8-9 сыныптарға арналған Біздің толағайлар спорттық жарысының өткізу жоспары

D:\Картинка\рамки\Рамки\20e4077937a9.png

Саға негізгі мектебі

Бекітемін: Тексерілді;

Мектеп директоры: Оқу ісінің меңгерушісі:

Ш. И. Кушекова Р. А. Жұмағалиева

«__»2013ж «__»2013ж

SL00712_.WMF

БІЗДІҢ ТОЛАҒАЙЛАР

/8-9 сыныптар арасында /

Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: Қалманов Жарас Рысбаевич

2012 - 2013 оқу жылы

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,

Саға ауылы, Саға негізгі мектебі

Дене шынықтыру пәні мұғалімі

Қалманов Жарас Рысбаевич

Тақырыбы: «Біздің толағайлар!»

Мақсаты: Оқушыларды дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа тәрбиелеу, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайтуға әсер ету.

Түрі: жарыс түрінде.

Керекті құралдар: Парта, пневматикалық мылтық, Маркер, плакаттар, гір тас (16кг), т. б.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі « Біздің толағайлар! » атты спорттық жарысқа қош келдіңіздер! Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» жолдауында «Қазақстан азаматтары мен балаларымыз құқығын қорғайтын борышын ұстайтын азамат етіп тәрбиелеу қажет. Біздің оқушыларымыз дені сау, саналы, білімді, өрісі биік, денсаулығы мықты болып өсуі тиіс» деп айтқан болатын. Әрбір Қазақстан азаматының алдына қойған басты мақсаты өз елінің, жерінің, халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Адам баласының спортпен шұғылдану басты міндеттерінің бірі болу керек. Олай болса, бүгінгі өтетін « Біздің толағайлар! » атты жарысын көріп тамашалаңыздар!

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың,

Спортты серік ете біл,

Чемпион болу оңай ма

Арман болған талайға

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

Сонымен ортаға жарысқа қатысқалы отырған оқушыларды шақырамыз.

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,

Әр таңды бақытпенен атырамыз

Сайысқа қатысуға енді ортаға

Спортсмен оқушыларды шақырамыз.

  1. 9-сынып оқушысы Снасапин Темірлан
  2. 9-сынып оқушысы Бексұлтан Алмат
  3. 9-сынып оқушысы Ыбырашов Айболат
  4. 9-сынып оқушысы Бримбетов Имамбек
  5. 8-сынып оқушысы Аллахулов Мэлсбек
  6. 8-сынып оқушысы Еркебаев Ғасыр
  7. 8-сынып оқушысы Серіков Ескендір

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер!

Жарысты бастамас бұрын, ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен

таныстыра кетейік.

  1. Мектеп директоры: Ш. И. Кушекова
  2. Оқу ісінің меңгерушісі: Р. А. Жумағалиева
  3. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: Д. Н. Аденов

Олай болса біз Лондон олимпиадасының жеңімпаздарына тоқталайық Лондондағы ХХХ Олимпиада ойындарының жүлдегерлері. 2012 жыл Лондонда өткен олимпиадалық ойындарда біздің құрама: 7 алтын, 1 күміс, 5 қола жеңіп жеңіп алып, жалпы командалық есепте 12 орынға шықты және алтын медалдар саны бойынша алғашқы ондыққа кірді. Бұл біздің еліміздің мақтанышы!

Сонымен Слайдтты тамашалап алайық!

Жарыстың шарттары:

  1. Мергендер
  2. Шымыр болсаң . . . ! (Бұл шартта оқушыларымыз 16 келі гір тасын көтереді)
  3. Білектесу (Оқушылар бір-бірімен білектесіп күш сынысады)
  4. Сурет салу (оқушылар тапсырылған тапсырма бойынша сурет салады)
  5. Өз біліміңді тексер! (Сұрақтарға жауап беру. )

Сұрақтар:

  1. 2008 жылы Олимпиада қай елде болып өтті? (Қытай, Пекин)
  2. Лондон Олимпиадасында Қазақстанға бірінші алтын медалды алып берген кім? (Александр Винокуров)
  3. Футбол алаңының ұзындығы мен ені неше метр? (Ұзындығы 90, ені 45 м)
  4. Волейбол алаңының ұзындығы ен ені неше метр? (Ұзындығы 18, ені 9 м)
  5. Футбол сөзі қандай мағананы білдіреді? (Фут - аяқ, бол - доп)
  6. Футболдың отаны қай жер? (Англия)
  7. Қазақстандық зілтемірші чемпиондарды дайындаған бапкер кім? (Александр Ни)
  8. Қазақ тұңғыш Олимпиада чемпионы кім? (Жақсылық Үшкемпіров)
  9. Лондон Олимпиадасында 3 рет қарғып секіруден чемпион болған кім? (Ольга Рыпакова)
  10. Светлана Подобедова неше кг тасты көтеріп әлем рекордын жаңартты? (295кг)
  11. Баскетбол ойынында әр командада неше адам ойнайды?(5 адам)
  12. Мектепте президенттік сынама қай сыныптарға жүргізіледі? (5, 9, 11 сыныптарда)
  13. Стритбол ойыны қай спорт түріне жақын? (Баскетбол)
  14. Қазақ ұлттық ойындарын ата.
  15. Илья Ильин неше рет чемпион атанған? (3 рет әлем, 2 рет Олимпиада чемпионы)

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Өнерге биік сеніңіз

Думанға қызық келіңіз.

Әділқазы ел сенген

Өнерге баға беріңіз!

Құрметті қауым! Сөз кезегі әділқазылар алқасында (әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды) .

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сауда.

- дей отырып, барлығыңызға дендеріңіз сау болсын, деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз!


Ұқсас жұмыстар
Балабақшадағы Біздің отбасы осындай отбасылық спорттық сайысын ұйымдастыру және өткізу
Желтоқсан - Тәуелсіздік бастауы: 8-9 сыныптарға арналған Атажұрт танымдық сайысының өткізу бағдарламасы
Біздің толағайлар: салауатты өмір салты және 2012 жылғы Лондон олимпиадасының қазақстандық жеңімпаздары
7-8 сыныптарға арналған Ғажайып физика интеллектуалды сайысын өткізу ережесі
9-сыныптарға арналған информатикадан Көңілді тапқырлар сайысының өткізу жоспары
Толағай отбасылық спорттық сайысының бағдарламасы мен өткізу жоспары
Саламатты Қазақстан: 9-11 сыныптарға арналған зияткерлік-спорттық ойын жоспары, 2014-2015 оқу жылы
6-сынып оқушылары арасында Информатика әлеміндегі спортшылар эстафеталық жарысының өткізу жоспары
Мен және менің отбасым атты отбасылық спорттық ойындардың ұйымдастыру және өткізу жоспары
Қ. Жазықов атындағы орта мектептің Жігер жеңіске жетелейді спорттық жарысының сценарийі - 2010 жыл (Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz