Үй жануарлары мен үй құстары: экология пәні бойынша сабақ жоспары

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Ават селосы

И. Искандеров атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қоршаған ортамен танысу. Экология

Сабақтың тақырыбы : Үй жануарлары мен үй құстары

Сабақтың мақсаты: 1 Үй жануарлары мен үй құстары және олардың адамға келтіретін пайдасы туралы түсінік беру

2 Оқушылардың сөйлеу, пікірлеу, байқау қабілетерін

дамыту

3 Үй жануарлары мен үй құстарына қамқорлық жасауға

тәрбиелеу

Типі: жаңа сабақты меңгерту

Әдісі : түсіндіру, сұрақ-жауап «Кімдің үйі, Кім тапқыр, Төлдерін тап »

Көрнеклігі: К-3-24

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық сәт

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың?

Бұлтиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың?

Мақсат қою кезеңі

Балалар бүгінгі сабақта үй жануарлары мен үй құстары туралы түсінік аламыз Кімді ата-аналары қандай төлдің атымен еркелетіп айтады?

Боташым, қошақаным

Жаңа сабақты түсіндіру

Төрт түлік мал-халқымыздың байлығы. Өйткені халқымыздың тарихы осы төрт түлік малмен тікелей байланыста. «Ат-ердің қанаты»деп айтатын дана халқымыз жылқыны қастерлеген. Жылқы-мінсең көлік, жесең ет. Сиыр-жесең ет, кисең кием, айран, сүті, қаймағынсыз қазақ баласы өспейды. Түйе малы-нағыз көлік, шұбаты дертке дауа. Қазақстанның мал шаруашылығы-халқымыздың дәстүрлі ата кәсібі. Осы төрт түлік халқымыздың ең басты байлықтарының бірі екенін білгеніміз жөн. Ал үй құстарына тауық, үйрек, қаз, күркетауық. Олардың адамға тигізер пайдасы мол. Мамығынан көрпе жастық жасайды, етін, жұмыртқасын азық-түлік ретінде пайдаланамыз.

Дәптермен жұмыс

«Кім тапқыр ойыны»

Сергіту сәті

Музыкамен орындату

Білімін тексеру

«Кімдің үйі»ойыны

Жануарлардың ішінен үй жануарлары мен үй құстарын тапқызу

«Төлдерін тап»ойыны

Қортындылау

Үй жануарларын ата

Үй құстарын ата

Малдың төлдерін ата

Үйге тапсырма беру

Үй жануарлары туралы тақпақ жаттау


Ұқсас жұмыстар
Үй жануарлары мен үй құстары бойынша ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің сабақ жоспары
Үй жануарлары мен үй құстары: төлдері, адамға пайдасы және күтімі
Тіл дамытуға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Үй жануарлары мен үй құстары
Кішкентайлар тобына арналған сабақ жоспары: Үй жануарлары (Таным - Экология негіздері)
Мектепке дейінгі тәрбиеге арналған экология сабағы: Үй құстары (әтеш, тауық, балапан)
2-сынып дүниетану пәні: Жабайы және үй жануарлары сабақ жоспары
Қазақ тілі пәні 1-сынып: Үй жануарлары тақырыбы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
Әтешке арналған бұршақтар: үй құстары туралы танымдық және шығармашылық сабақ жоспары
2-сынып: Жабайы және үй жануарлары - дүниетану сабақ жоспары
Тіл дамыту сабағы: үй жануарлары, төлдері және күтімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz