Ән сабағы: Күләш Байсейітова мен Шара Жиенқұлова арқылы өнер, өлең және сөйлем құрылымын меңгерту

Сабақтың тақырыбы: Ән сабағы. Сөйлем

Сабақтың мақсаты. 1. Қазақтың атақты әншісі Күләш Байсейітова мен би

өнерінің негізін қалаған Шара Жиенқұлова туралы

түсінік беру.

Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға машықтау. Сөйлем

туралы білімдерін толықтыра түсу.

2. Көркем, сауатты жазуға төселдіру. Ойлау, есте сақтау

қабілеттерін арттыру.

3. Өнерге деген құштарлығын ояту. Ұқыптылыққа,

шапшаңдыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: сызба, Күләш Байсейітова мен Шара Жиенқұлованың

портреттері, үнтаспа, пластинка, техникалық құрал.

мақал жазылған плакат.

Сабақтың түрі: аралас сабақ (сауат ашу, музыка, қазақ тілі сабақтарымен байланыстыру)

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.

2. Жаңңа сабақ

Өнер дегеніміз не?

Сызбаны толтыру.

Осы өнердің ішінде көп тараған, елдің көз алдында жүрген әншілер.

  • Қандай әншілерді білеміз?
  • Ең сүйікті әншің кім?
  • Қандай әндерді сүйіп тыңдайсың деген сұрақтарға жауап алу.

Кіріспе әңгіме.

Күләш Байсейітова - қазақтың бұлбұлы атанған әнші. Күләш Байсейітова Жасанқызы - қазақтың атақты әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі.

Күләшқа әншілік музыкалық табиғи дарын кішене күнінен-ақ байқалған. Оның әкесі Жасан кезінде әнші болып, ел аралап, ән салған. Күләш әкесінің әндерін ынта қойып, құлақ салып тыңдаған. Кейбір әндерін орындап та жүрген.

Кейін педагогикалық институтқа түсіп, бір екі жылдың ішінде әнші - артістік үздік шеберлігімен көзге көрініп театрдың белгілі әншілердің қатарынан орын алады. Байсейітова - концерттік әнші ретінде де дүние жүзіне танылған шебер орындаушы.

Күләштың жасаған опералық образдар қазақ сахнасының оның кейінгі әнші - артістері үшін үлкен өнер мектебі болды.

Шара Жиенқұлова - қазақтың атақты биші, педагог, халық әртісі. Алматыда дүниеге келген.

Қазақ педагогика институтының тарих факультетін оқыған. Сахналық жолын оқып жүрген кезінде қазақтың Әуезов атындағы драма театрында бастайды.

Қазақ Абай атындағы опера және балет театрына ауысады. Онда «Брусиловскийдің», «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын» операсында ұлттық билерді орындады.

Қазақстанның Мемлекеттік ән-би ансамблін басқарған. Оның репертуарында әлем халқының билері де болды. Оның қойған билері «Балбырауым», «Маусымжай», «Айжан қыз» күйлерінің биін орындады. Қазақ әйелдері арасындағы тұңғыш шыққан биші.

  • Күләш Байсейітованың үнтаспадан әнін тыңдату.

Оның даусына көңіл бөлдіру.

  • Оқулықпен жұмыс
  • Оспанхан Әубәкіровтың «Ән сабағы» өлеңімен таныстыру.
  • Өлеңді оқыту, мазмұнын ашу
  • тізбектей
  • шумақтай
  • толық
  • Өлеңді әнімен орындалуын үнтаспадан тыңдату
  • Өлеңді әнімен қосып айтқызу
  • Сұрақтарға жауап беру
  • Мақалды оқу, мазмұнын ашу
  • Сұрақтарға жауап беру
  • Мақалды оқу, мазмұнын айту
  • Сергіту сәті (би қимылдары)
  • Сұрақтар арқылы сөйлем тақырыбын қайталу
  • Сызбаны толтыру

1 . Сөйлем дегеніміз не?

2 . Сөйлем неден құралады?

3 . Сөйлемдегі сөздер қалай

жазылады?

4 . Сөйлем соңына қандай

тыныс белгілері қойылады?

Көркем жазу. (дәптермен жұмыс)

Ю ю Ю ю

аю, ою, сүю, қию, тою, күшею.

Жаттығу жұмысы. (Көктемнің суреті тақтада тұрады) .

І. қатар - көктем

ІІ. қатар - бәйшешек

ІІІ. қатар - құстар

Құраған сөйлемдерін тақтаға жаздырту.

Бұл - мәтін. Оған ат қоюға болатынын ескеріп, ат қою.

Қорытынды тест. (кадаскоптан тексеру) .

1. Сөйлем неден құралады?

а. буыннан ә. сөзден б. дыбыстан

2. Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

а. сызықша ә. үтір б. нүкте

3. Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?

а. сөздер бір-бірінен бөлек

ә. сөздер бірге жазылады

4. «Балаларға» өленің кім жазды?

а. Жамбыл Жабаев

ә. Ахмет Байтұрсынов

б. Ыбырай Алтынсарин

5. Қуаныш Сәтбаев кім?

а. суретші ә. геолог мұғалім

Қорыту. Сызықпен сәйкестендір.

Ә. Қастеев қазақтың бишісі

К. Байсейітова қазақтың суретшісі

Ш. Жиенқұлова қазақтың әншісі

Үйге тапсырма. 1. Өлеңді жаттау

2. Өнер туралы мақал-мәтел жинақтау

3. Жаттығуды жазу

Бағалау. Гүл шоқтарымен.


Ұқсас жұмыстар
Ана тілі сабағы: Сөйлем, ән сабағы және мақал-мәтелдер (153-154 жаттығу)
Шара Жиенқұлова тақырыбындағы сабақ: мақсаттар, оқыту әдістері және бағалау
Жамбыл Жабаев шығармашылығы арқылы сөйлем түрлерін меңгерту сабағы
Өлең - сөздің патшасы: Абай Құнанбаевқа арналған өлең-ән поэзия кеші
Сөйлем және сөз тіркестері: табиғатқа экскурсия арқылы қайталау сабағы
1-сыныптың ашық сабағы Анаға сыйлаймыз: өлең мен ертегі арқылы тілдік және тәрбиелік мақсаттар
2 «В» сыныбына арналған ашық сабақ: Ән-күй (музыка) - сөздік жұмыс, ән орындау және домбыра арқылы оқыту
Отан туралы өлең арқылы отан ұғымын қалыптастыру және сөздерді тасымалдау дағдыларын дамыту
9-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы: Шешендік өнер және шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем сабақ жоспары
Ашық сабақ: Қанабек Байсейітовтің Күләш әңгімесі мен Күләштің өнерге қосқан үлесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz