Сабақ жоспары :: Сурет, сызу

Файл қосу

Шеңберді тең бөліктерге бөлу

Мендешева Айгүл Еділбайқызы -
Біліктілігі жоғарғы деңгейдегі бейнелеу және сызу пәнінің жоғары санатты мұғалімі. Еңбек сүйгіш, бастамашыл, оқу үрдісін жандандырудың әдістері мен түрлерін жетілдіру бойынша үнемі жұмыс істейді. Оқушылардың шығармашылығын және өздігінен жұмыс істеуіне ынталандырады.

Сабақтың тақырыбы: Шеңберді тең бөліктерге бөлу.

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: оқушылардың білімін қалыптастырып қана қоймай, оларға тың мәліметтер беру.
ә) Дамытушылық: жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелілік: сызу арқылы оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
* Ұйымдастыру кезеңі.
* Үйге берілген тапсырманы тексеру.
* Жаңа тақырыпты түсіндіру.
* Тапсырмаларды орындау.
* Сабақты бекіту.
* Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
1. Психологиялық дайындық- Болашаққа саяхат. (5 минут видео көрсетілім)
-Оқушылар, осындай болашаққа қол жеткізгіміз келе ма?
-Ендеше ол үшін сабағымызды жақсы оқып, әсіресе сызу пәнін жақсы меңгеруіміз керек, өйткені Сызу-техника тілі екенін бәріміз де білеміз.
2. Субьектілік тәжірибені өзектеу.
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беру.8 минут
3. Қабылдауды ұйымдастыру
* Шеңбер
* 28317982184000Пентаграмма
* Симметрия
* Ось
* Алтыбұрыш
* Сегізбұрыш
* Тең бөліктер
* Әлем
* Мәдениет
* Оюлар
* Кескін
* Логотип
* Радиус
* Диагональ
* Сызба
2 минуттан кейін жатқа жазуға 2 минут уақыт беріледі.Уақыт біткеннен кейін әр оқушы көршісімен ауысып, санайды.Нәтижесі матрицаға жазылады.

ІІ.Жаңа сабақ.Шеңберді тең 3,4,5,6,8,12 бөліктерге бөлу.
(Презентациямен таныстыру).3 минут
Ең алдымен оқушыларға шеңберді тақтаға сызып, содан соң оны тең бөліктерге бөлу жолдарын көрсетемін.(15 минут)
* Шеңберді тең 3, 6, 12 бөлікке бөлу. Ең алдымен шеңберді тең 6 бөлікке бөлуді қарастырайық. Берілген шеңберді тең 6 бөлікке бөлу үшін
(18, а-сурет) шеңберсызардың сирақтарының алшақтығын шеңбердің радиусына тең етіп аламыз. Шеңбердің диаметрін жүргізіп, оның шеткі нүктелерін А және В деп белгілейік. Шеңберсызардың инесін А нүктесіне қадап, оның сирақтарының алшақтығын өзгертпей шеңбер жүргізсек, екі шеңбер С және D нүктелерінде қиылысады. Шеңберсызардың инесін А нүктесінен В нүктесіне көшіріп, осы айтылғанды қайталап, Е және Ғ нүктелерін аламыз. Алынған А, С, В, Ғ, D нүктелері шеңберді тең алты бөлікке бөледі. А, Е және Ғ немес С, В және D нүктелері шеңберді тең бөлікке бөледі.
Шеңбердің АВ диаметріне перпендикуляр МN диаметрін салайық. М нүктесі центрі болатын және О нүктесі арқылы өтетін шеңбер жүргізсек, ол алғашқы шеңберді К және L нүктелерінде қияды. Шеңберсызардың инесін N нүктесіне қадап, салуды қайталау нәтижесінде Р және Т нүктелерін аламыз. Енді шеңбер тең 12 бөлікке бөлінді. (18, ә-сурет).
* Шеңберді тең 4, 8, 16 бөлікке бөлу. Шеңберді тең 4 бөліке бөлу оңай. Ол үшін өзара перпендикуляр АС және ВD диаметрлерін жүргізсек болғаны (18, б-сурет). А, В, С және D нүктелерін қосатын хордалар жүргізсек, шеңберге іштей сызылған шаршы шығады. Шеңбердің центрінен шаршының қабырғаларына түсірілген перпендикуляр түзулер шеңберді тағы да төрт нүктеде қияды. Сонда шеңберді A, L, B, E, C, F, D, K нүктелері тең 8 бөлікке бөледі. (18, в-сурет). Көршілес нүктелерді қосатын хордалардың ортасын центрмен қосатын түзулер арқылы шеңберді тең 16 бөлікке бөле аламыз.
* 5085715330009500-8594621460500Шеңберді тең 5 және 10 бөлікке бөлу. Шеңберге іштей дұрыс бесбұрыш салу үшін оның өзара перпенлдикуляр АК және MN диаметрлерін жүргіземіз. NO кесіндісінің ортасын табамыз. (18, г-сурет). [NL] = [LO]. L нүктесін центр етіп алып, А нүктесі арқылы шеңбер жүргізеді. Міне, осы шеңбер MN диаметрін Ғ нүктесінде қияды. Сонда АҒ кесіндісі берілген шеңберге іштей сызылатын дұрыс бесбұрыштың бір қабырғасының ұзындығын береді. Шеңберсызар сирақтарының бір ұшын А нүктесіне, екінші ұшын Ғ нүктесіне орнатып, одан кейін шыңберсызар сирақтарының аралығын өзгертпей шеңбер бойынша, мысалы, А нүктесінен бастап төрт рет өлшеп салу арқылы B, C, D және Е нүктелерін аламыз. А және Е нүктелерінің аралығын А және Ғ нүктелерінің аралығымен салыстырып көреміз. Бұл аралықтар өзара тең болуы қажет. Егер соңғы теңдік сақталмаса, онда салу жұмысының дәл орындалмағаны. Сондықтан тұрғызуларды кем дегенде әртүрлі екі әдіспен орындап, оның дәлдігін қадағалап отыру керек.
Тапсырма: мына суретте неше шеңбер берілген

Алғашқы ұйымдастыруды бекіту сұрақтарға жауап беру.
Бағалау-таблица бойынша
Үйге тапсырма беру: сызбаларды аяқтап әкелу.


Ұқсас жұмыстар
Түзу кесіндіні тең бөлікке бөлу
Кок тус
Ою - өрнек түрлері
Тіліктерді аксонометриялық проекцияларда салу
Электронды оқулық
Жіппен бейнелеу
Геометриялық денелердің проекциялары.Геометриялық денелердің проекцияларын сызу
Сабақты ұлттық ойындармен ұштастыру
Негізгі мектебінің геометрия курсын қайталауға арналған тест тапсырмалары. 9 сынып
Градустық өлшемдерін жаз
Пәндер