Мүктәріздес өсімдіктер: құрылымы, түрлері және көбеюі

Сабақтың тақырыбы: Мүктәріздес өсімдіктер бөлімі.

1. Білімділік мақсаты:Оқушыларға мүктәріздес өсімдіктердің сан алуандығын түсіндіру.

2. Дамытушылық мақсаты:Оқушының білімді өздігінен меңгерту, интерактивті тақтамен, компютерлік оқулықпен жұмыс жасатуға дамыту.

3. Тәрбиелік мақсаты:оқушыларды мүктәріздес өсімдіктермен таныстыру, оқушыларды сыйластыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:а) ұйымдастыру

ә) үй тапсырмасын сұрау

б) үй тапсырмасын бекіту

в) жаңа сабақты түсіндіру

г) бекіту сұрақтары

д) зертханалық жұмыс,

е) тапсырмалар

ж) үйге тапсырма

з) бағалау

Көрнекілігі:интерактивті тақта, компьютерлік оқулық, тірек-сызба, микроскоп, дайын прокаттар, тест тапсырмалары.

Үй тапсырмасын сұрау, үй тапсырмасын бекіту сұрақтары.

Жаңа сабақ түсіндіру

Жоғары сатыдағы өсімдіктер үлкен екі топқа бөлінеді:

1. Споралы өсімдіктер

2. Тұқымды өсімдіктер

Споралы өсімдіктерге мыналар жатады:мүктер, плаундар, қырықбуындар, қырықжапырақтектестер.

Тұқымды өсімдіктерге мыналар жатады:ашық тұқымды өсімдіктер, жабық тұқымды өсімдіктер.

Мүктер жер бетінің барлық жерлерінде кездеседі. Әсіресе ылғалы мол жерлерде бітік өседі. Орманның батпақты жерлерінде мүктер жер бетін тұтас жауып жатады.

Мүктерді зерттейтін «бриология»(грекше«бриос»-мүк, «логос»-ғылым) дейді. Неміс ботанигі И. Гедвиг 18 ғасырдың соңында мүктер туралы ғылымның-бриологияның негізін қалады.

Мүктәріздестер-аласа болып өсетін көпжылдық, сирек жағдайда біржылдық өсімдіктер.

Мүктердің биіктігі 1 мм-ден 70 см-ге дейін жетеді.

Мүктердің мынадай түрлері бар:көкек мүгі, шымтезек мүгі, бауырмүк, антоцера, жапырақсыз мүк.

Мүктердің басым көпшілігінің сабағы мен жапырағы болады. Оларда тамыр болмайды. Тамырдың қызметін ризиодтары(грекше«риза»-тамыр, «эйдос»-түрі) атқарады.

Мүктің құрылысы:1. сабағы 2. жапырағы 3. ризоид

Ризоид-бірнеше жасушалардан тұратын жіңішке жіп тәрізді сыртқы қабықтың өсіндісі. Ризоид арқылы топырақтан суды және онда еріген минералды заттарды бойына сіңіреді. Мүк сабағының сыртын бір немесе бірнеше қатар жасушалардан тұратын қабықша жауып тұрады. Бұл жасушалардың хлорофилдері болмайды. Қабықшаның астында жасушалары хлоропластарға толы, жақсы жетілген фотосинтездеуші ұлпа орналасады. Өткізгіш, тірек, қор жинаушы және жабын ұлпалары нашар жетілген.

Көкек мүгі (жасыл мүк) Жасыл мүкті «көкек зығыры»деп те атайды. Көкек зығыры деп аталу себебі:сабақ ұшындағы қалпақшасының жиектері зығыр тамшығы тәрізді жіңішке тілімделген. Көкек мүгі-екіүйлі өсімдік. Аталық гүлдер бір өсімдікте, аналық гүлдер екінші өсімдікте дамыса-екі үйлі өсімдік деп аталады. Аталық өсімдік-көпжылдық, ал аналық өсімдік біржылдық болып келеді. Көкек мүгінің биіктігі 40 см. Сабағы бұтақтанбайды. Сабағында тірек ұлпасы болады. Көкек мүгі топыраққа ризоидтары арқылы бекінеді. Топырақтан ризоидтары арқылы суды және онда еріген минералды заттарды сіңіреді. Жапырақ жасушаларында хлорофилл дәндері бар. Жапырақтар арқылы ауадан көмірқышқыл газын сіңіреді. Соның нәтижесінде олардың хлоропластарында фотосинтез үдерісі жүріп, ағзалық зат түзіледі.

Жынысты көбею-гамеофит

Жыныссыз көбею-споро

Бекіту сұрақтары

1. Мүктәріздес өсімдіктер қандай өсімдіктерге жатады?

а. тұқымды ә. споралы б. гүлді өсімдіктер

2. Мүктерді зерттейтін ғылым?

а. бриология ә. микология в. михенология

3. Мүктерде тамырдың қызметін не атқарады?

а. спора ә. ризоид б. қауашақ

4. Көкек зығыры немен тозаңданады?

а. желмен ә. жәндіктермен б. сумен

5. Көкек зығырының зиготасынан не түзіледі?

а. споралары бар қауашақ ә. тұқым б. ұрық


Ұқсас жұмыстар
Тұқым мен жеміс: түрлері, көбеюі және экологиялық маңызы
Дәрілік өсімдіктер: пияздың түрлері, емдік қасиеттері және қолданылуы
Сүйекті балықтар класы: сыртқы және ішкі құрылысы, көбеюі, түрлері және кәсіптік маңызы
Өсімдіктердің көбеюі: тұқымдық және вегетативтік әдістері
Өсімдіктердің көбеюі: тұқымдық және вегетативтік жолдар
6-сынып биологиясы: өсімдіктер сабақтарының түрлері мен құрылысы
Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі: ұрықтану, зигота және вегетативтік көбеюдің маңызы
Плаунтектес өсімдіктердің құрылысы, көбеюі және практикалық маңызы
Мінездеме: түрлері, құрылымы және рәсімдеу ережелері
Автокөлік кәсіпорнының түрлері, ұйымдастырушылық құрылымы және міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz