Microsoft excel электрондық кестесін сандық модульде пайдалану

№ 5 сабақ жоспары

Пәні: «Информатика»
Мерзімі: “19”ақпан 2015 жыл
Пәні:«Информатика»: Курс: 1
Мерзімі: “19”ақпан 2015 жыл: Кабинет: 239
Пәні:«Информатика»: Топ: 113
Мерзімі: “19”ақпан 2015 жыл: Оқытушы:Бейбіт Тәтина.

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесін сандық модульде

пайдалану

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды Excel бағдарламасында жұмыс істеуге үйрету. Құралдарды пайдалану дағдыларын қалыптастыру, жұмыс жасау технологиясын меңгерту. Қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды қолдану дағдысы мен біліктілігін дамыту.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік : қазіргі заманғы қолданылатын бағдарламалармен жұмыс жасаудың негізгі дағдыларын қалыптастыру және оқыту.

Тәрбиелік: : алған білімдерін болашақ кәсіптік мамандықтарына пайдасы бар екендігін оқушыларға түсіндіре отырып, танымдық қызығушылығын арттыру, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Excel бағдарламасында жұмыс жасау дағдысын жетілдіре отырып, оқушылардың ой -өрістерін, Логикалық ойлау қабілеттерін, өзіндік іс әрекетін, шығармашылықтарын, пәнге деген қызуғышылығын арттыру отырып, жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс жасауға, сауаттылыққа, ізденімпаздық қабілеттерін қазіргі заманғы компютерлік технологияларды қолдану дағдысы мен біліктілігін дамытуды жалғастыру.

Сабақтың типі: Жаңасабақ

І. Ұйымдастыру кезеңі
V. Жаңа білімді меңгеру
VII. Бекіту
І. Ұйымдастыру кезеңі:
: ІV. Жаңа білімді қабылдауға даярлау
V. Жаңа білімді меңгеру: VI. Жаңа білімді меңгеруін тексеру
VII. Бекіту: VIII. үй тапсырмасы жайында мәліметтер

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Практикум елементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяандау арқылы түсіндіру.

Сабақтың формасы: Топтық, ұжымдық

Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютерлер, слайдтар, интерактивтік тақта.

Қолданылған әдебиеттер: Н. Т. Ермеков «Информатика элементтері» «Фолиант» баспасы 2007ж, Н. В. Королева, Н. И. Кайдаш «Информатика» «Бастау» баспасы 2012ж, Е. Қ. Балапанов, Б. Б. Бөрібаев, А. Б. Дәулетқұлов «Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ» Алматы 2009ж.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Топпен сәлемдесу

Топты түгендеу

Аудиторияны сабаққа әзірлеу

IV. Жаңа білімді қабылдауға даярлау

V. Жаңа білімді меңгеру

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: « Microsoft Excel электрондық кестесін сандық модульде пайдалану ».

Электрондық кесте тек қана есептеулерді автоматтандыру функцияларын ғана орындамайды. Сонымен бірге ол әртүрлі жағдайларды немесе объектілерді сандық моделдеуде өте пәрменді құрал болып саналады. Объектілердің

математикалық моделін жасау үшін, яғни оларды математикалық түрде сттау мақсатында бірсыпыра параметрлерді пайдаланады. Бұл параметрлердің кейбірі белгілі, ал кейбірі формулалар арқылы есептеледі. Параметрлердің алғашқы мәндерін бір-бірімен сәйкестендіре отырып өзгертсек, есептегі параметрлердің қалай әзгеретінін бақылап отырып, алынатын нәтижелерді талдауға ие болады. Электрондық кестелер осындай есептеулерді өте тез қатесіз жүргізіп, санаулы минуттарда көптеген варианттарды қарастырып, солардың ішінен ең тиімдісін таңдап алуға мүмкіндік береді.

Функцияны кестелеу әдісі бойынша есеп шығару

Жұмысшылардың жалақысын есептеу

1. EXCEI кестесінде адрестерді көрсету әдістері.

Ұяшық пен блоктардың адрестерін абсолютті, салыстырмалы және аралас түрде бейнелеу

Салыстырмалы адрес. Ұяшықтармен жұмыс жасау кездерінде D3, А1:Н9 т. с. с сілтемелерді қолдануға болады. Адрестердің мұндай турде көрсетілуі салыстырмалы деп аталады. Салыстырмалы адрестер формулаларды жылжыту кезінде өте ыңғайлы. Формулаларда мұндай адрестерді қолдану барысында EXCELкестесі ұяшықтың адресін ағымдағы

Ұяшық адресіне салыстырмалы түрде сақтайды. Мысалы, D4 ұяшығына=D1+D2 формуласын енгізетін болса, EXCEl програмасы бұл формуланы екпінді ұяшықтан үш қатар жоғары және екі қатар төмен ұяшықтағы мәндерді қосу керек “ деп қабылдайды. Егер D4 ұяшығын, яғни =D1+D2 формуласын C4 ұяшығына көшірсек, С4 ұяшығына =C1+C2 формуласы, ал D5 ұяшығына =D2+D3 формуласы автоматты түрде енгізіледі.

Абсолютті адрес . Егер формуланы көшіру барысында белгілі бір ұяшыққа немесе аймаққа сілтеме жасау қажет болса, абсолютті адресті қолданамыз. Абсолютті сілтеме $ белгісінің көмегімен жазылады. Мысалы,

$C$15 түрінде сілтеме жазылса, формуланы қай орынға орналастырсақ та, сол формулада тұрақты түрде тек С15 ұяшығындағы мән пайдаланады.

Аралас адрес $ белгісі кажетті орында ғана жазылады, мысалы $C15 немесе $C15 . Егер абсалютті адрес белгісі ұяшық адресінің алдында ғана жазылса ($C15), бағана мәні тұрақты, қатар мәні өзгереді. Керісінше қатарды тұрақты қалдырып, бағананы өзгертү үшін (C$15) түрінде жазылады.

ф. и. о
Жалақы
зейнетақы қоры
профсоюздік қоры
кірістік салық
қолға алатын сома
№: 1
ф. и. о: Смагулова М.
Жалақы: 6
зейнетақы қоры:
профсоюздік қоры:
кірістік салық:
қолға алатын сома:
№: 2
ф. и. о: Абуханова А
Жалақы: 5
зейнетақы қоры:
профсоюздік қоры:
кірістік салық:
қолға алатын сома:
№: 3
ф. и. о: Ужазов Е
Жалақы: 6
зейнетақы қоры:
профсоюздік қоры:
кірістік салық:
қолға алатын сома:
№: 4
ф. и. о: Омарбек Б
Жалақы: 15
зейнетақы қоры:
профсоюздік қоры:
кірістік салық:
қолға алатын сома:
№: 5
ф. и. о: Салихов Б
Жалақы: 8
зейнетақы қоры:
профсоюздік қоры:
кірістік салық:
қолға алатын сома:
№: 6
ф. и. о: Смаилова А
Жалақы: 7
зейнетақы қоры:
профсоюздік қоры:
кірістік салық:
қолға алатын сома:

Зейнетақы қорын есептеу

Профсоюздік қоры

Кірістік салық мына түрде есептелінеді. егер жалақы(0-6) -ға дейін 1%, (6-8) -ға дейін 3%, (8-15) -ға дейін 5%, яғни кірістік салық

Қолға алатын сома

№ 2 Есептің берілгені :

У=к*(х 2 -1) /(х 2 2+1) фунциясының мәндерін х айнымалысын [-2, 2] аралығында 0, 2 қадамымен өзгергендегі мәндерді үшін есептеу керек . Мұндағы К=10.

Есептің нәтижесін мынадай кесте түрінде көрсету қажет болсын ;

х
к
У1=х 2 -1
У2=х 2 -1
У=k 3 (у1/у2)
№:
х:
к:
У1=х2-1:
У2=х2-1:
У=k3(у1/у2):

2. Негізгі және қосалқы кестелерді толтыру

А1 Ұяшығына кестенің тақырыбын жазыңыз: Кестенің тақырыбы деп сол кестенің бағаналар аты көрсетілген, жоғарғы қатарын айтамыз. Яғни есептің берілгені бойынша:

  • А1 ұяшығына1енгіземіз (есептің бірінші бағанасының аты) ;
  • В1 ұяшығына х енгіземіз ( кестенің екінші бығынысының аты) ;
  • C1 ұяшығына k енгізуміз ( кестенің үшінші бағанасының аты) ;
  • E1 ұяшығына y1=х^2-1 енгіземіз( кестенің төртінші бағанасының аты) ;
  • F1 ұяшығына y1=k^2+1 енгіземіз ( кестенің бесінші бағанасының аты) ;
  • F1 ұяшығына y= k* (y1/y2) енгіземіз ( кестенің алтыншы бағанасының аты)
  • Бағаналардың енін барлық жазнлар көрініп тұратындай етіп өзгуртіңіз.

Н1 ұяшығынан бастап бастапқы берілгенді жазатын қосалқы кестені толтырыңыз:

X0
STEP
K
X0: -2
STEP: 0. 2
K: 10

Мұндағы X0-X-тің бастапқы мәні, step-x-тің өзгеру қадамы, k-коэффициент (const) .

  • Ол үшін А2 ұяшвғына 1санын, ал В2 ұяшығына 2 санын теріп жазыңыз;
  • А2:В2 блогын белгілеңіз де, тышқанның курсорын осы блоктың оң жақ төменгі шетіне орналастырып, пайда болған қара түсті қосу белгісін А22 ұяшығына дейін жеткізген соң тышқанның батырмасын босатыңыз.
  • В2 ұяшығына =$H$2 адресін теріңіз.

Бұл абсолютті адрестеу В2 ұяшығына Н2 (х-тің бастапқы мәні) ұяшығының мәні енгізілетінін көрсетеді.

  • В3 ұяшығына =B2+$I $2 формуласын жазыңыз.

Бұл х-тің бастапқы мәніне І2 ұяшығының мәні, яғни қадамы қосылатындығын білдіреді. Қадам тұрақты 0, 2 тең болғандықтан абсолютті адрестеуді қолданамыз.

  • Осы формуланы В4:В22 ұяшықтарына көшіріңіз (автотолтыру функциясын, Түзету/КөшіружәнеТүзету/ Енгізубатырмаларының өзіңізге ыңғайлы біреуін қолдануға болады) .

Нәтижесінде осы блок -2 мен 2 аралығындағы қадамы 0, 2-ге өсіп отыратындай шамалармен толтырылуы керек (-2: 1, 8: -1, 6…2) 2, 5 С бағанасына К коэффициентінің мәндерін жазыңыз:

  • С2 ұяшығына =$J$2 абсолютті адрестерін жазыңыз.
  • С3 ұяшығына=С2формуласын теріңіз. Осы формуланың жазылуын түсіндіріңіз
  • С3 ұяшығндағы формуланы С4:С22 ұяшықтарына көшіріңіз. Коэффициент 10-ға тең болғандықтан, осы блоктағы ұяшықтарға10 саны жазылуы керек.

D бағанасына у1=х^x-1 функциясының мәндерін есептеу формуласын өрнектеңіз

Ол үшін:

  • D2 ұяшығына =В2⋅В2-1 формуласын жазыңыз,
  • Осы формуланыD3:D22 ұяшықтарына көшіріңіз.

Нәтижесінде бағанадағы ұяшықтар бастапқы мәні 3 және соңғы мәні3 болатын y1-дің оң және теріс мәндермен толтырылуы керек.

Дәл жоғарыдағы тәсіл бойынша Е бағанасына y2=x^x+1 функциясын мәндерін есептеу формуласын өрнектейміз.

Нәтижесінде:барлық сандар оң және бастапқы шама 5 соңғы шама 5болуы керек.

F бағанасын y=k*(x^2-1) /(x^2+1) функциясының мәндерімен толтырыңыз.

  • F2 ұяшығына =C2*(D2/E2) формуласын жазыңыз;
  • Осы формуланы F2:F22 ұяшықтарына көшіріңіз.

Нәтижесінде: Функцияның басиапқы мәні 6, соңғы мәні 6 оң және теріс сандар болуы керек.

Функциялардың негізгі категориялары

«Математические» категориясы функцияларының сипаттамасы:

ABS (сан) - санның модулі;

COS(сан) - косинусты табу;

EXP(сан) - Функциялардың негізгі категориялары

LN(сан) - логарифмді есептеу;

SIN (сан) - синусты есептеу;

TAN (сан) - тангенсті есептеу;

КОРЕНЬ (сан) - квадрат түбір табу (оң мәнін) ;

ПИ () -санының 15 цифрға дейінгі дәлдікпен алынған мәнін береді;

СУММ (сан1; сан2; . . . ) - аргумент тізім іне кіретін барлы қ сандардың

қосындысын есептейді;

«Статистические» категориясы функцияларының сипаттамасы:

МАКС(аргумент1; аргумент2; …) - аргументтердің үлкенін анықтайды;

МИН(аргумент1; аргумент2; …) - аргументтердің кішісін анықтайды;

СРЗНАЧ(аргумент1; аргумент2; …) - аргументтердің орташа мәнін табады;

функциясының мәнін есептеу;

LN(сан) - логарифмді есептеу;

SIN (сан) - синусты есептеу;

TAN (сан) - тангенсті есептеу;

КОРЕНЬ (сан) - квадрат түбір табу (оң мәнін) ;

ПИ () -санының 15 цифрға дейінгі дәлдікпен алынған мәнін береді;

СТЕПЕНЬ (негіз сан; дәреже көрсеткіші) - дәрежелеу амалын береді;

[1]

Мынандай есепті шығарып көрейік: "А" деген қаланың халқы 2010 жылы қанша болады?

Әрине, бұл есепті шығару ҥшін "А" қаласының халқы жыл сайын қалай өзгеріп отыратынын, яғни оның өзгеру заңдылығын білу керек. Бұл заңдылықты уақытқа байланысты өзгеруге тиіс f(t) функциясымен белгілейік. Бірақ бұл функция әзір белгісіз, үйткені халықтың өсуі көптеген факторларға: экология, медициналық қызмет көрсету, моральдық, құқық және саяси жағдайларға байланысты болады. Негізінде, жалпы демографиялық мәліметтерге сүйеніп, ол функцияның жалпы түрін былайша өрнектеуге

болады:


Ұқсас жұмыстар
Электрондық кестемен жұмыс. қысқа мерзімді сабақ жоспары. 8 класс
ИНФОРМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНЫП ОҚЫТУ
Excel электрондық кестеде экономикалық есептерді шешу
Оқушылар тапсырмаларының жауаптары
Топтарға тапсырма ұсыну
Ms excel кестелік редакторы. кестедегі есептеулер
Өндірістік оқу сабағы
Microsoft Excel терезесіне шолу
Информатика 8 класс "ms excel-дің мүмкіндіктері"
Microsoft excel кестесі көмегімен модельдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz