2-4 сынып оқушыларына арналған Шынықсаң шымыр боласың эстафеталық спорттық сайысының сабақ жоспары

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,

Саға ауылы, Саға негізгі мектебі

Дене шынықтыру пәні мұғалімі

Қалманов Жарас Рысбаевич

Тақырыбы: Шынықсаң шымыр боласың!

Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;
Оқушылардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.
Түрі: Эстафеталық ойын

Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, ысқырық, уақыт өлшеуіш.

Құрметті мұғалімдер, оқушылар бүгінгі «Шынықсаң шымыр боласың!» сайысына қош келдіңіздер!

Көңілді жарысқа 2, 3, 4 сынып оқушылары қатысады.
Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.

Бүгінгі сайыста 4 топ қатысады.


Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!

- Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.

- Спорттық сайсымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.
І. Кезең. «Секіртпемен секіру. » Шарты: Секіртпемен секіріп, тапсырманы орындау.
ІІ кезең: «Аққала»
Шарты:
1. Үлкен резеңкі доптың үстіне отырып секіріп жарысу.
2. Допты жерге ұрып жүгіру.
3. Футбол добын теуіп бару.
4. Допқа шелек кигізу.

ІІІ кезең: «Туннель»
Шарты: Әр топқа матадан жасалған туннель беріледі. Әр ойыншы туннель арасынан өтіп, белгіленген жерге дейін жүгіріп, орнына келеді.
ІV кезең: «Дартс» Шарты: дротиктерді лақтырып, тиген жердегі сан есептелініп, сол бойынша қай топтың упайы көп, сол топ сол шарттың жеңімпазы болады.
V кезең. Мергендер. Шарты: Әр ойыншы үрленген шарды атады. Қанша шар жарғаны саналады.
Құрметті сайыскерлер, шарттар түсінікті болса сайысымызды бастаймыз! Сіздерге сәт сапар!

1-Топтың ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас.
2- Топтың ұраны: Бәріміз - біріміз үшін, біріміз - бәріміз үшін.
3- Топтың ұраны:
Салауатты өмір салтын сақтаймыз,
Жаттығудан ешқашан да қашпаймыз.
4- топтың ұраны : Парасатты, айбынды,
Боламыз біз сегіз қырлы, бір сырлы.
Әр кезең сайын әділқазылар өз бағасын береді.


Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар,
-деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.

Спорт - көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптар үшін Шынықсаң шымыр боласың эстафеталық спорттық сайысы
Шынықсаң шымыр боларсың: Көңілді старт - командалық дене шынықтыру жарысы
2-сынып оқушыларына арналған Зерек бала танымдық сайысының өткізу жоспары
2-сынып оқушыларына арналған Елім менің білім сайысының жоспары
1-сынып оқушыларына арналған Жігіт сұлтаны сайысының сценарийі
Толағай отбасылық спорттық сайысының бағдарламасы мен өткізу жоспары
Ашық сабақ жоспары: 4-сынып - эстафеталық ойындар мен ұлттық Хан талапай
Әкем, шешем және мен отбасылық спорттық сайысының сценарийі мен ұйымдастыру жоспары
5-6 сынып оқушыларына арналған командалық спорттық жарыс сабақ жоспары
4×100 м эстафеталық жүгіру бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz