Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ұстазға тағзым етейік
Ұстазға тағзым етейік
Мақсаты:
Білімділік: Ұстаздардың қадір – қасиетін түсіндіре отырып, қазіргі заманда
қоғам үшін еңбек етіп жүрген ұстаздарды тану.
Дамытушылық: Оқушылардың ұстазбен сұхбаттасу арқылы ой - өрісін кеңейту,
болашақ ұстаздық туралы ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ұстаздар бойындағы нәзік мейірімді бағалай білуге, берген
білімін ақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, кітаптар, гүлдер, жалауша, шарлар.
Армысыздар ұстаздар мен оқушылар! Бүгін колледжімізде ұстаздар күніне
байланысты өткізгелі отырған «Ұстазға тағзым етейік» атты «Сыр-сұхбат»
бағдарламасына қош келдіңіздер!
Ел жақсысын еске алу – ұлтымыздың ұлы істерінің бірі. Қазақ
қашаннан ақыны мен ардагерін ардақтап, аялай білсе, жалпы адамзат баласы
алдында ұстаз еңбегінің алар мәртебесі зор. Бүгінгідей мереке күні саналы
ғұмырының тең жартысын табан аудармай жас ұрпаққа білім беріп, тәрбие
үйретуге арнаған ауданымыздың ардагер ұстазыдары біздің жүрегімізден
ерекше бір құрметпен орын алады.
«Ұстаз» атты ұлы есім қашанда кісілік келбеті жоғары сан мыңдаған
шәкірттерге үлгі - өнеге, білім - тәрбие беретін, ізгілік нәрін төгетін
ерен еңбектің иелері. Қай қоғамда да ұстаз құрметті орындардың төрінен
табылады. Осындай құрметті мамандықтың иесі болып, ұлағатты ұстазға тән
үлгі көрсеткен, талай шәкірттердің жүрегінен орын алып, тәлімді тәрбие
берген ардақты ардагер ұстаздарымыз бірі де бірегейі болып саналатын ұстаз
Аман Жүсіпқалиұлы бүгін бізде – қонақта!
Қош келдіңіз, Аман аға.
(«Ардагерім – ардақты» слайды көрсетіледі.)
Көп жыл бұрын шыққанменен ол зейнетке,
Бір табан әлі жақын жүр «Бейнетке».
Ұрпағына өсиет боп қалдыру үшін тарихты,
Қыл қаламын тебіренте кітап жазу үстінде.
Жайқалған шырайлы шаңырақтың отағасы,
Сегіз ұл мен екі қыздың ата - анасы.
өзінің жолын қуып білім кезген,
Немере мен жиенге толы айналасы.
Шәкірттері қанат қақты алысқа ұшып,
Әр саланы бағындырып еңбек етіп.
Шәкірттердің шыңдалғаны емес пе
Ұстазының жүргені көпшілікке мерейлі боп!
Ұстаз болып атың шыңға шыққанда
Артықпын деп өзегеден жалғыз шықпадын.
Көмек қолын созғаныңда баршаға
Еңбегіңді сатулы деп санамадын, - дей келе бүгінгі мерекелік кешіміздің
құрметті қонағы ардагер ұстаз Аман ағай сізді мерекесімен құттықтаймыз
және де колледжімізге қош келдіңіз дейміз.
- Сізбен сұхбатымызды бастамас бұрын, бүгінгі кейіпкеріміз туралы танып
білуіміз үшін бейнебаянға назар аударайық.
1. Аман аға, бүгінгі сыр-сұхбат бағдарламамызға қош келдіңіз! Бүгінгі
кешіміз өмірдегі қасиеті мамандық иелері Ұстаздар туралы болмақ. Сізбен
кездесуді біздің оқушыларымызда асыға күтті. Өмірдегі әрбір адам ұстаз
сөзін әр түрлі бағалап, әртүрлі түсіндіреді. Сіздің ойыңызша ҰСТАЗ деген
кім және қандай болуы керек?
2. Жалғанда ұстаз көрмеген, я ұстаз алдында оқушы болмаған тұлға кемде-кем
шығар. Сондай-ақ, Ұстазға ұстаз бола білген адам ең бақытты адам дер
едім. Ендеше сізді білімге жетелеп бақытқа бөленген жандар туралы айта
отыраңыз?
3. Ақырын жүріп,анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас ,
Үйретуден балаға.- деген екен Абай атамыз. Ата-анадан кейінгі балаға жақын
жан, ол-ұстазы. Оқушыға білім үйрету кезінде ұстаз нені мақсат етіп нені
өзіне міндеттеуі қажет деп ойлайсыз?
- Біздің оқушыларымыз да сұрақтар қойғысы кеп отыр, ендеше ...
4. Отбасыңыз туралы айта отырсаңыз?
5. Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты
таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?
- Аман аға, біздің оқушылар сізге сұрақтар мен қатар түрлі тапсырмалар
дайындаған болатын солардың алғашқысына кезек берсек. Мына қоржынға
салынған тапсырмалардың бірін таңдаңыз. І тапсырма
6. Ұстаз- ұлық емес, ұлы қызмет,- деген екен Бауыржан Момышұлы. Ендше сіз
өзіңіздің бірнеше жылғы оқушымен өткен қызметіңізге қандай баға берер
едіңіз?
7. Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық
- ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын
да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз
өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты
тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
Қазіргі заманымызда оқушы мен ұстаз арасында қарым-қатынас сыйластыққа
көіліңіз тола ма?
8. Осы біз ұстазды ұлықтамыз, оны жүрегімізде мәңгі сақтаймыз дейміз.
Дегенмен ұстаздың ұлылыған дәріптеуіміз төмен-ау деймін. Себебі атақты
ұстаздарымызды суретпен көрсетсек жастарымыз танымайды, ал оның орнында
әнші болса бірден-ақ таниды. Бұның себебі неде?
- Біздің оқушыларымыз да сұрақтар қойғысы кеп отыр, ендеше ...
9. Сіз мақал-мәтелдерді көптен бері жинақтап жүрсіз. Осы жинақтардың
сізге берген көмегі қаншалықты?
10. Сіз мамандығыңызға сай сабағыңыздың көбін тәжірибе, яғни саяхатты түрде
көрсетесіз. Бұл сіздің таңдаған пәніңізге байланысты ма, әлде туған
жерге деген сүйіспеншіліктен бе?
11. Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен,
тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер
етеді, - деген екен Мәлік Ғабдуллин. Осы тұрғыда келгенде бұл қаншалықты
қажет дүние?
- Біздің оқушыларымыз да сұрақтар қойғысы кеп отыр, ендеше ...
12. Сіз қандай кітаптарды сүйіп оқисыз?
13. Сіз ізденіс жолындағы ұстазсыз. Мақсатыңыз білгеніңізді өсиет қылып
ұрпақтарыңызға тастау болар. Осы ізденіс жолдарыңызды кітаптармен
қаншалықты байланыстырасыз?
- Аман аға, қызықты тапсырмаларымыздың келесі кезегіне көшсек. Рұқсат
етсеңіз!
14. Жақсы мұраптың атынан су ереді,
Жақсы ұстаздың соңынан шәкірт ереді - деген қанатты сөз бар халқымызда.
Ама аға жұмысыңның жемісі болатын шәкірттерді тәрбиелеуде, оны
жеңістерге жеткізу үшін қаншалықты жұмыстанып, еңбек ету керек?
15. Аман аға, біздің оқушыларға айтар ақыл-кеңестеріңіз болса....
- Аман аға, біздің колледжімізге келіп оқушылармен ой бөлісіп,
сұрақтарға жауап бергеніңізге көп-көп рахмет. Сіздей ардақты ұстазға
арнап біздің оқушыларымыз өнерлерін көрсетпек қарсы алыңыз.
- №1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?
- №2 билет. Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?
- №3 билет. Сабаққа жиі кешігіп келесіз бе?
- №4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?
- Қиындықта кезіксең көп асу да
Қанша терің төгіліп жол ашуға
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,
Сен өмірдің ұстазы боласың да!- деп ұстазды ұлықтаған қазақтың ұрпағымыз.
Ұстаздық тағы бір қасиеттерін ашып көрсетуі үшін «Аспазшы» ІІІ курс
тобының оқушысы Балабаева Гүбақыттың «Ұстазым» өлеңіне кезек берейік.
- Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!
Алдарыңызда «Ұстазым менің» әнімен «Аспазшы» ІІІ курс оқушысы Жолдасқалиева
Асылай, «Аспазшы» ІІ курс оқушысы Өтепбергенова Диана.
- Білдіріп шәкірттерің ақ ниетін,
Ұстаздың алып жүрген атын еркін.
Біз сізге сыйлық қылып ұсынамыз,
Жүректің алғысы мен рахметін.
(Сыйлық тапсыру сәті.)
Мұғалім болу әркімнің қолынан келеді. Бірақ нағыз ұстаз болу –
барлығының бағына бұйырмайтын бақыт. Ал бүгінгі біздің мерекелік
кешіміздің кейіпкері шын бақытқа ие болған жан. Аяулы ұстаздар! Төл
мерекелеріңіз құтты болсын! Білім беру жолындағы еңбектеріңіз еленіп,
абырой биігінен көріне беріңіздер деген ізгі тілекпен бүгінгі
кездесуімізді аяқтаймыз. Ардагер ұстаздарға қарап бой түзеп жүрейік.
Осындай еліміздің аптал азаматтары көп болсын! Бүгінгі кешіміздің қонағы
Аман ағайға зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасының амандығын тілей отырып,
осындай мағыналы, мәнді ақыл-кеңстерін жас ұрпақ санасына сіңіре беріп,
ортамызда аман-есен жүріңіз дегіміз келеді.
- Осымен бағдарламамыз аяқталды.
- Қош сау болыңыздар!
- Естелікке суретке түсіп, қолтаңба алайық.
Тапсырма №1
Сұрақтар:
1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не?
/әріп/
2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан?
/Жүз/
3. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/
4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/
5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/
6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/
Тапсырма №1
1. «ҰСТАЗ» сөзін әріптеп өзіңіздің мамандығыңызға сай жер-су аттарымен
атаңыз?
2. Жер жүзінің немесе Қазақстанның картасын сызбалап беріңі
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz