Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Табиғатты аялау
<<Табиғатты аялау - ата салтымыз,тәрбиеге мән берген дана халқымыз>>
Сагимбекова О.К.
Есік гуманитарлық - экономикалық колледжі
Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2050 жолдауында <<Мәңгілік Қазақстан>> жобасы,ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Өйткені егемен еліміздің әрбір азаматтының бойында халқымыздың қалдырған асыл - мұраларына деген ынта - жігері ерекше орын алу керек. Ата- бабаларымыздың тағылымы мол өнегелі өсиеттерін,толғамы терең даналық ой-пікірлерін,асыл қасиеттерін жас ұрпақтарды тәрбиелеуде үнемі үлгі өсиет етіп пайдалануымыз шарт.
Халқымыздың тағылымы мол мұраларының бірі - ғасырлар бойы жинақталған табиғатты аялау дәстүрі екендігін ерекше атап өткен жөн. Сондықтан да әрбір ата - аналар, тәрбиешілер мен ұстаздар өздерінің жұмыстарының өнегелігіне мән беріп, ата - бабамыздан қалған қасиеттері де қасиетті мұраларының бірі - табиғатты аялау,оған үнемі қамқорлық жасап отыру, оны көркейту мәселелеріне арнайы тәрбие сағатын арнау қажет.
Бабалар табиғатты аялаған,
Малын бағып,бауырын саялаған.
Табиғатты <<Ана>> деп ардақ тұтып,
Қамқорлығын ешқашан аямаған.....
Әр халықтың өскен ортасы,кіндік қаны тамған туған жерінің барлық қадір қасиеті оның тұла бойындағы адамгершілік ақыл - ой парасатымен үнемі тамырласып әрі тағдырласып жатады.Қазақ халқының ұғым - түсінігіндегі ең бір қимас та қымбат сөз <<туған жер>> деген ұғымымен үндесіп тұрады. Туған жер,өскен ел, атамекен, атажұрт сияқты киелі сөздер әр азаматтың жүрегіне шуақ та, қуат та беретініне ешбір күмән келтіре алмайсыз. Туған жер дегенде тұла бойындағы қаны қызбайтын, жүрегі елжіремейтін ешбір адам баласы бола қоймас. Сондықтан да, халқымыз туған жер - атамекенін арымен де,жанымен де жақсы көріп, ұл қызындай аялай білген, керек десе қасық қаны қалғанша қорғай да білген. Ардақты ақын Сапарғали Сырымбетовтің:
Батыр болған бабамнан,
Ел қорғауды үйренгем.
Ару болған анамнан,
Ар қорғауды үйренгем.
Туып өскен ұям деп,
Жер қорғауды үйренгем!-
Деген жүрегінен жарып шыққан жыр жолдары соны аңғартып тұр.Халқымыздың табиғатқа етене жақын болуына тарихи қалыптасқан өмір салты да әсер еткен.Халық өзін табиғаттың бөлінбес бір бөлшегі деп есептеп, оны аялауға, оған мейірімділік көрсетуге ерекше мән берген. Қазіргі кезде өзіміз иелік етіп отырған кең байтақ жерді бабаларымыз аттың жалында, түйенің қомында жүріп білектің күшімен қорғауы, сақтап қалуы тарихта теңдесі жоқ ұлы ерліктің белгісі. Бабаларымыздың осындай асыл қасиеттерін бағалай білген ақиық ақын Кәкімбек Салықов:
Сұлу Көкше, өр Алатау арасы,
Бәрі тұтас қазағымның даласы
Сонша жерді сойылымен қорғаған,
Бабаларым осал емес - ау шамасы,- деп тебірене отырып жырға қосқан . Біздің қазіргі кезде аузымыздан күнделікті тастамай айтып жүрген экологиялық мәселелерімізге қазақ халқы ертеден - ақ ерекше мән білген.Күнделікті тұрмыс - тіршілігінде табиғаттың барлық жанды, жансыз туындыларына қиянат көрсетуге үнемі қарсы тұрып, <<обал>>, <<сауап>> деген ұғымдарды кейінгі ұрпағына ұлағат етіп қалдырған.Халықтың бұл тұрғыдағы экологиялық тағылымы осы күнге толық мәнінде зерделеніп зерттелмей отыр. Әрбір табиғат байлықтарына және оның дара туындыларына да арнайы айтылған экологиялық тыйым сөздер де халық арасында кеңінен таралған. Ондай тыйым сөздердің тәрбиелік мәні өте зор. Мысалы: күнделікті мұқтажымызда өтеп жүрген ауыз судың тазалығын сақтауға арналған тыйым сөздерге <<суға түкірме>>, <<суды ылайлама>>, <<бұлақты былғама>> т.б. жатады. Осы айтылған әрбір сөзде қаншама терең мағына, ұлағатты ұғым жатыр десеңші!
Жер бетінің сән берер сәулеті мен бағалы байлық дәулеті деп есептелінер жасыл желекке, орман - тоғайға қатысы бар тыйым сөздер қаншама! <<Көкті жұлма>>, <<көкті таптама>>, <<орманды өртеме>>, <<жалғыз ағашты кеспе>>, <<бауға балта шаппа>> т.б.
Бұл айтылған әрбір тыйым сөздің мән - мағынасына терең мән беріп, зерделейтін болсақ, оның әрқайсысының айтар ойы мен мақсаты кең ауқымды ой - пікірді қамтиды. Жан - жануарларды қорғау, аялау жайлы тыйым сөздер қаншама!
Халықтық экологиялық мұралардың келесі бір арнасы - ел арасында кең тараған нақыл сөздер мен мақал мәтелдер. Оның әрқайсысы халықтың өмір тәжірбиесіне алынған қордалы қорытындылардан, мәні терең тұжырымдардан тұрады.
Халық ұғымында <<табиғат>> - деген ұғым <<туған жер>> деген сөзбен мағыналаса, мазмұндас айтылады. Мысалы:
<< Туған жерге туыңды тік>>, <<туған жердің топырағы да киелі>>, <<жері байдың - елі бай>>, <<тозған жерде тоқшылық болмайды>> т.б.
Ата- бабаларымыз туған жерін жауға да,дауға да бермей,көзінің қарашығындай қорғай білгендігі жайлы аңыз - әңгімелер де көп.
2012 жылғы желтоқсанның 14-де Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты мәжілісте <<Қазақстан-2050>> стратегиясын қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына кезекті жолдауын ұсынды. Оның негізгі міндеттері атап өтілді.Жолдауда табиғат ресурстарын берекелі пайдалану жолы арқылы қоршаған ортаны сақтау сұрақтарына ерекше назар аударылған,сол үшін табиғат ресурстарын басқарудың принципиалды жаңа жүйесі енгізіледі және еліміздің су ресурстарына қатысты жаңа саясат тұжырымдау қажет деп атап өтілді.
Осы мәселе бойынша Президент былай деді: <<Бізге өз табиғи байлықтарымызға деген көзқарасымызды ой елегінен өткізудің қағидатты маңызы бар. Біз оларды сатудан қазынамызға құя отырып,оларды дұрыс басқаруды,ең бастысы,еліміздің табиғи байлығын орнықты экономикалық өсуге барынша тиімді кіріктіруді үйренуіміз керек.Қоғамымыздағы ой-сананы түбегейлі өзгерту қажет.Біздің ең асыл табиғи байлығымыз - суды ысырап етуді тоқтатуымыз қажет.>> деп, барлық азаматтарды табиғат және энергетикалық ресурстарды берекелі пайдалануға шақырған. Шын мәнінде, бүгінгі күні өңіріміз үшін экологиялық мәселенің бірі - су ресурстарының тапшылығы және судың ластануы. Өз табиғатымызды аялап, гүлдендіру өз қолымызда екенін айтқан деп есептер едім.
<<Ата - бабаларымыздың ақ найзаның ұшымен ақ білектің күшімен, қанын төгіп, жанын беріп жүріп қорғап қалған қазақтың қасиетті жері>> - біз үшін баға жетпес байлық, маңызды мұра екендігін ешқашан да естен шықаруға болмайды.
Белгілі ғалым,әрі жазушы Әсіп Сапабек өзінің <<Қазақ қасіреті>> деп аталатын құнды еңбегінде <<намысы жоқтың - елі жетім, қорғаны жоқтың - жері жетім>> деген халық даналығын келтіре отырып, нақтылы деректер арқылы қазақ жерінің қадір - қасиетін, оны қорғай білген данышпан бабаларымыз жайлы құнды деректерді көп келтірген.
Қасиетті Жер - бабаларымыздың бізге қалдырған асыл мұрасы, оны қорғау, оны көркейту ұрпақ алдында тұрған абыройлы міндет.
Адам бойындағы адамгершілік асыл қасиеттер де туған жермен, өскен табиғат ортасымен сабақтасып жататынын ғалымдар ерекше атап көрсетеді. Олай болса қазақ халқының жанының жомарттығы, кең пейіл дархандығы, қиялының ұшқырлығы, сезімінің асқақтығы мен мөлдірлігі кең даламызға, өзен - көлдерімізге, асқар тауларымызға тікелей үндесіп жатады. Халқымыздың біртуар асыл перзенттерінің бірі М.Әуезов өзінің 1918 жылы жазылған шағын мақаласында:
<<Адамға қорек беретін - табиғат, адамның тұрмысын, кәсібін, жан сипаттарын һәм түрлі түрге салатын табиғаттың шарттары, талабы, жігері өз маңайындағы табиғат әсерінен пайда болады>>, - дөп басып айтқан.
Табиғаттың қадір - қасиетін тереңінен түсінген халқымыз табиғаттың өзін де ұлы ұстаз, тәлімі тмол тәрбиеші санап, күнделікті ұрпақ тәрбиесіне басты құрал етіп пайдалана білген. Тіпті бала құрсақта жатқан кезінен бастап - ақ ана мен оның құрсағындағы сәбидің өзін мәпелеп, ренжуге тыйым салған.
Қазақ халқының туған жерге деген ыстық ықыласы мен аялы алақанынан, жүрек жылуын сөз еткенде даламыздың данышпан абызы әрі ақылгөйі Асанқайғы бабамыз асқар таудай алыстан көрінеді. Сондықтан да қазіргі кезде Асанқайғы бабамызды қазақтан шыққан алғашқы эколог деп мақтан етуімізге әбден болады. Оның желмаяға мініп алып, Жерұйықты іздеуі, қазақ жерінің әрбір өзен - суына, байтақ даласына берегн бағасы осы күнге дейін өз құнын жойған жоқ.
Туған жердің тағдыры талай - талай кемеңгер қол да, жол да бастаған бабаларымызды толғандырғандығы тарихтан белгілі.
Күллі түркі халқының данышпаны саналатын Қорқыт атаның артына қалдырған мұраларында да <<асқар тауларың құламасын, саялы ағаш сынбасын, қанаттарың қырқылмасын>> деген ұғымдары да туған жерінің табиғатын аялай біліңдер деген аталы сөздер!
Шығыс халықтарында имандылықтан келетін үш сауап бар: шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған, жолға ағаш еккен. Шөлді жерге құдық қазып, халық шөлін қандырса, малын суарып, айналасына жасыл желек отырғызса табиғаттың көркі емес пе!
Халқымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан салт - дәстүрлерінде де туған жерді қорғау, табиғатты аялау көрініс тапқан. Тек қана Наурыз мейрамының табиғатты түлетуге, көркейтуге қосатын үлесінің өзі ұшан - теңіз.Бұл мейрамның басты мақсатының өзі - табиғат заңдылықтарына үйлесімді табиғи тепе - теңдікті сақтауға негізделген. Айналаны тазарту, ағаш отырғызу, су көздерін тазалау, бұлақ көзін ашу т.б табиғат - Ана алдындағы адамдардың перзенттік міндеттерін орындауға жұмылдыратын тәлім - тәрбиенің өмірлік үлгісі деп мақтаныш сезіммен айтуға болады.
Елді қорғау, жерді қорғау дәстүрі ұрпақтан - ұрпаққа асыл мұра ретінде жалғасып, сабақтасып жатқандығын ауыз әдебиеті үлгілерімен би - шешендердің даналық сөздерінен, өмір шындығын жырға қосқан жыраулар толғауларынан да көптеп келтіруге болады.
Бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырған аманат өсиеттерінде де туған жерді қорғау өзекті орын алады. Мысалы:
Қылса да дұшпан қастығын,
Жолдасы бол жақсының.
Елді, жерді сақта деп,
Балам саған тапсырдым, -
деген аталы сөздерінің тәрбиелік мәні қандай?!
Ертеде халқымыздың ұл баланың кіндігін алты қырдан асыра апарып көміп тастау салты да болған. Оның мәні де тереңде жатыр. Ол ержеткенде алты қырдан асып жүріп, туған елі мен жерін қорғап жүрсін деген ізгі ниеттен туындаған.
Халқымыздың асыл азаматы Ғұмар Қараштың даналық ой - толғауы еріксіз ойға оралады:
<<Әуелі қолдан келсе еліңді сүй,
Ел үшін еңбек еткен еріңді сүй.
Қағбаға тауап ету керек болса,
Кір жуып, кіндік кескен жеріңді сүй.>>
Қазіргі өмір сүріп отырған біз,бізден кейігі ұрпақтар ата - бабаларымыздың қалдырып кеткен баға жетпес байлығы - туған жерімізді, оның тамаша табиғатын аялай білу перзенттік парызымыз деп аса зор жауапкершілік сезіммен қарауымыз қажет
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. <<Егемен Қазақстан>> журналы, 2050 стратегиясы
2.Қазақтың мақал-мәтелдер жинағы
3. <<Сыныптан тыс жұмыстар>>журналы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz