді айта отыр. Ел аман, жұрт тынышта не жүріс?
Жас жігіт: - баяғы сол қырық серкештің жыры ғой бітпей жүрген.
Ақсақал: - Жиеннің қырық серкешін бермеске болмас. Әуелі төргі үйге барып,
тынығып ал, қырық серкеш мәселесін содан соң жайластырамыз.
Жас жігіт: Жақсы, нағашы. Өзімнің айтпағым да осы еді. Жүріңіз.
Сұрақ: Бұл бейнеленген көріністегі салт қалай аталады мәне неде?
Жауабы: Қыздан туған бала «жиен» деп аталады. Халық дәстүрі бойынша жиен
нағашыларынан қалған затын алуға тиіс. Мұны «жиенұрық» деп атайды. Халық
жөнді ренжітпей «жиен назасы жаман» деп еркелетіп ұстаған.
4 бөлім Сұрақ жауап.
1 сұрақ 1) Қаратпа сөздер дегеніміз не?
2) Ш. Құдайбергенұлы қай жылы, қай жерде туылған?
Ж: 1) Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қаратпа сөздерді
қолданады.
2) 1858 жылы Шығыс Қазақстан облысында Абай ауданында туылған
2 сұрақ 1) Жалаң және жайылма сөздер дегеніміз не?
2) Қай жылдар аралығында С. Торайғыров «Қамар сұлу» ромнын жазады?
жҮ 1) Тұрлаусыз мүше қатыспаған жай сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.
Тұрлаусыз мүше қатысқан жай сөйлемді жайылма сөйлем деп атаймыз.
2) 1913-1914 жылдар
1 сұрақ 1) Жақсыз сөйлем дегеніміз не?
2) А. Байтурсыновтың қай еңбегі 1909 жылы Петербургте басылып шықты.
Ж: 1) Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрін
жақсыз сөйлем деп атаймыз.
2) «Қырық мысал» атты еңбегі
9 с: 1) Төл сөз дегеніміз не?
2) 1777 жылы, Маңғыстау жерінде дүниеге келген ақын.
Ж: 1) Сөйлеуші сөзінің ішінде біреудің айтқан сөзін ешбірін өзгертпей, сол
айтылған күйінде беруін төл сөз дейміз.
2) Абыл Тілеұлы.
Жүргізуші: Қазақ халқы – сөзге шешен халық. Қай кезде де сөз құдыретін
түсініп, оны қастерлеп отырған. Сөзге шешен халқымыз әр кезде тапқыр сөзбен
сөз тауып кеткен. Осындай даналық пен даралықтың дәнін бойларына сіңірген
сайыскерлеріміз келесі бөлімде өздерінің сөзге тапқыр, тілге шешен
екендіктерін дәлелдейді.
5 бөлім «Сөз тапқанға қалқа жоқ» бөлімі
Жүргізуші: Мұнда сайыскерлер әр түрлі әріп таңдап алады да, берілген 2
минуттың ішінде қойылған сұрақтарға таңдап алған әріптермен ұтылуы, тапқыр
жауап беруі тиіс.
Мұнда уақыт төрешілері уақыт белгілейді. Ал, сайыскерлер мына
қоржыннан асық таңдап алыңыздар, асықта әріп жапсырылған.
1-топқа сұрақ
1. Сен үшін ең құрметті не?
2. Мектеп саған не береді?
3. Ұялғанда не істейсің?
4. Сіз үшін байлық не?
5. Кім сұлу?
6. Қандай мақал білесіз?
7. Сөйлей-сөйлей кім болсасың?
8. Бақшада не өседі?
9. Қиындықты қалай жеңесіз?
10. Қандай салт дәстүрді білесіз?
11. Асыл мұраларды қалай құрметтейсіз?
12. Ең ұлы іс-не?
13. Құлақ неге екеу?
14. Кімге сенбейсіз?
15. Кімнің қамын ойлайсың?
16. Әке көрген не істер?
17. Үлкенді қалай сыйлайсың?
18. Балқашта не көп?
19. Қазақ ұғымында ұл бала қандай бала?
20. Ананың көңілі балада, баланың көңілі неде?
21. Кітап саған не береді?
22. Ұстаз кім?
23. Тіл не үшін керек?
24. Бақыт деген не?
25. Сен кімсің?

1. Ең биік не?
2. Сіз үшін достық деген не?
3. Қандай салт-дәстүрді білесіз?
4. Анаң саған не береді?
5. Қандай аспапта ойнайсың?
6. Нені өсиет санайсың?
7. Қазақстан қандай?
8. Қандай мақал-мәтел білесің?
9. Ең құрметті не?
10. Неден қорқасың?
11. Ең кіші не?
12. Арманға жету жолы не?
13. Көз неге екеу?
14. Базарда не бар?
15. Қиындықты қалай жеңесің?
16. Ұлдардың ұлысы кім?
17. Қандай ақын-жазушыны білесің?
18. Қол не үшін керек?
19. Қазақ тілі қандай тіл?
20. Сіз үшін байлық не?
21. Ең жақын не?
22. Төрт түліктің бірі жылқы малына қатысты сөзді атаңыз.
23. Көре-көре кім боласың?
24. Өмірлік мақсатың не?
25. Не іздеп жүрсің?
Патшаның тағынан шешеннің бағын жоғары қойып, сөз өнерін барлық өндердің
бастауы санаған бабаларымыздан қалған салт өнерін дамытатын. «Ділмәр»
бөлімі келесі кезекте.
Бұл бөлімде белгілі бір таңдалған тақырып төңірегінде шешен ірі өткір
тілмен сөз қозғайтын топ жетекшілері сайысады. Сарапшылардың негізі
бағалайтыны-топ жетекшілерінің ұтымды сөз қолданылысы.
Сөз кезегі сарапшыларға беріледі.
Қазақта қалыптасқан «Қалқа сұлу» деген дәстүр бар. «Мықты болсаң –
құлдырама төменге, мықты болсаң сол биікте қалып қой» дейді.
Бүгінгі ұрпаққа ата-бабаларымыз ұлан байтақ жерді, салт-дәстүрді
аманат етіп қалдырды. Ал бүгінгі ұрпақ келер ұрпақтың салт – дәстүрді
қалдырады. Ендеше ұлтымыздың ұлы ерекшеліктері, құндылықтары ғасырдан-
ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа ұлықтауға арналған ойынымыз аяқталды.
Назарларыңызға рахмет.

Ұқсас жұмыстар
Шешендік дау
Компьютер миы
Ақша теориясы
"ойымды аңғар" интелектуалды ойыны
Қызықты бес пән . интелектуалды ойнын
Ең асыл қазына
Тапқыр достар (Интелектуалды ойын - жарыс)
Тіл тағдыры- ел тағдыры
Ақша қызметтері
Сынып көшбасшысы
Пәндер