Санды 1-ге көбейту. санды 0-ге көбейту

Шығыс Қазақстан облысы

Аягөз қаласы

«К. Бозтаев атындағы қазақ орта мектебі»КММ

Бастауыш пнінің мұғалімі

Касаинова Салтанат Каирбековна

Сабақтың тақырыбы: Санды 1-ге көбейту. Санды 0-ге көбейту

Мақсаты: 1) 1-ді санға көбейту және 0-ді санға көбейту жағдайларын қарастыру.

Жақшалы және жақшасыз өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібі

туралы білімді бекіту.

2) Сабаққа қызығушылығын, зейінің, байқампаздығын, ойлау қабілеттерін

дамыту.

3) Алғырлыққа, шапшандыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, карточкалар, беттерге жазылған өрнектер, жұлдыздар, мултиктегі

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасып, түгендеп, назарларын өзіме аударамын.

ІІ. Үй тапсырмасы:

(тексерілген дәптерлері таратылып беріледі)

-Ал, қанеки балалар кім бес алды? (Осы жерде үй жұмысынан жіберген қателері жайында айтылады)

8:4=2 5*3=15

Біз қандай математикалық ережелерді біліміз?

Бөлудін компоненттерін айтайықшы?

Азайтудын компоненттерін айтамыз?

ІІІ. Жаңа сабақ:

-Балалар, мен бір сан ойлап тұрмын, оған 2 санын қосқанда 4 болады, ал келесі қандай сан болады? 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20.

-Жақсы, мен бір санды ойлап тұрмын ол санға 3-ті қосқанда 6 саны шығады. Ол қандай сан, ал келесі қандай сан болады? 9, 12, 15, 18, 21, 24, 27, 30.

-(Паравоз музыкасы қосылады) Бүгінгі сабақта біз паравозға мултиктегі кейіпкерлерді отырғызуымыз керек, және дұрыс есепті шығарған балаға паравозға салуға мумкіндік бар және дұрыс есеп шығарғандарға жұлдыз беріледі, сабақтың аяғында 5 жұлдыз алса ол 5 алады.

Тақтаға өрнектер жазылған беттер ілінеді. Балалар қосуды көбейтумен алмастырып, қорытынды жасайды.

1+1=2 2*1=2

1+1+1+1=4 4*1=4

1+1+1+1+1+1+1+1+1+1=10 10*1=10

Қорытынды: Кез-келгкен санды 1-ге көбейткенде сол санның өзі шығады.

0+0+0=0 3*0=0

0+0+0+0+0=0 5*0=0

Қорытынды: Кез-келген санды 0-ге көбейткенде нөл шығады.

Оқулықпен жұмыс:

№1 Оқы. Теңдіктерді салыстыр. Қорытынды жаса. (диофилім лентасы ілінеді)

3*1=3 100*1=100

5*1=5 999*1=999

10*1=10

№2 Оқы. Теңдіктерді салыстыр. Қорытынды жаса. (диофилім лентасы ілінеді)

3*0=0 100*0=0

5*0=0 999*0=0

10*0=0

№3 Ауызша «Көрші-көрші» ойыны

Сыныптағы оқушылардың барлығы қатысады. Кезек-кезек жауабын айтады.

8*1=8 9*1=9 12*1=12 30*1=30 27*1=27 394*1=394

10*0=0 7*0=0 25*0=0 40*0=0 38*0=0 875*0=0

№4 Тақтада баған-бағанмен есеп шығарады 4 оқушы шығады.

Паравозға мультиктегі кейіпкерлерді орналастырамыз.

(37-13) *0=0 (93-70) *0=0 33*0+9=9 5*0+6*1=6

(78+44) *1=122 20*(30-29) =20 44*1-0=44 9*1-7*0=9

№5 Тақтада орындалады. Автобус пен жеңіл көліктерінің суреттері ілінеді.

Автобекетте 10 автобус және 10 жеңіл машина тұрған еді, олардың 15-і жол жүріп кетті. Автобекетте неше көлік қалды?

Автобус-10м

Жеңіл машина-10м

Жүріп кетті-15м

Қалды-?м

Ш: (10+10) -15=5м

Ж: 5 машина

№6 карточкада орындайды

62-(15+29) =

87-(18+60) =

91-(50+34) =

-Балалар енді тақтаға дұрыс жауабын ілемін сендер тексеріп көріндер.

№7 карточкада орындайды

13 дм

17 дм 24 дм

16 дм

Ш. Р=13+24+16+17=70 (дм)

Ж:70 дециметр

ІV. Бекіту.

Карточкалар таратылады:

Нашар оқитындарға: Жақсы оқитындарға:

8*1= 4+4+4=

12*0= 3+3+3=

9*1= 2+2+2=

1*0= 1+1+1=

V. Қорытынды: Кез-келгкен санды 1-ге көбейткенде сол санның өзі шығады.

Кез-келген санды 0-ге көбейткенде нөл шығады.

VІ. Бағалау: Кімде қанша жұлдыз?

Уйге:№6 216 бет 2, 3.


Ұқсас жұмыстар
Орта мерзімді жоспар математика. 3 сынып
Қысқаша көбейту әдістері
Тік ұшақ
Математика. 176х4 және 704:4 жағдайындағы жазбаша көбейту және бөлу
Рационал сандарды көбейту жайлы
Жай бөлшектерді бөлу жайлы
Санды 7-ге көбейту және бөлу
Математика. Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу
7 - ге көбейту және бөлу.Санды есе арттыру, артық ұғымдары жөнінде теңдеу құра білуге үйрету
Екілік сан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz