Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – желтоқсан

Есік гуманитарлық - экономикалық колледжі

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы:
<<Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан>>

Тобы: 110,210,310
Күні:20.12.2014ж.
Информатика мұғалімдері: Бейбіт Татина
Смагулова Макпал
Ужазов Ерсін
Хатран Ерболат



2014-2015 оқу жылы
Тәрбие сағатының тақырыбы: <<Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан>>
Мақсаты: Оқушыларға желтоқсан естеліктері арқылы ұлтжандылық тәрбие беру, отаншылдыққа рух беру.
* Жүршізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, қонақтар!
* Жүргізуші: Қайырлы күн ел тарихын зердесіне тоқыған колледж шәкірттері!
* Жүргізуші: Бүгін колледж қабырғасында ерекше күн. Тұғырлы тәуелсіздігіміздің мерейлі мерекесі-әр Қазақстандықтың жүрегін шаттыққа бөдейтін дүбірлі оқиға. Егемен еліміздің бүгінгі шуақты күндеріне жету оңай балмағаны баршамызға мәлім.
* Жүргізуші: Баянды тәуелсіздігімізге жол ашқан тарихымыздың 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының барлық қатысушыларына мың алгыс. <<Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан>> атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
ҚР-ның Әнұраны орындалады.
* Жүргізуші: Бойымда жігер, тұрғанда сенім,
Жалындап өтем, жолыңда сенің!
Өзіңсің мәңгі бақытым, барым,
Аяулы Отан, ардақты елім!
* Жүргізуші: Қойнауың толы қазына байлық
Айналдым сенен асқар тау белім.
Бойында қайрат, тұрғанда сенім,
Құрбаның болам жолыңда сенің.
Баяндама оқу үшін сахнаға 210 топ студенті Жақсылықова Айжамал
* Жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы мәңгілік. Біз желтоқсан оқиғасын ешқашан есімізден шығармаймыз. Жылдар өткен сайын Желтоқсан оқиғасы айқындала түсуде. Құрбан болған ерлеріміздің бейнесі сол жас қалпында есімізде мәңгілікке сақталады. Көтеріліске шыққан жастар-тәуелсіздік иесі. Болашағымыздың нұрландырған, тәуелсіздігін әперген азматтарымызды біз ұмытуға тиіс емеспіз
* Жүргізуші: Еске алайық халайық біз тік тұрып,
Жас қыршын Қайрат, Ләззат, Сәбира, Ерболды.
Шырылдап елі үшін жанын қиған,
Тәуелсіздік күнінің құрбандарын!!

1-минут үнсіздік.(Тік тұрып еске алу)
* Жүргізуші: Жас арудың талабында желтоқсан,
Қанды ғасыр талабында желтоқсан,
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында желтоқсан.
* Жүргізуші: Намысымның шырағында Желтоқсан
Cұрқолт өмір сынағыда Желтоқсан
Жігіттіктің ұраны да Желтоқсан
Жаңа күннің шуағыда Желтоқсан
Көрініс <<Қазақ жастарының алаңға шығуы>>
* Жүргізуші: Жалғыз отан адамның жүрегінде ғой,
Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой
Ел үшін Желтоқсанда құрбан болған
* Жүргізуші: Ербол, Қайрат - нағыз ердің бірі еді ғой
Сәбира, Ләззат сынды жауқазындар
Жетілмей ерте солған гүл еді ғой
Ән <<Қара бауыр қасқалдақ>> орындайтын 110 топ студенті Нұрбаков Думан
Сахнаға өлең шумақтарын оқу үшін
1.Қайрат Рысқұлбековка арналған өлең жолдары 310 топ студенті Сәрсен Гүлжан
2.Сабира Мұхамеджановаға арналған өлең жолдары 110 топ студенті Кермешова Жұлдыз
3. <<Желтоқсан жыры>> 310 стденті Бияхметов Сабыржан
4. <<Желтоқсан>> 110 топ студенті Дарубай Айзада
2- Жүргізуші: Желтоқсаншылардың бәрі де бір - бір батыр еді. Олар қара бастарының қамын ойлаған жоқ. Солардың бірі - бүгінгі тарибие сағатымызға қатысып отырған желтоқсан оқиғасының куәгері болған
--------------------------------------------------------------------------------

1-Жүргізуші: Уақыт деген осы күнше асығып, көп нәрсені көңілден де, өмірден де өшіріп келеді.
2-Жүргізуші: Тәуелсіздік жолы - қасиетті жол, үміт жолы-қазақ елінің мәңгілік тарихы:
Ән: <<Желтоқсан желі>> 110 топ студенті Дарубай Айзада
* Жүргізуші: Желтоқсанда мұздап едім,
Мені ешкім жылытпады,
Мен де жібір емеспін.
Ар жағында ажал деген белестің,
Бұлықты үні сол бір ару елестің.
* Жүргізуші: Бұлығады әлденені ұқтырып ,
Жігеріңе жарасады мықтылық.
Не жұқса да уақыттан жұқтырып,
Мезі қылдың кеңістікті күттіріп.
Ән: <<Жаса қазағым>>
* Жүргізуші: Ұлттың намыс бастау көзін ашқан - біз,
Халқымызбен, салтымызбен асқармыз.
Сексен алты Желтоқсанның жаңғыртып,
<<Қазақ>> деген <<Азат>> жастармыз.
* Жүргізуші:Өсер елдің қай сәтте де беріліп болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.

Ән <<Көк тудың желбірегені>>

Ашық тәрбие сағатымызда өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар.

Ұқсас жұмыстар
Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым -желтоқсан! 6 сынып
Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым - желтоқсан жайлы ақпарат
Желтоқсан - қасіретім, ар намысым, мақтанышым
Қайрат Рысқұлбеков қазақ хаһарманы
Тәуелсіздік монументі
Ата - аналармен серіктестікте жұмыс жасау тәжірибемнен
"тәуелсіздік - тірегім" сынып сағаты 7 сынып
Елбасы ел қалауы-тірегіміз
Мұхтар шаханов. «отырар»поэмасы. «төрт ана». «желтоқсан тағылымы». 5-сынып
Оқушылар үнтаспаға қосылып Атамекен әнін айту
Пәндер