Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қасым -ән, қасым -жыр
Тақырыбы: «Қасымның әні- ғасырдың әні»
Мақсаты: 1.Оқушыларды ақын шығармашылығымен, өмірбаянымен, азаматтық
тұлғасмымен таныстыру;
2.Поэзияны сүюге, ақын өлеңдерін сүйіп оқуға, оның құдіретін сезінуге
тәрбиелеу.
3.Оқушылардың өлең, көркем сөз оқу, ән айту қабілеттерін дамыту,
шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
1-жүргізуші: Бір күй бар домбырамда иесі Қасым,
Қасым солай болмаса несі Қасым.
Отты жырын аңсаған адам болса,
Бізбен бірге Қасымын есіне алсын.
2-жүргізуші:
Жырларында заманының табы бар,
Ұлтымыздың рухы бар, жаны бар.
Тентек ақын, текті Қасым ортаңда,
Жаңа ғасыр, ұлы ақынды танып ал!
Қазақ халқының елінің қорғаны болған батырлары мен даналарын жыр
дастандарына қосатын көне дәстүрі ерлік жырлары жаңа дәуірде Қасым ақынның
жырларымен қайта тірілді. Бүгінгі қазақ поэзиясын Аманжол Рақымжанның
Қасымының көзге елестету мүмкін емес.
1-жүргізуші:
Ей, тәкаппар дүние!
Маған да бір қарашы.
Танисың ба сен мені?
Мен қазақтың баласы-
деп әлемді бір дүрсілкіндірген дауылпаз, қайсар ақын Қасым Аманжолов
болатын ендеше
Біздің бүгінгі «Қасымның әні- ғасырдың әні» атты әдеби кешімізге қош
келдіңіздер. Тірісінде-ақ аты аңызға айналған Қасым- ешкімге ұқсамайтын
дара тұлға, ақындық шабытты жүрдек тұлпардай шапқан сайын өрлей береді.
Оның жалынды да дауылды, нәзік те сыршыл поэзиясы жаныңа жайлы тиіп баурап
алады.
Дейсіңдер-ау Қасымның несі басым?
Қасым солай болмаса, несі Қасым?-деп,
ақындықтың асқар тауындай ағасына Мұқағали Мақатаев жыр арнаса, Бауыржан
Момышұлы «Қасым Аманжолов Жаратылысы бөлек ақын» деп баға берген екен.
2-жүргізуші:
Қасым Рахымжанұлы Аманжолов1911 жылы Сарыарқаның ең көрікті жерінде
Қарқаралы ауданында дүниеге келеді. Ата жұртының тұрағы Қызыл деп аталып
кеткен таудың етегінде орналасқан. Көктемде тау бөктерінде қызғалдақ
гүлдер, белуардан көкорай шалғын өсетін құтты қоныс екен.
1-жүргізуші: Жастайынан жетім қалған Қасым атасының қолында, табиғаттың
тамаша ортасында есейген.
Ышқына соққан дауылға
Құмартушы ем жасымда
Нөсерлеп құйған жауынға
Қызығушы ем жасынға
Жүгіруші ем жарысып
Сарыарқаның желімен
Ойнаушы еді алысып
Соққан дауыл менімен
Дегенмен осындай албырт жасөспірім күз желімен майысқан Арқаның боз
селеуіндей жалаңаш жетім еді. Жетімдіктің, өгейліктің зардабын молынан
көрген Қасым 1924 жылы Семейдегі балалар үйіне орналасады. Ендеше сол
балалық шағын есіне алып Қасым Балалық шақ өлеңін жазған екен.
«Балалақ шақ» оқитын Нұрсұлтан
2-жүргізуші: Интернаттағы оқуын аяқтап, Семейдегі мал дәрігерлік
техникумына оқуға түседі. Ол 1930 жылы оқу іздеп Алматыға келеді. Бірақ
түсе алмай, «Лениншіл жас», «Қызыл әскер» газеттерін паналайды. Оқуды
армандаған Қасым 1931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына
оқуға түседі.
1-жүргізуші: Бірақ Солтүстіктің ызғарлы ылғалды ауасы денсаулығын қажыта
бастаған соң, елге қайтады. Баратын жері де, ағайын-тумасы да жоқ, аурудан
қалжыраған Қасым тағдырдың айдауымен, бейтаныс Орал қаласына келеді.
Облыстық «Екпінді құрылыс» газетіне тілмаш болып орналасады.
2-жүргізуші: 1933 жылы жиырма екі жасар Қасым әскерге алынады. Ол кезде
оралда әскер полкі болатын. Екі жыл әскери міндетін ойдағыдай өтеп
шыққаннан кейін Оралда ұйымдастырылып жатқан қазақ театрының көркемдік
жетекшісі болады. Қаладағы өнерге құштар жастарды театрға шақырып, оларды
жаңа рөлдерге ойнауға баулиды. Театрдың өрісін кеңейтуді көздеп, оркестр
құрады. Сөйтіп, Орал театры республикадағы қазақтың тұңғыш музыкалық драма
театры болады.
1-жүргізуші: Ол кезде Оралда бірқатар талантты жастар тобы қалыптасқан-ды.
Олар: Қажым Жұмалиев, Қуан Тастайбеков, Жәрдем Тілеков, Батыр Қадырниязов,
Абдолла Жұмағалиев, Хамит Ерғалиев сынды азаматтар еді. Қасым осы лаулаған
талант иелерінің ортасында болды.
2-жүргізуші.
Дүниеге келер әлі талай Қасым,
Олар да бұл Қасымды бір байқасын.
Өртке тиген дауылдай өлеңімді
Қасымның өзі емес деп кімді айтасың?
1-жүргізуші. ӘН. «Өзім туралы» ОП-27 Гүлназ
2-жүргізуші: «Жігітті жұрт мақтаған, қыз жақтаған» жеп Абайдың өзі
айтқандай, Қасымның ақындық, серілік, оның үстіне бекзаттық адамгершілігі
алдында көп сұлулардан ерік кетті. Оралдағы жырлар «махаббат қызық мол
жылдар» болды. Махаббат, ақындығына қанат бітіргеннің бірі- осы Оралда 1935
жылы кездескен Сақыпжамал .
«Сақыпжамал» өлеңі. Сұлтанбеков Ержан
Сақыпжамал, атың қандай,
Сәпени дейміз қысқартып.
Жар бола гөр айтылғандай
Сенен қайсы қыз артық,-деп жырлаған Сақыпжамалға
Қасым тоғыз жылдан кейін, соғыстан аман-есен оралған соң қосылады.
Екеуінің армандары орындалып, балалы-шағалы болады. Жанар, Дариға атты
қыздары болады.
1-жүргізуші: Қасым Дариғасын ерекше жақсы көрсе керек. «Дариғасыз бір күн
де өмір сүре алмаймын» дейді екен. Дариға бір жарым жасында қатты ауырады.
Сол кезде жазылған ақынның «Балам ауырғанда» өлеңі жарық көреді.
2-жүргізуші:осы жылдары Қасымның өлеңдері газет бетінен көріне
бастайды.Әсіресе Оралдың «Екпінді құрылыс» газетінде жиі басылады.
Жұртшылық Қасымды ақын ретінде 1936-1937 жылдары барып қана жыға таниды.
1938 жылы оның «Өмір сыры» атты тұңғыш жинағы жарыққа шығады. Қасым әскерге
1941 жылы-ақ шақырылады. Оларды Қиыр Шығысқа жөнелткен.
1-жүргізуші: Қасымның шынайы ақындық болмысы соғыс жылдары көрінеді. Ол
қазақ ақындарынан тұңғыш қаһармандықтың, қайсарлықтың тамаша үлгісін
көрсеткен Абдолла Жұмағалиевтің бейнесін сомдайды. «Ақын өлімі туралы аңыз»
ауырып емханада жатқанда жазған.
2-жүргізуші: Поэма небәрі 220 жол. Асқан шеберлікті дәлелдейтін осыншама
тығыз сыйымдылық, шиыршықталған шымырлық, жұдырықтай тас түйін шығарма
бұрын қазақ поэзиясында болған емес.
1-жүргізуші: Абдолла Жұмағалиев 1915 жылы Жымпиты ауданындағы Жосалы
ауылында дүниеге келген. Алғыр да от шашқан ақындық талантымен ерте
танылған. Оралдың педогогикалық институтында оқып жүргенде Қасыммен
айырылмастай достасып кеткен. Абдолла 30 жасында шейіт болады.Қасым
Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасына әдебиет сыншылары сол кезде
«Бүкіл қазақ совет поэзиясының маржаны» деген үлкен баға берді. Ендеше
«Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын тыңдап көрелік
«Ақын өлімі туралы аңыз» Әлібек Балнұр
2-жүргізуші:
Қасыммын, сол баяғы бір Қасыммын,
Бақытын ойламаймын құр басымның.
Тымырсық түнек болсаң дұшпаныңмын,
Ақ көңіл адал болсаң сырласыңмын.
Қасым –жалғыздықтан жалығып, адал дос іздеген ақын
Ән «Жыр жазамын жүрегіммен» Айбат
1-жүргізуші: Соғыс кезінде қайнаған Қасым шығармашылығының ғажайып
маржандарының бірі «Дариға, сол қыз» - тұтас бір соғыстың шежіресі. Басты
кейіпкері қазақ батыры, ақыны. Сол сұрапыл соғыс, сол сүйген қыз, өмірге
құштарлық. Қансырап жығылып,семіп бара жатқан батырды қыз тұрғызып
жібереді. Өмір елестеп, қыз алыстап аласұрған, еңіреген ақын аяғында өлімді
алыстатқан әмірші қызбен, өмірмен қайта табысады.
«Дариға, сол бір қыз» өлеңі оқитын Мираш Жәнібек
2-жүргізуші: Қасымның өмірініңең жайдарлы да қунышқа толы жылдары Орал
елінде өтеді. Оны өзі жырлаумен өтеді. Қасым соғыстан келген соң тұрмыс
тауқыметін көп көреді. Оралға тек бір рет қана келген екен. Сол келгенде
шығарған «Жайық»өлеңі өзі қайтыс болғаннан кейін жарық көреді.
«Жайық өлеңі» - Тұрсынай.
1-жүргізуші: Қасым- көркем өнердің телегей теңізі.Ол өзінің өртке тиган
дауылдай өлеңдерімен бүкіл қазақ халқының асқақ рухын аспанға
көтерді.Тумасынан ұлтының ұлағатынан нәр алып, барлық болмыс-бітімімен
қазақ болып жаралған ақын.Еркіндікке ғашық, бостандыққа құштар, азаттықты
аңсаған ақын.
2-жүргізуші:
Жанымды күйдірсем де жалынға сап,
Қасқыр боп таласа да мені азап.
Туған жер топырағында тік-тік өскен,
Қара емен қасарысқан мен бір қазақ.
«Туған жер» әні Назерке
1-жүргізуші:
Ақынның жан түкпірінен жаңғырып, жанартау боп атылғанына майдан даласында
жазылған «Қоштасу», «Сарыарқа», «Орал», «Елге хат», «Ғалиға хат» өлеңдері,
«Сен фашиссің», «Үстімде сұр шинелім» «Абдолла» поэмалары куә.
«Сен фашиссің...» өлеңі Сұмағұл Бақыт
2-жүргізуші: Өткенді жаңғыртып қопарудың қажеті де болмас. Дегенмен Қасым
тірісінде де, өлгенде де жолы көп болыңқырамаған ақын.
Қасымның майдан жырларының лирикалық кейіпкерлері. Отан қорғау жолында қажу
мен шаршауды білмейтін, кеудесі кек пен ызаға толы, аса қайратты жан.
Бармын мен бұл дүниеде, жүрмін тірі,
«Жоқсың» деп жала жабар қудың бірі.
Түссем де отқа, суға тозар емен,
Солдаттың етегіндей жаным сірі- деген өлең жолдарында сескену, қоқу дегенді
білмей соғыстың ауыртпалығын көтеріп жүрген ақын.
«Үстімде сұр шинелім» өлеңі Қуанышбеков Бақтияр
1-жүргізуші:
Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,
Өкінем ұқсата алмай келемін деп.
Күніне жүз ойланып, мың толғанам
Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп.
Қандай адалдық, шыншылдық, қандай терең ой, отты сезім! Бар ғұмырын еліне,
өлеңіне ғана арнаған, "барым да, бақытым да өлеңім" деп білген ақынның одан
өткен куанышы мен уайымы жоқ. Барын да, бақытын да өлең деп білген Қасым
бар өмірін әдебиетке арнады. Оның қиындығын да жасырмады. "Нар тәуекел" деп
"қиынға кұлаш ұрды". Өмірді шексіз сүйген ақын ауру шағында да рухани
күйзеліске берілмей:
Нұрлы дүние – думанды елім,
Жарқылдайсың жас айбынмен.
Бір сен үшін туған едім,
Бір сен үшін жасаймын мен,
– деп жазды. Қандай өр рух, қандай сәулетті сезім!
«Нар тәуекел» өлеңі Фариза
«Өлең туралы» өлеңі Мираш Жәнібек
2-жүргізуші:
Қазақ даласы –Алтайдан Атырауға , Арқадан, Жетісуға дейін созылып жатқан
кең жазиралы, өнерлі өлке. Осы өлкелерде қаншама қасиет бар десеңізші!
Сарыарқа жері-Біржан сал, Ақан сері, Абай,Сәкен, Мағжан, Мәди, Қасымдар
сынды асылдар дүние есігін ашқан өлке.
«Сарыарқа » өлеңі Қанафина Жансұлу
«Қарағанды» өлеңі Боранбай Тұрсынай
1-жүргізуші:
Майданнан ақын өлмес өмір өлеңін айтып қайтты. Өзінің туған елі –
Қазақстанды, туған халқы – қазағын мақтан тұтты. Жүрегін өз Отанына деген
шаттық сезім билеген ол "елім бар, Қазақстан" деген сөздерді бар дауыспен
жар сала айтады:
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
«Қазақстан» өлеңі Сымбат
2-жүргізуші: Қасым соғыстан кейін ауыра бастайды. 1955 жылдың қаңтарында
аурудың жеңе бастағанын сезіп, «Осы қаңтардан аман өтсем, ұзақ жасаймын»
деп өзін-өзі қайраған екен. Олай ететін себебі, өзінің әкесі де 44 жыл өмір
сүріпті. «Қырық жыл қырғын келсе де, ажалы жеткен өледі» дегендей Қасым ұлы
қырғын соғыстан аман келіп, дәл қырық төрінде дүние салады.
1-жүргізуші: Қасым өткір мінезді, бұрқ-сарқ қайнап, дауылдап жүрген болса
керек. Музыкалық дарынаы ерекше болған. Жас шағында өзінің мондалині,
арнайы жасатқан баяны болыпты. Сауыққұмар Қасым татар әндерін ерекше жақсы
көріпті. Өзінің де сазгерлік қырының ашылуына осы жайлар әсер еткен болуы
керек. Ақын өзінің компазиторлығына ерекше мән бере қоймаған. Топ әндерінің
ішінен «Дариға, сол қыз» өлеңін ғана Әбілахат Еспаев нотаға түскен.
«Дүние жар» Жақсылық
«Ақ сәулем» әні
2-жүргізуші: Өлең жазған кезінде Қасы өзімен өзі жеке отырғанды ұнатады
екен. Түн кіре үйдегілерді жатқызып тастап, Сары самаурынды қайнатқызып
қойып жазады екен. Домбырасы да қолында. Шабыт шақырудың әдемі тәсілі-перне
бойына саусақ жүгірте ойланып отырып жазады екен.
Поэзия халықтың рухын көтереді. Қасым поэзиясынан халық жанының
батырлығын, жомарттығын, бауырмалдығын, мархабаттылығын, алғырлығын мол
табамыз. Бұл поэзияның тәрбиелік күші де көбінесе осы жағында. Қасымның
мейлінше жалынды, лепті, сыршыл поэзиясы-әр ұрпақтың да көңіл серігі бола
алатын, ұзақ жасайтын поэзия.
1-жүргізуші:
Дейсіңдер-ау! Қасымның несі басым?!
Қасым солай болмаса несі Қасым,
«Ақынмын » деп қопаңдап жүргендердің
Әммесінен Қасымның несі басым.
Қуат алып жырына бәз-даладан,
Ол жанған.
2-жүргізуші:
Күні жоқ-ты маздамаған!
Өлісінде өнеге болғаны анық,
Тірісінде біреуге жазған Адам...»
Жалын жұтып, жанын жеп жазған құрлы,
Өлеңінің өлмеуін арман қылды.
Тасқа басып қалдырды тәкаппар жан,
Қан менен жас аралас тарлан-жырды.
Жеді.
Тынды...
1-жүргізуші:
Кремет дерттер төніп,
Кең кеудеде кетті ғой кектер сөніп.
Қасым деген-қалғыған жанартау ғой,
Жанартау ғой.
Жанды да кетті өртеніп.
«Бір күй бар домбырамда ...»
(Иесі Қасым)
Қасым солай болмаса, несі Қасым!?
Жыр бәйгеге аттанған адам болса,
Сөредегі Қасымын есіне алсын!..
Мұқағали Мақатаев
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев ағамыз айтқандай даланың дауылпаз ақыны Қасым
ағамызды біз сияқты зиялы да білімді ұрпақтары тұрғанда ешқашан да
ұмытылмақ емес.
2-жүргізуші:
Қасым- көркем өнердің телегей теңізі.Ол өзінің өртке тиган дауылдай
өлеңдерімен бүкіл қазақ халқының асқақ рухын аспанға көтерді.Тумасынан
ұлтының ұлағатынан нәр алып, барлық болмыс-бітімімен қазақ болып жаралған
ақын.Еркіндікке ғашық, бостандыққа құштар, азаттықты аңсаған ақын.
1-жүргізуші.
Қасымның аңсаған арманы орындалды.Ақынның көзі тірісінде жетпеген арманына
ұрпағы, елі жетті.Қазақстан егеменді ел атанды.Қазақ елі өзге елдермен
керегесі кең, терезесі тең ел болды.Көк байрақты желбіретіп, көгінде қыран
құсын самғатты.
2-жүргізуші.
Немене айтып- айтпай көрген азап,
Қалмадым қирап, қуса тек жалғыз-ақ.
Мың есе білдірдің ғой қадіріңді,
Атыңнан айналайын , ата қазақ!
Қасымды туған халқы, ұрпағы ұмытпайды, мәңгі жүрегінде сақтайды.
1-жүргізуші:
Біздің әдеби кешіміз аяқталып келеді.кешімізге уақытын бөліп келіп
отырған қонақтарға ризашылығымызды білдіреміз.
Дауылпаз ақынның мұрасын қастерлеп, кейінгі ұрпақ ұмытпай жадында тұтуға
тиіс.Қасым ақын ғасырдан-ғасырға көшіп, Алаштың рухын асқақтатып бара
жатыр.
Осымен бүгінгі сіздерге арналған кешіміз аяқталды қош сау болыңыздар.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz