Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Елім менің сайысы.
Күні: 20.02.2015ж
Табырыбы: Елім менің
Мақсаты: Білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру.Сайыскерлердің ойлау,
сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру.Туған
жерін, Отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер
Барысы:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Халықтың кемеліне келіп
өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» - деп Шоқан ағамыз
айтып кеткендей, егеменді еліміздің болашағы, ертеңі тек қана білімді
жастар.
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар, - дегендей осы мақсатпен 2 «а»– сынып
оқушыларының арасында «Елім менің» атты білімділер сайысын өткізгелі
отырмыз. Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ал, оқушылар, ұстаздар,
Ортаға назар салайық.
Сайыскерлер шықпақ сайысқа,
Қол соғып қарсы алайық, - деп қошеметпен сайыскерлерді ортаға шақырайық.
Бүгінгі жарысқа екі топ қатысып отыр.Топтарды таныстырып өтейік.
І топ – Домбыра
ІІ топ - Тұлпар
«Елім менің» сайысының кезеңімен таныс болайық.
1.Таныстыру
2.Қызықты төрттік
3.Білгенге маржан, білмегенге арзан (жұмбақ жасыру)
4.Тіл өнері (мақал жалғастыру)
5. Кім шапшаң?
6. Кім жылдам?
Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса қалт айтпайды.
Әрқашанда нанымды – дей келе сайысымызды әділ бағалайтын қазылар алқасымен
танысыңыздар.
І.Таныстыру.
І топ – Домбыра
Ұраны: «Бабамның үні, бабамның тілі)
ІІ топ – Тұлпар
Ұраны: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Ойланайық азырақ,
Уақытты үнемдеп.
Кім шығады қанеки,
Қызықты төрттікке.
ІІ.Қызықты төрттік
(Нақты, толық, дұрыс жауап берген топқа 5 ұпайдан)
Қазақ тілі
1.Сұраулы сөйлемнің аяғына не қойылады? (сұрақ белгісі)
2.Жуан дауыстыларды ата (а,о,ұ,ы)
3.Жалқы есімдер қалай жазылады? (бас әріппен)
4.Сан есімнің сұрақтары (Неше? Нешінші? Қанша?)
5.Мәтіннің неше түрі бар? (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)
6.Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді? (қатаң, ұяң, үнді)
7.Жіңішке дауыстыларды ата. (ә, ө, ү,і)
8.Заттың атын білдіретін сөз табы. (зат есім)
9.Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (2)
10.Бес, алты, сегіз, екінші қай сөз табы? (сан есім)
Дүниетану
1.Өсімдік мүшелерін ата. (тамыр, сабақ, гүл. Жапырақ)
2.Түйенің төлі қалай аталады? (бота)
3.Көру мүшесі. (көз)
4. Есту мүшесі. (құлақ)
5.Үй жануарларын ата. (сиыр, бұзау т.б)
6.Адам тыныс алу үшін не қажет? (ауа)
7.Құстар қай мезгілде келеді? (көктемде)
8.Балды қай аң жақсы көреді? (аю)
9.Жұлдыз қай кезде пайда болады? (түнде)
10.Балық қайда болады? (суда)
Математика
1. Уақыт өлшем бірліктерін ата. (сағат, минут, секунд)
2. 60 пен 40 қосындысы (100)
3. 50 мен 20 қосындысы (70)
4. 200 жартысы (100)
5. 20 санын 7 арттыр (27)
6. 25 пен 5 сандарының айырмасы (20)
7. 42 неше таңбалы сан (2)
8. 7 онд 6 бірл тұратын сан (76)
9. 1 жылда неше ай бар? (12)
10. 1 жылда неше күн бар?(365 немесе 366 күн)
Ана тілі
1.Білім ұясы? (мектеп)
2.Қазақтың билерін ата. (Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би)
3.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)
4.Ел ордамыз (Астана)
5.Мемлекеттік тіл (қазақ тілі)
6.Жаңбыр жауарда аспанда қандай өзгерістер болады? (бұлттанады)
7.Отан туралы қандай тақпақ білесің?
8.Туған жер туралы мақал – мәтел
9. «Алтын ұяң – Отан қымбат» деп бастаған шешендік сөзді айтқан кім?
(Қазыбек би)
ІІІ. Білгенге маржан, білмегенге арзан
Жұмбақтар жасыру.
І топ.
1.Қанаты бар ұша алмас,
Құрлықта қаша алмас. (балық)
2.Жазда қыдырады,
Қыста тынығады. (аю)
3.Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көк киім.
Жаңбыр одан өтеді,
Түймелеуге жетпейді. (қырыққабат)
4.Ит сияқты пішіні,
Ұнатпайды ол кісіні. (қасқыр)
ІІ топ.
5.Білерімнің куәсі, білмесімнің куәсі,
Іші толған қолтаңба,
Алып шығам әр таңба. (кітап)
6.Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым. (сәбіз)
7.Орманда тұрады, өзі бір қу,
Жүрген жері айғай мен шу. (түлкі)
8.Аяғы бар, басы бар,
Арқалаған тасы бар. (тасбақа)
ІҮ.Тіл өнері
Мақалды жалғастыру
І топ.
1.Тұз астың дәмін келтірсе,
Сөздің сәнін ....... келтіреді (мақал)
2.Ас атасы - .... (нан)
3.Білім - өмір ..... (шырағы)
4. Оқу инемен құдық ...... (қазғандай)
ІІ топ
5.Кітап – білім ..... (бұлағы)
6.Ұрлық түбі - ..... (қорлық)
7.Еңбектің наны тәтті, ...... (жалқаудың жаны тәтті)
8. Дені саудың ..... (Жаны сау)
Ү.Кім шапшаң?
(Оқушыларға берілген суреттерді құрастырып, сол суреттен ертегі тақырыбы
шығады.Сол ертегіні мазмұндап айтып беру)
ҮІ.Кім жылдам?
А әрпі Қ әрпі
1.Атың кім?
2.Қалтаңда не бар?
3.Досың кім?
4.Нені жақсы көресің?
5. Қайдан келдің?
6.Немен келдің?
7.Қандай кітап оқисың?
8.Қандай гүлді білесің?
9.Ән айта аласың ба?
10.Бос уақытыңда немен айналысасың?
Қорытынды:
Жарқырап жұлдызымыз жана берсін,
Қазылар бізге әділ баға берсін.
Осындай жақсы қызық ойын сайыс,
Алда да өз жалғасын таба берсін, - деп әділқазылар алқасы «Елім менің» атты
сайысымыздың жеңімпазын анықтайды.
«Келешек білімді ұрпақ қолында» екендігін Елбасымыз халқына Жолдауында атап
көрсеткен болатын. Еліміздің ертеңі, Тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын
келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар елдің жалауы ешқашан
еңкеймек емес.Алдағы уақытта да тек қана биіктерден көріне бер деген ізгі
ниетпен біз сайысымызды аяқтаймыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz