Есік гуманитарлық-экономикалық колледжіндегі Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар танымдық ойыны: математика, физика және информатика пәндері бойынша сайыс

XXI ғасыр көшбасшысы

“Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар” атты танымдық ойын

Сагимбекова О. К.

Есік гуманитарлық - экономикалық колледжі.

Мақсаты:

  1. Оқушылардың математика, физика, информатика пәндерін алған білімдерін тексеру; топ қолбасшысын анықтау
  2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту
  3. Оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттыр

Көрнекілігі: графопроектор, компьютер

Барысы:

1-жүргізуші:

Өмір деген көк мұхиттың толқыны

Бір-бірімен жатқан шулап, жалғасып

Бір-бірімен жатқан тулап, арбасып

О, толқындар арпалысып алға шық

Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын

Құштарлықтың толғағы мен көктемі - деп Төлеген Айбергенов ағамыз жырлағандай өмірдің өзі сайыс.

Біздің колледжде бүгін математика, физика, информатика пәндерінің алғырлары білімдерімен күш сынаспақ.

2-жүргізуші: Білімнің маңызын Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: “Біз өмір бойына жететін білім алу” моделінен “Өмір бойы білім алып өту” моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық” - деп айтып отыр.

1-жүргізуші: “Білімді азамат - ел ертеңі” (нақыл сөз)

2-жүргізуші: “Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар” (мақал)

1-жүргізуші: “Халыққа наннан кейінгі ең қажеттісі - білім” (Ж. Дантон) т. с. с халықтың нақыл сөздері бекерден бекерге айтылмаса керек.

1-жүргізуші: Ғылыми - техникалық прогресс, ғылымның басқа салаларының дамуы жаратылыстану ғылымның құрылымын анықтау үшін математикалық білім алу ерекшелігіне қызығуды арттыруда математика, физика, информатика пәндерінің орасан зор маңызы бар.

Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, колледжіміздегі білімді жастарды анықтайтын, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыратын: “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” атты танымдық ойынымызды бастаймыз.

2-жүргізуші:

Шақырамыз келіңдер жарысуға

Күш, өнер, біліммен алысуға

Бар өнерді салайық ортамызға

Қанекей, кім шығады сайысуға.

1-жүргізуші: Ойын бастамас бұрын қазылар алқасын сайлап алайық:

Есеп комиссиясы, әділ қазылар мүшесін атау;

2-жүргізуші: Білімді адам еш нәрседен қорықпайды, әр уақытта батыл, ортаға білімді тұлпарларымызды шақырамыз. (әр студент өзінің өмірдегі ұстанымдарын айтады)

1-жүргізуші:Сайысымыздың бірінші туры «Бәйге»

Әр студент жеребе бойынша жауап береді

2-жүргізуші: Айырмашылығы тек таңбаларында болатын сандар:

а) оң сандар б) қарама-қарсы сандар с) теріс сандар

1-жүргізуші: Ұялы телефонды ойлап тапқан физик-ғалым:

а) Мария Кюри б) Ж. Альферов с) Дж. Томпсон

2-жүргізуші: Ақпараттың ең кіші өлшемі

а) 1 байт б) 1 Кбайт с) 1 бит

1-жүргізуші: Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі

а) 180° б) 90° с) 120°

2-жүргізуші: Дыбыс толқындарын электр толқындарына айналдыратын құрал:

а) патекфон б) микрофон с) телефон

1-жүргізуші: Компьютерде өңделетін ақпарат қай түрде беріледі?

а) бейсик тілінде б) мәтіндік түрінде с) екілік кодтарда

2-жүргізуші: Алымы бөлімінен үлкен бөлшек:

а) дұрыс бөлшек б) жай бөлшек с) бұрыс бөлшек

1-жүргізуші: Күшті өлшейтін құрал

а) манометр б) динамометр с) термометр

2-жүргізуші: Қандай құрылғылар қосымша деп есептеледі?

а) математикалық процессор б) принтер с) арифметикалық-логикалық құрылғы

1-жүргізуші: Шеңбердің кез келген екі нүктесін қосатын кесінді?

а) доға б) радиус с) хорда

2-жүргізуші: Молекулалардың үздіксіз және ретсіз қозғалатын процесі:

а) диффузия б) индукция с) дедукция

1-жүргізуші: WINDOWS 98 программалық қамтамасыз етуі қай класқа жатады?

а) құрал-жабдықтық ортаға б) операциялық жүйеге с) қолданбалы программаға

2-жүргізуші: Архимед қай елдің ғалымы:

а) неміс б) грек с) ағылшын

1-жүргізуші: Заттың ең ұсақ бөлшегі

а) атом б) молекула с) ядро

2-жүргізуші: Мәтіндік, графикалық редакторлар программалық қамтамасыз етудің қай типіне жатады?

а) жүйелік б) қолданбалы ПҚ с) құрал-жабдықтық орта

1-жүргізуші: Еркін 30 теңгеге кітап сатып алғанда өзінде барлық ақшасының 50% қалды. Еркінде барлығы қанша ақша қалды?

а) 60теңге б) 70теңге с) 30теңге

2-жүргізуші: Жерден басқа жалғыз серігі бар планета?

а) Юпитер б) Сатурн с) Плутон

1-жүргізуші: Сурет, график, сызба жасауға арналған программа:

а) кестелік процессор б) мәтіндік редактор с) графикалық редактор

2-жүргізуші: Арбаның дөңгелегінің 10 шабағы бар. Олардың аралықтары қаншаға тең?

а) 9 б) 11 с) 10

1-жүргізуші: Қажетті мәліметтерді тез табуға және оларды қолайлы түрде кескіндеуге арналған программа:

а) деректер базаларын басқару жүйелері

б) құжат дайындайтын прогаммалар

с) электрондық кестелер

Бәйге турының қорытындысын жасау

2-жүргізуші: Енді екінші тур «Полиглот» турын бастайық

Математика 10 20 30 40

Физика 10 20 30 40

Информатика 10 20 30 40

1-жүргізуші:Математика 10:Жазықтың негізгі фигураларын ата.

2-жүргізуші: 20балдық: Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да ұзындығы жазулы тұр бойында

1-жүргізуші: 30балдық:Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан,

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге санап қой.

2-жүргізуші: 40балдық: «Математика - ғылымдар патшасы, ал арифметика - математика патшасы» бұл сөздің авторы кім?

1-жүргізуші: Физика10:Лақтырылған тас қандай күштің әсерінен жерге түседі?

2-жүргізуші: 20балдық: Формуласы күрделі,

Есептеп жылу мөлшерін

Ойлап тапқан ғалымға,

Берген бірлік өлшемін,

1-жүргізуші: 30балдық: Неліктен рельстер арасында саңылау қалдырады?

2-жүргізуші: 40балдық: Физикада тұңғыш Нобель сыйлығын алған ғалым. Бұл ғалым қандай жаңалық ашқаны үшін Нобель сыйлығңын иеленге?

1-жүргізуші: Информатика 10: Компьютердің негізгіқұрылғыларын ата.

2-жүргізуші: 20балдық: Алғашқы компьютер қашан, қай елде жасалынды?

1-жүргізуші: 30балдық: Құжатқа сурет кірістіру үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?

2-жүргізуші: 40балдық: Компьютерлердің жұмыс істеу принциптерін ашқан ғалым кім?


Ұқсас жұмыстар
8-сыныптар арасындағы экологиялық-танымдық сайыс Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар зияткерлік сайыс сабақ жоспары
8-сыныпқа арналған физика пәнінен сайыс сабақ жоспары Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар: пәнаралық қорытынды интеллектуалдық сайыс
Сабақ жоспары: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атты сыныптан тыс сайыс
Мыңнан жүйрік, жүзден тұлпар: математикалық интеллектуалдық сайыс бағдарламасы мен өткізу тәртібі
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар: балалардың тілдік құзыреттілігін дамытуға арналған сайыс жоспары
3-сынып оқушыларына арналған Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар зияткерлік сайыс бағдарламасы
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар зияткерлік ойыны: 6-сыныптарға арналған сыныптан тыс іс-шара жоспары
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар эстафеталық ойынының оқу-тәрбиелік ұйымдастыру жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz