Мәнжазба. әлемнің жеті кереметі

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,

Т. Жармағамбетов атындағы орта мектебінің

9-класс оқушысы Елтоқ Нұрарыс

Мәнжазба тақырыбы: Әлемнің жеті кереметі

Ежелгі заманда даңқы жер жарған ғажап құрылыстар мен мүсіндер осылай аталып келеді. Адам баласының ақылы мен қолынан туған осынау тамаша ескерткіштердің өкінішке орай, біздің заманымызға тек біреуі ғана жеткен. Ол-пирамидалар. Ежелгі Египет (Мысыр) патшалары фараондардың (перғауындардың) тастан қаланған сағаналары (табытханалары) .

Египет астанасы - Каирден оңтүстікке қарай қатарласа шөгіп жатқан ақшанқан және сарғылт таулар көрінеді. Бұл төбесі сүйірленіп келген жасанды таулар - пирамидалар. Ең үлкені -Хеопос перғауынның пирамидасы, оның биіктігі 147 метрдей, біздің заманымыздан бұрынғы 28 ғасырда, бұдан 5мың жылдай бұрын салынған. Хефрен пирамидасы бұдан екі-ақ метр аласа. Бұл перғауынға таудай мазар жеткіліксіз болып көрінген де, ол пирамиданы үлкен жартастан қашап жасалған тас мүсінге күзеттіріп қойыңдар деп жарлық еткен. Оның басы адам бейнесінде де, денесі арыстан тұлғалы. Ол Сфинкс деп аталады. Адамдай данышпан, арыстандай айбатты Сфинкс бейнесі жоққа сенгіш ырымшыл жандардың зәресін алған; сондықтан жұрт оны үрей атасы деп кеткен.

Әлемнің ендігі бір «кереметі» -Семирамданың аспалы бағы; ол Ежелгі Шығыстың ең үлкен әрі дәулетті қаласы-Вавилонда болған. Ел аузында қалған аңызға қарағанда бұл бақты патша ханым Семирамида салдырса керек. Ал шындығында ол жаңа заманға дейінгі 6 ғасырда Навуходоносор патшаның жарлығы бойынша салынған. Бұл патша өз сарайын алты қабат үйдің биіктігіндей етіп қолдан көтерілген жасанды алаң үстіне салдырады. Сарай алаңына көтерілетін алты текпішек айнала кірпіштен өрілген аркалар тізбегімен көмкеріліп, топырақ төселген әр текпішекке жайқалған бақ орнатылған. Толып жатқан қауға байлаған орасан зор шығырды жүздеген құл күні-түні айналдырып, аспалы баққа Ефрат өзенінен су шығарған.

Гректің әйел пірі Артемиданың Кіші Азияның Эфес қаласындағы ғибадатханасы әлемнің үшінші «кереметі» деп есептелген. Ол кілең мәрмәр тастан 120 жыл бойы салынып, жаңа заманға дейінгі 550 жыл шамасында аяқталған. Ғибадатхананы көз тартарлықтай әдемі салып, ішінде бағалы заттар мол болады. Сондықтан атағы жер жүзіне жайылып кетеді. Біздің заманымыздан бұрынғы 356 ж. Герострат деген біреу атын шығармақ оймен ғибадатхананы өртейді. Ақыры оның есімі ақылға қонымсыз зиянкестіктің белгі-бейнесі болып мәңгілікке ел аузында қалады.

Грецияның оңтүстігінде, Олимпиялық ойындардың орталығы Олимпиададағы ғибадатханада ежелгі гректердің сыйынатын жоғары пірі-Зевстің мүсін бейнесі болған. Олимпиа Зевсінің бұл мүсінін бұдан 2 мың жылдай бұрын, біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырда ұлы мүсінші Фидий жасаған. Бұл төртінші «керемет». Биіктігі он төрт метрлік Зевс мүсіні піл сүйегі, қара емен, асыл тастармен әшекейленген алтын тақта отырғызылған. Басында осынау құдіретті тәңірдің рахымшылдығын білдіретін зәйтүн ағашының өрілген бұтағына ұқсас алтын шеңбері болған. Мүсіннің басы, иығы, екі қолы, кеудесі піл сүйегінен ойып жасалған. Зевстің сол жақ иығына жамылған шекпені, шашы мен сақалы алтыннан құйылған. Фидий Зевске адамға тән кескін - кейіп берген. Оның бет бейнесінен сұстылықпен қатар мейірімділік те аңғарылатын болған. Мүсін енді болмаса жымия езу тартып, орнынан кең кеудесін кере түрегелетіндей әсер тудырған.

Кіші Азияда Карий патшалығы деп аталатын шағын мемлекеттің астанасы -Галикарнаста (қазіргі Түркияның Бодрум қаласы) бесінші «керемет» Мавсол патшаның мавзолейі болған. Оны біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасырдың орта шенінде патшаның жесірі-патша ханым Артемисия салдырған. Мавзолейдің ақ мәрмәр тастан бедерлі белдеу тартылған тұғырына мәрмәр бағаналар тізбегімен нақышталған негізгі қабырға орнаған.

Оның төбесі сүйірленіп келген. Мәрмәрдан пирамида іспетті жасалған мавзолей төбесінің ұшар басында төрт арғымақ жегілген екі доңғалақты күймеге мінген Мавсол мен Артемисияның мәрмәр мүсіндері болған (Мавсол мен оның әйелі Артемисияның мүсіндері, сол сияқты мавзолейдің басқа да әшекейлері осы күнде Лондондағы Британ музейінде сақтаулы) . Міне, «мавзолей» деген сөз Мавсол есіміне байланысты шыққан.

Жаңа заманға дейін 3 ғасырда Родос аралына атақты қолбасшы Деметрий шабуыл жасайды. Алайда Деметрий еркіндік сүйгіш родостықтарды жеңе алмайды. Аралды жанқиярлықпен қорғаған қаһарман ерлер құрметіне олар жер бетіндегі ең үлкен мүсін -ескерткіш орнатады. Бұл алтыншы «керемет»,


Ұқсас жұмыстар
Сабақтың мақсаттары. Әлемнің жеті кереметі
Жеті ғажайып сыры
Әлемнің жеті кереметі. дүниетану, 4 сынып
Әлемнің жеті кереметі.
Әлемде талай қызық бар. 4 сынып
Жеті жетім
7 санына көбейту және бөлу кестесі
Қазақтың киелі сандары
Жай бөлшек
Қызыққа толы бұл әлем.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz