Ер есімі- ел есінде. ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған

Қостанай облысы
Арқалық қаласы
Арқалық политехникалық колледжі
Өткізген өндірістік оқыту шеберлері: Еденова Индира Ескермесқызы,
Бекеева Дидар Хамитовна
«Ер есімі-ел есінде»
Кешегі әлемді дүр сілкіндірген неміс шапқыншылығы еліміздің көптеген атпал азаматтарының бірқатарын қыршынынан қиып, мүгедек қылып, бірқатары хабарсыз жоқ болып кетіп, ел ішінде зор зобалаң туғызды. Ал қаһарлы соғыс батырларының батылдығын, Отан қорғаудағы ерліктерін баяндап жас ұрпақ жадына өшпестей сіңіру аға буынның асыл парызы. Сол мақсатта Арқалық политехникалық колледжінде Ұлы отан жеңісіне 70 аясында іс-шара өтті. Бұл іс шараны ұйымдастырып, колледж студенттеріне ұсынған колледждің өндірістік оқыту шеберлері Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Арыспаев Қайырғали Қайржанұлы, Бекеева Дидар Хамитқызы, Еденова Индира Ескермесқызы, және «ОП-27» тобы.
Іс -шарада топ ОП-27 тобының студенттері өз өнерлерімен көрермендерге сол сұрапыл соғыстың мұңымен жеңістің қуанышын көрініс арқылы көрсетіп, соғыс жайлы жазылған ақын жазушылардың өлеңдері мен әндерін, билерін жеткізе білді. Сонымен қатар өз шығармашылықтарымен топ студенттері Әлібек Балнұр мен Боранбай Тұрсынай «Соғыс», «Ұлы Отан соғысы» тақырыптарындағы өлеңдерін оқып берді.
Іс-шарада Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Арыспаев Қайырғали Қайыржанұлы «Жеңіс күні» әнін орындады.
Кештің соңында колледждіміздің басшысы Джанабаева Кулнара Ташенқызы іс-шараны ұйымдастырған ұстаздарға, ОП-27 тобына өз ризашылығын, алғысын білдірді.
Бұл іс-шарадан әр студенттің жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік артады деп айталамын.
Отан үшін күрескен, Отаны үшін отқа түскен, отанымызды қорғаған азаматтарымызды әрдайым жүрегімізге сақтай білейік.
Іс-шара тақырыбы : Ер есімі- ел есінде!
Сабақтың мақсаты :
Ұлы отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы жеңістің мән маңызы туралы мағлұмат беру.
Оқушыларды өз Отанын сүюге, қорғауға үйрету. Патриоттық тәрбие берумен қатар, олардың бойында өз еліне деген сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың көрнекілігі: даңқты батырларымыздың суреті, фотоальбом, ерлік туралы мақал-мәтелдер, буклеттер, кітап көрмесі т. б.
1-Жүргізуші: Құрметті қонақтар!
Әрқайсымыз үшін жақында қымбат мереке 1941-1945 жылдардағы Ұлы отан соғысындағы жеңіс күніне санаулы күндер қалды. Атаулы жеңіске 70 жыл толғалы отыр.
2-Жүргізуші:
Жеңіске жету жолында қазастандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан жеңіс күні әрбір қазақстандықтын жүрегіне жақын. Өкінішке қарай уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарымыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады.
1-жүргізуші:
Бірақ ешкімде, ештене де ұмытпауы тиіс. Себебі бұл біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз.
2-Жүргізуші: Ұлы Отан соғысының қасіреті әр ауылға, әр отбасына, әр адамға өте ауыр зардап әкелді. Өзіміздің туып-өскен ауылымыздағы соғыстың ауыр азабын тартып, елі үшін құрбан болған және аман-есен оралған жерлес аталарымызбен, ағаларымыздың ерлігі жайлы тоқталып кетсек. 1970 жылы Торғай облысы құрылғанда 471 соғыс ардагері болған. Бүгін сол ардагерлеріміздің бесеуі ғана арамызда, қаламызда тұрып жатыр.
(5 ардагерді таныстырып өту)
2-жүргізуші:
Бүгінгі кешіміз соғыс ардагерлеріне, қайтып оралмаған қаһармандарды еске алуға, бізге бақытты бейбіт өмір әкелген Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналады.
Дәл осынау жадыраңқы жай күні
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным басым иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны (1 мин. үнсіздік)
1-жүргізуші:
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер мененн құштарлықтын құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуанышпен мерекенің бұлағы.
Бәрі де есімде! (Жеңіс туралы өлеңдер)
1-оқушы: «Жеңіс туы»
Өрт лаулап, бұрқырап қорғасын,
Шеңгелін қанды ажал жайғанда
Ойрандап жауыздың ордасын
Болдық біз найзағай майданда
Жеңіс туы,
Жеңіс туы
Желбіресін мәңгілік!
Жеңіс жыры,
Жеңіс жыры
Асқақтасын жаңғырып!
2-оқушы: «Сталинград үшін шайқас».
Отан үшін! Жеңіс үшін!
Деп солдаттар салып ұран,
Көтерілді атакаға
Оққа қарсы жауып тұрған
Сол мезгілде бір жауынгер
Шойырылды ма, сүрінді ме,
Көкірегін қолмен басып
Құлады сәл жүгірді де
Жығылды ол, жығыпты оқ,
Ақты қаны ердің жерге
Жеткені ме арсыз ажал,
«Тағы бір жеңдім» дер ме?
Жоқ, жоқ! Ажал, қателестің,
Әлі бойда қайратым бар
Әлі де мен соғысамын!
Қайратым бар, айбатым бар!
Соғыстың соңғы көктемі
Жасылмен бояп қойған ба?!
Жап-жасыл таудың бөктері
Қырлар да, мынау ойлар да,
Жап-жасыл болып көктеді.
Соғыстың соңғы көктемі.
Көп болды, жасыл тауларға,
Жап-жасыл бұлттар шөккелі.
Әкелді шуақ бар маңға,
Соғыстьң соңғы көктемі.
Соғыстың соңғы көктемі,
Көп болды нұрын төккелі.
Жап-жасыл анау аспан да,
Аспан да, сірә, көктеді.
Бойына таудың асылып,
Шұғыла тұрды, көк меңі.
Қызғанып, гүлін жасырып,
Қылтанақтар да көктеді.
Соғыстың соңғы көктемі.
Жап-жасыл шыбық, тал-дағы,
Орманның жасыл шекпені.
Қуанта, бірақ, алмады,
Сонау бір үйді шеттегі,
Соғыстың соңғы көктемі . . .
1-жүргізуші:
Жеңіс күні адамзат аңсап күткен күн. Жеңістің туын тікке 1945 жылғы 9 мамамыр азаттық күрестің айбынды күні. Біздің халқымыз батырларға бай. Халқымыз қазақтыңбатыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен айтады.
Даламыздың даңқысын,
Балауса гүл, балғын қыз.
Жанын қиып халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.
2-жүргізуші:
Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзің,
Оқ борап снарядтар қаққан ызын.
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
«Әлия» орындайтын Сәрсенбаева Гүлназ.
Мәншүк
Сілкініп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың,
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz