5-сынып оқушылары арасында Paint графикалық редакторында өткізілетін Сурет салам шаттана сайыс сабағы

№21 орта мектеп

Сыныптан тыс сабақ

Тақырыбы: «Сурет салам шаттана»

5 сыныптар

Информатика пәні мұғалімі: Инятова Э

2015 жыл

Сабақтың тақырыбы: «Сурет салам шаттана» сайысы

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін нығайту, өз ойларын тиянақты жеткізе алуға, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың тапқырлық, ізденпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта

Түрі: сайыс сабақ

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 5-сыныптар арасында өткелі отырған «Сурет салам шатана» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Бақ пен бап сыналар бұл сайысқа қатысып отырған қатысушыларға сәт сапар тілей отырып, командалармен таныс болыңыздар.

5 а сынып

5 б сынып

5 г сынып

Сурет салу өнері өте ертеден бастау алатын көне өнерлердің бірі. Сурет салу біреулерге атақ абырой әперіп, атын тарихта қалдырса, біреулер үшін хоби түрінде жәй ермек іспеттес. Қалай болғанда да сурет салып парақ шимайламаған адам жоқ шығар сірә. Суретті құмға да, бояумен немесе жәй қарандашпен де салуға болатыны сурет пәнінен белгілі. Олай болса бүгін суретті компьютерде салып орындаймыз. Сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар.

І. «Сәлем сөздің атасы». Әр топ өздерін таныстырады.

ІІ. «Қай сөз артық». Артық сөзді табу.

ІІІ. «Кім білімді». Топтарға сұрақтар беріледі.

ІҮ. « Ғажайып командалар». Топ басшысы «Қыс мезгілінің» суретін салады, командалары көмектеседі, қандай құралды пайдаланғаны жайлы ату.

Ү. «Ойланда тап» бөлімі

Олай болса сайысымызды бастаймыз. «Батылдық балалық шақтан басталады» десек, баланы бала ететін тәрбие құралының бірі ойын екендігі белгілі. Бүгінгі ойын түрінде өткелі отырған сайысымызды бастайық. Алдымен ойынға қатысатын оқушылармен танысайық.

І тур. «Сәлем сөздің атасы». Әр топ өздерін таныстырып өтсін.

ІІ тур. «Қай сөз артық». Артық сөзді табу керек және әріптердің орынын ауыстырып дұрыс сөздерді шығару.

Intpa-Paint

Суетр-сурет

Юенм -меню

Рындашка-карандаш

Ықсыз-сызық

Қысиқ-қисық

Иплсэл-эллипс

Кішрікбү-бүріккіш

Бұртөыышрт-төртбұрыш

ІІІ. «Кім білімді». Топтарға сұрақтар беріледі.

І. топ 5а-сынып

1. Paint-cурет салу неше кезеңнен тұрады? (5)

2. Үнсіз келісім бойынша кескіннің түсі қандай болады? (қара)

3. Сурет салуға арналған программа? ( Paint)

ІІ. топ 5 б -сынып

1. Түстер палитрасы нешеу? (28)

2. Фонның түсі? (ақ)

3. Paint программасын іске қосу командасы? (Іске қосу-Программалар- Стандартты- Paint)

ІІІ. Топ 5 г-сынып

1. Құралдар жиыны нешеу? (16)

2. Paint- қандай редактор? (Графикалық)

3. Суретті сақтау командасы? (Файл-сақтау)

ІҮ. « Ғажайып командалар». Топ басшысы «Қыс мезгілінің» суретін салады, командалары көмектеседі, қандай құралды пайдаланғаны жайлы айтады?

Ү. «Ойланда тап» бөлімінде кестеде әртүрлі түспен, әр-қалай ретпен әріптер орналасқан, осылардан Paint графикалық редакторының құралдарының атын аламыз.

1. Өшіргіш 2. Қарындаш

3. Қисық 4. Масштаб

5. Бүріккіш 6. Эллипс

7. Құю

Жеңімпаз топты марапаттау.

https://lh4.googleusercontent.com/-Fo7TMwLO81iJw3FVB0gTIWi56sziAztjpZ5HIAEvUp0Dnd72AwTvOLD5KIFlMTlmrRO_hQhsLtlB0e_26gzm8sSjkmqilk4JvBtLSlRo4j3_Kuh7P4JwXacNekjl_OSMunS07o


Ұқсас жұмыстар
Paint графикалық редакторында сурет салу: қайталау сабағының сабақ жоспары
Paint графикалық редакторында сурет фрагменттерімен жұмыс: 5-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары
Paint графикалық редакторында үзінділермен орындалатын әрекеттер бойынша сурет салу: қорытынды сабақ
5-сынып: Paint графикалық редакторы - сурет үзінділерімен практикалық жұмыс
5-сынып информатика сабағы: Paint графикалық редакторының сурет салу құралдары мен практикалық жұмысы
5-сыныпқа арналған сабақ: PAINT графикалық редакторы - сурет салу, ашу және сақтау
5-сынып: Paint графикалық редакторы - сурет салу, сақтау және ашу
Word құжаттарында кестелерді құру мен редакциялау және Paint графикалық редакторында сурет салу әдістері
5-сынып: Paint графикалық редакторында суреттің үзінділерін ерекшелеу және олармен жұмыс істеу
Информатика, 5-сынып: Paint графиктік редакторында практикалық жұмыс - сурет салу дағдыларын пысықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz