Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

Мазмұнды есептерді теңдеу құру арқылы шешу

Шамелова Гүлбадан Оразайқызы -
326707576200жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі, тәжірибелі ұстаз. Өз пәнінің білікті маманы. Еңбек өтілі 26 жыл. Жемісті еңбегі үшін бірнеше рет аудандық білім бөлімі, облыстық білім департаментінің құрмет грамотасымен, Мақтау қағаздарымен марапатталған. Облыс, аудан мұғалімдерімен тәжірибе бөліседі. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Сабақтың тақырыбы: Мазмұнды есептерді теңдеу құру арқылы шешу.
Сабақтың мақсаты:
1) білімділік: мазмұнды есептерді теңдеу құру арқылы шешу дағдысын қалыптастыру;
2) дамытушылық: оқушылардың тез ойлап, нақты нәтижеге жете білу дағдыларын, сабақ үстіндегі өз еңбегін ұйымдастыра білу қабілеттерін дамыту.
3) тәрбиелік: оқушылардың өзін-өзі тану белсенділігін жетілдіру; рухани-адамгершілік қасиеттерді насихаттау, математикалық мәдениетке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың түрі : интегративтік
Оқытудың әдісі: практикалық
I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Ауызша сұрақ-жауап.
III. Үй тапсырмасын тексеру
IV. Ойтүрткі
V. Интеллектуалды модельдеу.
VI. Сергіту сәті
VII. Тест тапсырмалары
ҮІІІ. Сабақтың қорытындысы
ІX. Үйге тапсырма.

Сабақтың кезеңдері:
I. Оқушылармен амандасу, түгендеу, психологиялық тұрғыда сабаққа дайындау. Оқушылар деңгейлері бойынша топқа бөлініп отырады, топ басшылары тағайындалады. Сабақтағы ұстанымға тоқталу: <<Адамның алдында ақылға апаратын үш жол бар: ойлау жолы, бұл ең жақсысы; ұқсау жолы, бұл - ең жеңілі; жеке тәжірибе жолы, бұл - өте жауаптысы>> (Конфуций). Олай болса сабақ барысында әр оқушы өзі таңдаған жолмен жұмыс жасайды.
II. Ауызша сұрақ-жауап кезінде қойылатын сұрақтар:
1. Теңдеу дегеніміз не?
2. Теңдеудің түбірі деп нені айтамыз?
3. Теңдеуді шешу дегеніміз не?
III. Үй тапсырмасын тексеру
1) 252 : х - 11 = 25 2) (15 х - 22) : 19 = 2 3) 86 - 49: (2х - 5) = 79
252 : х = 36 15 х - 22 = 38 49 : (2х - 5) = 7
х = 252 : 36 15 х = 60 2х - 5 = 7
х = 7 х = 60 : 15 2х = 12
252 : 7 - 11 = 25 х = 4 х = 6
(15 * 4 - 22) : 19 = 2 86 - 49: (2*6 - 5) = 79

4) 28 . (х + 5) = 224 5) 144 : (х - 3) = 36 6) (х + 67) : 18 = 4
х + 5 = 224 : 28 х - 3 = 144 : 36 х + 67 = 4 . 18
х + 5 = 8 х - 3 = 4 х + 67 = 72
х = 3 х = 7 х = 5 .
28 . (3 + 5) = 224 144 : (7- 3) = 36 (5 + 67) : 18 = 4
IV. Ойтүрткі (математикалық эстафета)
Ойтүрткі кезеңінде әр топқа 3 есептен тұратын тапсырмалар беріледі:
1. 25 . (х + 3) = 150 х = 3
2. 169 : (х - 3) = 13 х = 16
3. (х + 97) : 28 = 4 х = 15
4. 14 . (х + 9) = 168 х = 3
5. 121 : (х - 3) = 11 х = 14
6. (х + 27) : 15 = 4 х = 33
7. 54 + х + 32 = 96 ; х = 10
8. 78 + 3х = 104+25; х = 17
9. х + 3х + 3х + 29 = 155; х = 18
V. Интеллектуалды модельдеу.
Мәселе есептерді теңдеу құру арқылы шығарамыз.
І топ №193
ІІ топ №194
ІІІ топ №195.
ҮІ. Сергіту сәті:
3 топ бір-біріне кезекпен кезек алдын-ала дайындап әкелген сұрақтарын қояды
ҮІІ. Тест тапсырмалары
1. Әріпті өрнекті көрсет:
А) 3 . 27 + 118; Ә) 72 : 12 - 4; Б) 65 : а + 78
2. 285 - 185 өрнегінің мәнін тап:
А) 85 Ә) 100 Б) 102
3. 303 . 3а өрнегін ықшамда:
А) 909а Ә) 909 Б) 303а
4. 45 пен х сандарының қосындысы:
А) 45х Ә) 45 - х Б) 45 + х
5. Теңдеуді шеш: х - 54 = 100
А) х = 46 Ә) х = 45 Б) х = 56
6. Теңдеуді шеш: х : 17= 1
А) х = 1 Ә) х = 0 Б) х = 17
IX. Сабақтың қорытындысы:
<<Математика - барлық ғылымдардың бекзадасы. Оның сүйіктісі шындық, сәні - қарапайымдылық, ұстанары - айқындық>> дегендей бүгін біздің сабағымызда да осы қасиеттер орын алды деп ойлаймын. Сіздер қалай ойлайсыздар, балалар?

X. Үйге тапсырма. № 188,189


Ұқсас жұмыстар
Мазмұнды есептерді теңдеу құру арқылы шығару 5 сынып
Сабақтың кезеңдері
Қозғалыс есептері
Сенім қаласына саяхат
Мәтінді есептерді квадрат теңдеу арқылы шешу Сілтеме
Теңдеу, оны шешу. жанама түрде тұжырымдалған есептерді теңдеу арқылы шығару
АЛГЕБРАЛЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ӘДІСТЕРІ
Құрылған теңдеудің түбірлерін табу
Теңдеуге есептер шешу
Сыныптан тыс сабақтар
Пәндер