Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Әдептілік әлеміне саяхат



Өткізген: Нұрғалиева Айгүл

Жоспар конспектінің үлгісі

Сабақтың, іс - шараның тақырыбы: «Әдептілік әлеміне саяхат»
Берілген кезеңдер бойынша дамыту тақырыбы (бастапқы, негізгі, соңы):
негізгі

Сабақпен іс - шараның мақсаты: 1.Рольдік ойынды пайдалана отырып,
балаларға әдептілік туралы ұғым қалыптастыру, адамгершілікке,
кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға баулу;
2.Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін
бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;
3.Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;
Сабақпен іс - шараның өткізілу түрі: ертегі
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: рөлдік ойын
Ақпараттың негізгі көздері (таратпа материалдар, көрнекіліктер: гүлдер
макеті, көбелектер суреті, әдептілікке байланысты нақыл сөздер
Күтілетін қорытынды: балаларда «Әдептілік», «Әдепті бала» түсініктерін
қалыптастыру

Барысы:
Кіріспе.
Мұғалім сөзі.
Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге
ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты,
шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере
лтырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін
үйренеміз. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман
мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті,
ақылды балалар қандай болуы керек екенін бүгінгі ертегімізден білеміз.
Ондай болса сөз кезегін оқушылардың өзіне берейік.

(Ортаға екі бала шығады)
Жүргізуші. Алинұр мен Нұрдаулет деген достар болыпты. Бір күні екеуі
ренжісіп отыр екен.

Сиқыршы: Екеуіңе не болған, ренжісіп қалдыңдар ма?
Алинұр: Мен Нұрдаулет пен дос болмаймын. Ол әдепсіз. Мен оған сәлем, достым
десем, жауап бермейді.
Нұрдаулет: Сол сөзді жүз рет айтасың, сені кеше ғана көрдім ғой.
Сиқыршы: Нұрдаулет, оның не, досыңды көрген сайын салемдесіп, қал жағдайын
сұрап тұру керек.
Нұрдаулет: Ол не үшін қажет?
Сиқыршы: Сәлеметсіз бе, деген сөз денің сау ма деген сөз емес пе? Әдепті
балалар үнемі амандасады.
Нұрдаулет: Әдепті бала деген ол кім?
Сиқыршы Сен білмейсің бе? Онда мен сені әдептілік әлеміне апарайын, онда
сен әдептілік туралы білесін.
Нұрдаулет: Жақсы, тезірек барайық.

(әуен ойналады, балалар «Әдептілік» әлеміне келеді. Алдынан гүл болып
киінген қыздар билеп шығады)
«Гүлдер» биі
Нұрдаулет: Ой қандай әдемі гүл? Мен біреуін жұлып алайыншы.
Гүл: Тоқта! Гүлдерді жұлуға болмайды. Гүлдер табиғаттың бөлшегі. Олар жерге
көрік береді, адамдарға қуаныш сыйлайды, ауаны тазартады. Гүлдің пайдасы
өте көп. әдепті бала гүлді жұлмайды,табиғатты аялайды!
Гүл:
Кешкілік пе ,күндіз бе?
Өсіп тұрған гүлді үзбе.
Туған жерді далаға,
Тастағалы жүрміз бе?
Гүл:
Үзіп алсаң сен бір гүл,
Үзіп алсам мен бір гүл.
Не қалады сиқынан,
Қызыл- жасыл жердің бұл.
Нұрдаулет:
-Жарайды. Енді мен гүлді жұлмаймын.
(музыка ойнайды, көбелек болып киінген қыздар шығады)
Нұрдаулет:
-О? көбелек! Біреуін ұстап алайыншы.
Көбелек:
-Жоқ, жоқ! Көбелекке де тиісуге болмайды. Ол да табиғаттың бір бөлігі
Табиғатқа көрік сыйлайды.

Көбелекті ұстама,
Табиғатты аяла!
Әдептімін десең сен,
Көбелекті бағала!

Көбелек табиғаттың көркі емес пе,
Әр кезде осыны сақта есте.
Табиғатта жүрген кезде еш уақыт,
Ұшып жүрген көбелекке сен тиіспе!
Нұрдаулет:
-Рас, көбелектер әдемі. Мен енді оларға тиіспеймін.
(ары ғарай кетеді, алдыларынан Аю мен Маша шығады)
Аю:
-Армысың, көк аспан!
Армысың, Жер ана!
Сәлеметсіңдер ме, достар?
Сиқыршы:
-Амансың ба, Аю?
Нұрдаулет:
-Қалың қалай Маша?
Сиқыршы:
-Достар мына балаға түсіндіріндерші, не үшін амандасу қажеттігін?
Аю: Үлкен кісілерге «Амансың ба? », «Саумысың», «Ассалаумағалейкум» деп
амандасып, амандығын, денсаулығын сұрау парыз. Дұрыс амандасудың
адамгершілік мәні бар. Сәлеметсіз бе, деген сөз денің сау ма, ауырып қалма
деген сөзді білдреді.
Маша:
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер Сәлем береміз!
Аю:
Алдын орап кісінің,,
Кесіп өтпей көлденен!
Ізетімен кішінің,
Сәлемдесіп қол берем!
Нұрдаулет:
-Рахмет, сендерге! Енді мен әр кезде барлығымен амандасып жүремін.(ары
ғарай кетеді, алдыларынан қоян шығады.)
Сиқыршы:
-Салеметсің бе, қоянжан?
Нұрдаулет:
-Армысың достым!
Қоян:
-Амансындар ма достарым!
Сиқыршы:
-Қоян, біз сендерден әдептілік туралы білейік деп келдік.
Қоян:
Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді
айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей- ақ алдымен өзі басқаны
құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.
Әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген
сөздерді білдіреді.

ӘДЕПТІЛІК - ар – ұят
АДАМДЫҚТЫҢ белгісі,
ТҰРПАЙЫ мінез, тағы жат
НАДАНДЫҚТЫҢ белгісі.
Нұрдаулет:
-Рахмет, қоян! Біз сенен көп нәрсе білдік. Енді ары ғарай жүрейік! Сау бол
қоян!
-Сау болыңдар, достарым!
(әуен ойнап, Қызыл телпек шығады.)
Қызыл телпек
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
Сиқыршы:
-Армысың,Қызыл телпек!
Нұрдаулет:
-Салем, сулу қыз!
Қызыл телпек
-Сәлеметсіңдер ме, достар!
Сиқыршы:
-Қызыл телпек, сен қайда бара жатырсың?
Қызыл телпек
-Апама, көмектесуге!
Құрметтеп ата-анамды,
Ардақтап әпке, ағамды,
Қамқор боп сіңлі-ініме,
Сыйлымын үлкен-кішіге.
Бәрін де жақсы көремін,
Үнемі көмек беремін.
Үлкенді сыйлау- кішілік,
Үлгілі мінез- кісілік
Осыны есте сақтап ал,
әдепті боламын десең сен!

Мен ертерек апама баруым керек, сау болыңдар!
Нұрдаулет:
-Рахмет саған! Сау бол!

Қазақ баласымен армян баласы кезігеді.
(Ән айтып жүреді)
Сары, ақпыз, қарамыз
Бәріміз де баламыз
Бір қалада тұрамыз
Бір мектепке барамыз
Ақ, қара деп бөлмейміз
Бір жыл туған төлдейміз
Туысқанбыз, татумыз
Биіктерге өрлейміз.
Нұрдаулет:
-Салеметсіңдер ме, балалар?
Сиқыршы:
-Қалдарың қалай, достарым? Сендер кімсіңдер?
-Мен қазақ баласы.
-Мен армян баласы. Біз екеуіміз тату-тәтті достармыз.
Қазақ баласы
Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын елге ашқан.
Тілегіміз тыныштық,
Ашық болсын кең аспан.
Мықты болсын іргеміз,
Армян баласы
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Бір бірімізді ренжітпей,
Дос боламыз әрқашан!
Армян баласы
-сендер де бізбен ойнаңдар, бәріміз дос болайық!
Сиқыршы:
-Дос болайық, бірақ біз ары қарай кетуіміз қажет. Рахмет сендерге!
Ары қарай тір топ ұлдарға кезігеді.
Сиқыршы:
-Салеметсіңдер ме, балалар?
Нұрдаулет:
-Қалдарың қалай, достарым? Сендер кімсіңдер?
1-бала
Жас- кәріге сіз деген
Жақсы үлгі іздеген.
әдепті баламыз біз деген,
Ізетті ұл мен қызбенен.
2-бала
Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде.
Ізетті де білемін
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Апама айтып өкпесін
3-бала
Ата- ананың тілегі- адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің- әрқашанда керегің,
Әсемпаздық дегенің- әуре сарсаң әлегің.
4-бала:
Сыйла үлкен кісіні
Қамқорлыққа ал кішіні.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.

5-оқушы
Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жалама ыдыс-аяқты

Қортындылау.
Нұрдаулет:
-Рахмет, балалар! Мен көп нәрсені білдім, енді мен әдепті бала боламын.
(Ән орындайды)
«Әдептілік еліне...»
Әдептілік еліне, барып едим қыдырып.
Көп нәрсені үйрендім әдептілік елінде.

Бәріне де сіз дейміз,
Кішілерге тиіспейміз,
Үлкендердін айтқанын,
Есімізде сақтаймыз!
Марапаттау. «Әдепті бала» деген алқа тағу
Сиқыршы: Жарайсын Нұрдаулет, саған енді «Әдепті бала» деген төс белгі
берем. Енді сен әдептілік туралы білгеніңді кішілерге айтып жұр! Енді мен
кеттім, сау бол!
Нұрдаулет: Рахмет, сиқыршы! Мен әркез әдептілік ережелерін сақтап жүрүге
ұәде берем! Сау бол!


Ұқсас жұмыстар
Әдептілік әлемі
Құрметті балалар
Тақырып Ертегілер әлеміне саяхат
Қыз бала одан
Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің кітапханасында Бір ел-бір кітап акциясы аясында Фариза Оңғарсынованың Жыр әлеміне саяхат атты кітап көрмесі
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту. 3-сынып
Жарық толқындарының қасиетін қайталау
Тақырып Сандар әлеміне саяхат
Геометриялық пішіндердің ғажайып әлемі
Ойын әлеміне саяхат
Пәндер