Жас ұланға қабылдау бағдарламасы

C:\Documents and Settings\Администратор\Мои документы\Зухра И\мамандик фото\Фото2947_001.jpg Құрметті Редакция!

Сіздерді Наурыз мерекелеріңізбен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, отбасыларыңызға бақыт-береке, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!

Журналдарыңыздың оқырманы көп болсын!

Сіздердің журналдарыңызға үнемі өткізген шараларымның бағдарламаларын жіберіп отырамын. Жариялағандарыңыз үші алғысымды білдіремін.

Игі тілекпен: Измагамбетова Зухра Амангелдіқызы

БҚО, Жаңақала ауданы, Пятимар ЖОББМ І санатты тәлімгері

Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынның

б а ғ д а р л а м а с ы

Мақсаты: оқушылардың қоғамдық әлеуметтік, танымдық және

шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

  • мектеп оқушыларының әлеуметтік тәжірибелерін байыту және дамыту, әлеуметтік- танымдық бастамаларды жүзеге асыру;

-мектептің тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру.

Өткізілетін орны: мектептің спорт залы

Көрнекілігі: мемлекеттік рәміздер (ҚР туы, елтаңбасы), шарлар, «Жас Ұлан»

белгісі бейнеленген баннер.

Қатысушылар : барлық мектеп оқушылары, ұстаздар, әкімшілік өкілдері, маслихат депутаттары, соғыс және еңбек ардагерлері, бұқаралық ақпарат құралдары т. б.

Шақырылатын қонақтар : ауыл ардагерлері, танымал қоғам

қайраткерлері, ардагер ұстаздар.

Барысы: I бөлім. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар салтанатты жиынға тұрады.

І-жүргізуші: - Құрметті Пятимар жалпы орта білім беретін мектебінің

оқушылары, салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтар,

ұстаздар, ата-аналар!

ІІ-жүргізуші: Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған, сондай-ақ, жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

І жүргізуші: -Оқушылар! Түзеліңдер! Тік тұрыңдар! Қазақстан Республикасының Туы салтанатты жиынға енгізілсін!

Қазақстан Республикасының Әнұраны ойналсын! (Әнұран ойналады)

ІІ-жүргізуші: Сіздерді ұлттық мерекеміз -Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

І-жүргізуші: Тәуелсіздік күні-ғасырлар бойы азаттық аңсаған халқымыздың өшкені жанып, ең асқақ арманы орындалған күн. Тәуелсіздікке ұмтылыс қашанда кедергі мен күреске толы болғаны баршаңызға аян. Осы ауыр жолда тағдырдың талай сынағына төтеп беріп, бостандықпен күрескен, барлық ғұмырын арнаған боздақтардың сан кешті еңбегі мен ерең ерлігін еске алатын қастерлі мереке бүгін.

Бірге: Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Бүгінгі жиынымызға мектебіміздің озат, үлгілі, шәкірті ретінде 1-4 сыныптар арасынан «Жас қыран» ұйымына 14 оқушы, 5-10 сыныптар арасынан «Жас ұлан» ұйымына 19 оқушы қабылданбақшы.
Бүгінгі «Жас қыран» ұйымына қабылданатын бір топ оқушыларды ортаға шақырамыз. / Әрбір «Жас Ұланға» қабылданатын оқушыны жеке таныстырып,

жетістіктері туралы хабарлайды. /

Шақырылған қонақтар, жастар ұйымының көшбасшылары жеке-жеке ұйымға қабылданушыларға төсбелгілерді және галстуктарды табыстайды.

Аға тәлімгер: Отанының ер ұланы,
Жер қайысқан қалың қол.
Тәуелсіз ел ұланы
Ант беруге дайын бол!
Ант қабылдау рәсімі . \барлық оқушылар ант қабылдайды\
Мен - Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер қатарына кіре отырып:
Өз Отаным -Қазақстан Республикасының патриоты болуға.
Мемлекеттік Рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге туған елім, жерім, Отанымды мақтан етуге, ата-анамды қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, білімге табандылықпен ұмтылуға, салауатты өмір салтын ұстауға, табиғатты аялауға «Жас ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін!
2-жүргізуші: Түсініп терең, өмірдің мәнін,
Жалынды жастар, сендерсің сәнім.
Беретін бойға күш-қуат, жігер,
Шырқалсын шаттық әнұран әнім!

«Жас Ұланның» әнұраны орындалады.

Құттықтау сәті

І-жүргізуші:-Құрметті «Жас Ұлан» ұйымына қабылданушыларды құттықтау үшін сөз мектеп директоры Батырова Жанар Сакеновнаға беріледі.

ІІ-жүргізуші: Келесі сөз кезегін ауыл әкімі Рахимов Олжас Мақсотұлына беріледі.

Мерекелік концерт.

І-жүргізуші: Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді естен шығармайық!

Ән: «Шырқа, Жас Ұлан» орындайтындар Жасқайратова Айнара

Досқазиев Бекзат

Мақұлов Ердаулет

ІІ-жүргізуші: -Оқушылар! Түзеліңдер! Тік тұрыңдар!

-Оқушылар! Түзеліңдер! Тік тұрыңдар! Қазақстан Республикасының Туы салтанатты жиыннан шығарылсын!

І-жүргізуші:- Осымен «Жас Ұлан» қатарына қабылдау салтанатты жиынын жабық деп жариялаймыз

Жаңа жыл кешінің бағдарламасы

Мақсаты: Оқушыларға мерекелік көңіл -күй сыйлау, ұйымшылдыққа, бірлікке,

ынтымақтастыққа баулу. Эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекілігі: жасыл шырша, түрлі-түсті дождиктер, шарлар, герляндалар

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Біз сіздерді Жаңа 2015 Қой жылымен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз. Балалар енді Жаңа жыл мейрамын бастайық.

2-жүргізуші:

Келді, міне, сағындырып далама
Келді, міне, Жаңа жыл қалама
Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып.

Қуаныш сыйлап баршаға
1-жүргізуші:

Кәне, кәне келіңіздер
Би билеп ән салып беріңіздер!
Мерекені Жаңа жылды қарсы алып.
Ақтарайық әнменен көңіл сырын - дей келе құрметті қонақтар, ата - аналар бүгінгі жаңа жылдық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Ән: «Мерекеңмен, елім» орындайтын Сабырова Назерке

2-жүргізуші: Жаңа жылдық кешіміздің алғашқы құттықтау сөзін мектеп директоры Батырова Жанар Сакеновнаға беріледі.

Жаңа жылдық кеш «Қарша қыз »атты ертегінің желісі бойынша басталады.

1- жүргізуші:

О, халайық, жараңдар.
Қилы-қилы заман бар.
Жылқы жылы әне жылыстап,
Кетіп барады қараңдар.
О, халайық, халайық.
Қош айтысып қалайық!
«Қара жорға » биімен жылқы жылы келеді.

1 жүргізуші:
Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Уа, халайық той бүгін
Бақыт, шаттық мол бүгін
Ұзатып сап Жылқыны

Қарсы алайық Қой жылын

2-жүргізуші: Құрметті достар!Бізге жақсылықтарымен толы болған Жылқы жылын шығарып салайық.

Жылқы: Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2015 жылы қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан. !
Келесі жыл бастауын Қойға беремін. (Сахнаға Қой шығады. )
2-жүргізуші: Қош келдің, Жаңа жылым!
Көп болар жаңалығың
Уа, адам ақ ниетті
Осы жыл бақ сыйласын

1-жүргізуші:

Ар бол, Жаңа жыл!
Бар бол, Жаңа жыл.
Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.
Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.

Қой : Мен дағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақ ниет.
Сіздерге мың рахмет.

Қой жылы барша халыққа молшылық, тоқшылық ала келсін!

Аяз атаны шақыруды жалғастырайық. Біздің даусымызды естімесе көрші мектепке кетіп қалып жүрер.
Аязата: ау, амансың ба ұлдарым,
Ау, амансың ба қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
(Аяз атамен Ақшақар балалармен амандасады. )
Жүргізуші: Қошкелдіңіздер. Бізсіздерді мерекемізде көруге шын жүректен
қуаныштымыз.
Аяз ата: Бізде сендерді көруге,
Халдеріңді білуге,
Асулар данасып,
Аппаққарды басып жетіп қалдық.
Ақшақар: Жаңа жылмен құттықтап,
Ойнап-билеп, күлуге келдік міне, балалар!
Аяз ата: Қасымда бар ақшақар,
Олда ренжіп қалмасын.
Балаларым тілерім,
Оғанда бір ән сыйлаңдар.

Жүргізуші: Қане, балалар, Аяз атаның құрметіне бір ән салайық!
«Шырша әні» әні орындалады. Орындайтындар Жасқайратова Малика

Өз кезегімде менде сендерге арнап әкелген көңілді сыйлығым бар.
(Ақшақар балалар мен көңілді ойын өткізеді. )
Аязата: Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан.
Аталарың сендерге,
Шаршап келді алыстан.
Өздеріңе оралдым,
Бар сыйлығым жоралғым.
Керемет бір ән тыңдап,
Келіптұр-ау демалғым.
Жүргізуші: Олай болса, Ақшақар екеуіңіз шыршаның түбінде отырып демалыңыздар.
Ал біздің балалар сіздерге арнап дайындағансый-сияпатын көрсетпекші.
(Әр сыныптың Аяз ата мен Ақшақарға арналған өнерлерін тамашалайды )

Ойын.

«Айдаһар»

Ойынның мақсаты : оқушыларды бірлікке, татулыққа, достыққа

шақыру. Шапшаңдыққа, салауатты өмір салтын ұстануға үйрету.

Ойынның шарты: Ойынға барлық командалар қатысады. Қатысушылар бір-бірінің белінен ұстап, үзілмей жүруі керек. Тіркестің басындағы оқушы «Айдаһар »басы болады, ал соңғысы құйрығы болады. Тіркес өзінің құйрығын «Айдаһарға» ұстатпай тез, шапшаң қашу керек. Егер құйрық ұсталып қалса «Айдаһардың» басы, ал құйрық ұсталмай сытылып кетсе «Айдаһар» шапшаңдығы үшін мараппатталады.

Ән: «Жаңа жыл» \Мадина Садуакасованың орындауындағы\орындайтын: Сабырова Назерке

Ән: «Жаңа жыл» \МузАрттың орындауындағы \ орындайтын Досқазиев Бекзат

Ән: « Жаңа жыл кеші» \Жігіттер квартетінің орындауындағы\ Калимулдин Марат, Мақұлов Ердаулет, Ереев Максим

Ән: «Қош келдің, Жаңа жыл»

Ән: «» \Дәрібаевтар орындауындағы\ Жасқайратова Малика

Камила

1-жүргізуші: Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәріне де жеңеді. Аспанымыз
бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!. . .

Республикалық қоғамдық бірлестігі «ЖасҰлан » ұйымының ұлан басшысын сайдау рәсімінің

б а ғ д а р л а м а с ы

Мақсаты: Мектептің көшбасшысын анықтау, оқушылардың қоғамдық

әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

- мектеп оқушыларының әлеуметтік тәжірибелерін байыту және дамыту,

- әлеуметтік- танымдық бастамаларды жүзеге асыру;

-мектептің тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру.

Өткізілетін орны: Спорт залы

Көрнекілігі: мемлекеттік рәміздер(ҚР туы, елтаңбасы), шарлар, гүлдер т. б.

Қатысушылар : барлық мектеп оқушылары, ұстаздар, ата-аналар комитеті.

Барысы: I бөлім. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар салтанатты жиынға тұрады.

І-жүргізуші: -Құрметті оқушылар, ұстаздар, салтанатты жиынға қатысушылар!

Пятимар орта жалпы білім беретін мектебінің «Жас Ұлан» оқушылар мен жасөспірімдер ұйымының ұлан басшысын сайлау салтанатты жиынын ашық деп жариялаймыз.

ІІ жүргізуші -Оқушылар! Түзеліңдер! Тік тұрыңдар!Қазақстан Республикасының Туы көтерілсін!Ту көтеру мәртебесін «Жас Ұлан» ұйымының ұлан басшысы президенті Қадыров Аманатқа беріледі

1) ҚР-ның әнұраны орындалады.

2) Ортаға«Жас Ұлан» ұйымының ұлан басшысына үміткерлерді

шақырамыз шақырамыз.

3) Оқушылардың дауыс беруі

І -жүргізуші: Бүгінгі сайлаудың қорытындысымен таныстыру үшін сөз кезегін сайлау комиссиясының төрайымы Аманғалиева Гүлсім Қазбекқызына беріледі.

4) Ант қабылдау сәті.

5) Құттықтау сөз

І-жүргізуші:-Келесі сөз кезегін құттықтау үшін мектеп директоры Батырова Жанар Сәкеновнаға беріледі.

9) Мерекелік ән шашу

Ән: « Өз елім» орындайтындар Қанатқалиев Медет

ІІ-жүргізуші: -Оқушылар! Түзеліңдер! Тік тұрыңдар!

/Әнұран орындалады/

І-жүргізуші: -Оқушылар! Түзеліңдер! Тік тұрыңдар!Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілсін салтанатты жиыннан шығарылсын!

І-жүргізуші:- Осымен бүгінгі салтанатты жиынын жабық деп жариялаймыз!

«ЖасҰлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің

АНТЫ

Мен, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып, өз Отаным- Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш өтуге;

Ата-анамды қадірлеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

Білімге табандылықпен ұмтылуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

Жас ұландар әні

Әні мен сөзін жазған: Ұ. Ж. Жаналиев

  1. Біз ұланы қазақ елінің

Туған жерін, сүйген Отанын

Әке жолын, ана мейірімін,

Бойға жиған қасиетін.

Қайырмасы:

Жас ұлан, қалыспа!

Қырандай қарышта.

Еліміздің абройын

Асқақтатып әлемге

Нықұстайық байрағын!

  1. Көп білуге ұмтыламыз

Өнер, білім, ғылымға

Кеудемізде ар мен намыс

Жетелейді бізді алға

Жас ұландар әні

Әні мен сөзін жазған: Ұ. Ж. Жаналиев

  1. Біз ұланы қазақ елінің

Туған жерін, сүйген Отанын

Әке жолын, ана мейірімін,

Бойға жиған қасиетін.

Қайырмасы:

Жас ұлан, қалыспа!

Қырандай қарышта.

Еліміздің абройын

Асқақтатып әлемге

Нықұстайық байрағын!

  1. Көп білуге ұмтыламыз

Өнер, білім, ғылымға

Кеудемізде ар мен намыс

Жетелейді бізді алға

Пятимарортажалпыбілім беретін

мектебінің «Жас Ұлан» ұйымына

оқушыларды қабылдау салтанатты

жиынының оздырылуы жөнінде

жазбаша мәлімет.

Мектебімізде 27-сәуір күні Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» ұйымына оқушыларды қабылдау салтанатты жиыны оздырылды. Салтанатты жиынға барлық мектеп оқушылары, ұстаздар, ауыл әкімі, ардагер ұстаздар, маслихат депутаты қатысты. Салтанатты жиын таңертеңгі сағ: 10-да басталып, 10. 45-те аяқталды.


Ұқсас жұмыстар
Құрметті көрермендер және ұландар
Бесік жыры таныстырылым
Құрметті Жас ұлан ұйымының мүшелері
Бесік жыры туралы ақпарат
Ұқыпты бала - әдепті бала
Менің педагогикалық ұстанымым
Сабақтың көрнекілегі
Сұрақтар мен жауаптар
Көбейту ережесін пайдалана отырып есептер шығару
Жас домбырашылар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz