Онлайн білім беру және ұстаздың кәсіби дамуы

Онлайн туралы үзік сыр

(эссе)

Менің өмірдегі бақытым - жүрек қалауымен ұстаз болуым. Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын, өйткені бұлай айту маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Ұстаз болу жай ғана мамандық емес, ол - адам бағдарын жасаушы. Егер де өмір - қоғамға бейім, білім нәрімен сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адам өмірге үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға аттасам- бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын. Егер де менің шәкірттерім егемен, тәуелсіз еліміздің білімді, жан-жақты, өз ісінің маманы болса одан асқан бақыт жоқ. Әрине ол үшін ұстазға тек жоғарғы оқу орнын бітіру аздық етеді. Ол үшін көптеген биік шыңдарға жету керек.

Сондықтан да мен бүгінгі таңда жалаң білім беріп қоюмен шектеліп қалмауға тырысамын. Менің ұғымыда бірінші - әрбір ұстаз өз ісінің білікті маманы болу жолында көп ізденіп қана қоймай, білген-көргенін жеткізе де білуі шарт. Осы заманғы ғылым мен техниканың дамуы - әр ұстазға мол мүмкіншілік беріп отыр. Оның бар әдіс-тәсілін, қыр-сырын ұғынып, мүмкіндігін пайдалана білу, қолдана алу - ең шығармашыл, ізденімпаз ұстаз болудың алғашқы баспалдығы деп ойлаймын.

Олай дейтінім, бүгінгі таңда барлық орта мектептерден бастап, жоғарғы, арнаулы, кәсіптік оқу орындары оқушыларға компьютермен жабдықталып, интербелсенді тақтаға дейін орнатылған. Сол жаңа технологияларды пайдалану арқылы, оқушының ой-өрісі дамып қана қоймай, зерделеніп, жаңа біліммен толығады. Жәнеде әр қала, аудандарда отырып-ақ, бірін-бірі көріп қана қоймайтын, сонымен қатар сөйлесуге мүмкіндігі бар «онлайн» желісі де үлкен жетістіктеріміздің бірі. Онлайн арқылы әр мұғалім бірімен - бірі пікір алмасып, тәжірибе алысып, оқушыларының білім дәрежесін анықтай алып тапсырмалар беруге де қол жеткізіп отыр. Сол себепті де онлайнның пайдасы бүгінгі таңда - заман талабына сай деп айта аламын. Онлайн арқылы білім алу, білім беру, алмасуды ойлап-тауып, қолдануға мүмкіншілік жасаған ғалымдар үлкен зор іс атқарған тұлғалар деп есептеймін. Тек шетел ғана емес біздің де қазақ елінің балалары мен ұстаздары осындай мүмкіндік алғанына шексіз разымын. Себебі, біздің елде озық 30 елдің қатарына қосылып, тіпті асып түсетін ел болады деп сенемін.

Орындаған: Қаратөбе колледжінің оқытушысы

Таттигалиева Жаннур Аманжоловна


Ұқсас жұмыстар
Білім мазмұнын жаңарту контекстіндегі ұстаздың кәсіби ізденісі және зерттеушілік даярлық
Ұстаздың қоғамдағы орны: халық педагогикасы, тәрбие тәжірибесі және білім беру реформалары
12 жылдық білім беру жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі
Ұстаздың педагогикалық мұраты: оқыту, ізденіс және кәсіби жетістік
Білім беру сапасын арттырудағы мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігі мен филологиялық пәндердің рөлі
Кембридж бағдарламасының мұғалімнің кәсіби дамуы мен білім үдерісіндегі кері байланысқа әсері
Педагогтердің кәсіби өсуі мен инновациялық әдістер: білім беру сапасын қамтамасыз ету шарттары
Білім мен тәрбие егіз: XXI ғасыр мұғалімінің кәсіби дамуы мен көшбасшылық стратегиялары
Жаңартылған үлгідегі тілдік мақсаттарды енгізудің маңызы: үштілді білім беруде мұғалімдердің кәсіби дамуы
12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесіне сай педагогтардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz