Сабақ жоспары :: Музыка

Файл қосу

"Мемлекеттік рәмізім- мақтанышым!"

Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Архарлы орта мектебі
Орынбаева Қ.Б.
Тақырыбы: <<Мемлекеттік рәмізім- мақтанышым!>>
Мақсаты: 1. Қазақстан Республикасының жеткен жетістіктері туралы оқушылардың білгендерін ортаға салу; 2. Оқушыларды Отанды сүюге, мемлекеттік рәміздерін: Ту, Гимн және Елтаңбасын қастерлеуге, құрметтеуге үйрету; 3. Оқушыларды атамекенін, туған жерін, елін сүюге құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының мемелкеттік рәміздерінен слайдтар, суреттер, карта, нақыл сөздер, оқушылардың салған суреттерінен көрме ұйымдастыру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім: Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! <<Мемлекеттік - рәмізім, мақтанышым!>> атты ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер! / балаларға қарап/
- Балалар, біз бұдан бұрын Отан, туған жер, еліміздің рәміздері туралы тәрбие сағатын өткен болатынбыз.Кәнеки, балалар есімізге түсіріп көрелік!
- Біз қай мемелкеттің азаматымыз?
- Қазақстан!
-Ұлтымыз кім?
-Қазақ.
- Мемлекеттік тіліміз ше?
- Қазақ тілі.
- Балалар, Қазақстан республикасының жері туралы не айтар едіңіздер?
1-оқушы: Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті мемлекет сияды. Мысалы: Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Португалия, Испания, Италия.
Жер көлемі жағынан Біріккен Ұлттар Ұйымы 180 мемлекеттің ішінде 9-шы орында, ал ТМД елдері бойынша 2-ші орында.
Мұғалім: - Республикамыз неше мемлекетпен көршілес?
2-оқушы: - Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес, олар: (картадан көрсетеді) Ресей, Қытай мемлекеті, Өзбекстан, Қырғызстан, Туркменстан.
Мұғалім: Елімізде неше ұлт өкілдері туралы?
3-оқушы: Елімізде 130 ұлт өкілдері тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 85 ірі қалалар бар. /№1слайд көрсетіледі/
Мұғалім: - Ал біздің астанамыз қай қала?
4-оқушы: Ел ордасы - Астана қаласы.
Қазақстан туған елім,
Алтын бесік- Ақ ордам.
Даңқың сенің арта берсін,
Елім менің жаңарған.
Мұғалім: Біздің еліміздің байлығы туралы не білесіңдер?
5-оқушы: - Біздің Қазақстан Республикасы өте бай мемлекет. Бізде алтын, темір, мырыш, күміс, көмір, мақта, газ, мұнай, бидай, яғни бір сөзбен айтқанда Менделлев кестесіндегі105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі. Қазақстанда 6000-астам пайдалы қазбалар бар.
- Ей, қазақтың ұланы,
Болғайсың дала қыраны.
Жер-суын қорғау бабаның,
Емес пе, өзі басты ұраны!
Мұғалім; Ал енді, балалар еліміздің рәміздері туралы не айтар едіңдер?
6-оқушы: - Еліміздің өзіне тән Туы, Елтаңбасы жәнен Мемлекеттік Гимні бар. /№2 слайд көрсетіледі/ Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көгілдір түсті. Онда алтын күн бейнесі, шарықтай ұшқан дала қыраны және ұлттық ою-өрнек нақышталған тік жолақ бар.
Тудың көгілдір түсі - бұлттсыз ашық аспан, бейбітшілік белгісі. Күннің нұр шұғыласы- байлық пен берекенің, тыныштықтың пен жылылықтың белгісі. Қыран бүркіт- тәуелсіздіктің, өрнек- салт-дәстүріміздің белгісі,
Тудың авторы -Шәкен Ниябеков.
Айнымайды аспанан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.
Көк аспанда алтын күн,
Көк аспанда жас қыран.
Естілгендей біздің үн,
Сол ғарыштың астынан.
Туымызға жас туған,
Бір қарамай өтпейміз.
Сол көк тудың астында ,
Көгереміз, көктейміз.
7-оқушы: Қазақстан Республдикасының Елтаңбасының авторлары Жандарбек Мәлібеко пен Шота Уалиханов.
Қазақстан Республикасының Елтаңбасының - бастысы- шаңырақ. Шаңырақ киіз үйдің күмбезі - күн бейнесін , ал уықтары одан тарап жатқан алтын сәулелері. Қазақта <<Ат- адамның қанаты>> деген мақал бар. Елтаңбадағы тұлпар бейнесі дала пырағы, оның шапшаңдығы ер жігітті тәуелсіздікке жетелейді. Бесбұрышты жұлдызы әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы сияқты. Күн мен айды, жұлдызды кие тұтатын халқымыз <<жұлдызымыз жарқырай берсін>> деген асыл арманын айтып тұрғандай. Ал төменгі жағында <<Қазақстан>> деген сөз бар. Қазақстан Мемлекеттік Елтаңбасының реңдік белгісі екі түсті: алтын және көгілдір түсті.
Алтын қанат көмкөрген,
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бейне сен көрген,
Жәй бейне емес, ұғып ал.
Көгілдір түс аясы
Бейбіт дала елесі.
Шаңырақ- жұрт панасы,
Уықтар күн сәулесі.
8-оқушы: - Мемлекеттік Гимннен халқымыздың ұлттық мінезі, асыл аңсары тәңірлік тіл мен төгіліп жатқанын көреміз. Гимн тек әуеннен тұрмайды. Оның өлеңі де қасиетті, Гимнде халқымыздың еркіндік жолында ерлікпен күресіп, тәуелсіздігін сақтап қалғаны, халқымыздың дархандығы, татулық пен достықты ұран еткені айтылған.
Мемлкеттік Гимннің сөзін жазғандар: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов, әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.
ХОРМЕН: Қазақстан
Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі
Әнұранымен айбатты.
Ән орындалады. Е.Хасанғалиев <<Атамекен>> орындайтын оқушылар хоры.
Мұғалім: Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы не айтар едіңдер? /№3 слайд/
9-оқушы:- 1991 жылғы желтоқсанның бірінде Қазақстанда Президенттік сайлау болған. Оның қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаев елеміздің Тұңғыш Президенті Қазақстан тарихында бүкіл халық қатысқан жасырын дауыс арқылы сайланды.
10-оқушы: - 1999 жылы 10қаңтарда екінші рет Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып екінші рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қайта сайланды.
Туған жерім, жырымсың,
Туған елім тынысым.
Мәңгі қымбат ұғынсын.
Ардақтысың ұлысың...
Ана тілім ардағым,
Туған жерім аруаңым.
Болса осылар елімде,
Нұрланадлы алда күн.
Мұғалім: - <<Отан- от басынан басталады>> дедік. Кім айтар екен, <<отан дегеніміз не?>>
11-оқушы: - Отан- әр адамның жүрегіне тиер жылы, қасиетті сөзі Отан- дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған- туысқандарымен бірге тұратын атамекені. Сондықтан әрбір адам үшін дүниедегі қасиетті де киелі ұғым-Отан.
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз өсірген елемезді.
Отан дейміз туған жер, атамекен,
Биік тау, орман, тоғай, көгімізді.
Отан дейміз кең байтақ астананы
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Ән орындалады <<Тәуелсіз Қазақстан>>
Мұғалім: Еліміздің рәміздерін: Көк байрағымыз бен Елтаңбамызды, Мемлекеттік Гимнді өз жанымыздай қастерлеу, оған зор құрметпен қарап, тұмардай сақтау- бәріміздің абыройлы міндетіміз.
Әсіресе, елеміздің ертегі болашағы, сендер үшін бұдан асқан мақтаныш болмаса керек. Сондықтан да сүйікті Отанымыздың мемлекеттік рәміздерін қастерлеп, мақтаныш тұтып, ондағы бейнеленген өрнектердің мән- мағынасын, түс- реңін жақсы біліп жүрген жөн.
Ән орындалады <<Атамекен>>


Ұқсас жұмыстар
Елтаңбаның авторлары
Рәміздерім-мақтанышым жайлы
Мақтанамын әлемге
Тарихы терең төлтаңбам
Коучинг "блум таксономиясындағы түрткі сұрақтар"
Рәміздерім мақтанышым жайлы ақпарат
Танылды бар әлемге қазақ бүгін
Менің елім, менің Қазақстаным
Рәміздерім-мақтанышым туралы ақпарат
Қасиетті менің ана тілімде
Пәндер