Сабақ жоспары :: Химия
Файл қосу
Заманауи сабаққа қойылатын талаптар
Заманауи сабақтарға қойылатын талаптар
Атырау мұнай және газ технологиялық колледждің химия пәні оқытушысы және әдіскер Далеуова Алмагуль Асауовна
Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру үшін мұғалімдергежаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, жан- жақты ізденістің нәтижесінде білім беру саласында жаңа педагогикалық технологиялардың
Саны да, сапасы да өсіп келеді, технология - белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі. Осы шеберлік арқылы сұғалімнің өз сабағын оқушыға жоғары сатыда жеткізуіне мүмкіндік береді. Мұғалім үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса, жаңашылдыққа жақын болғаны. Өзгелердің үлгісін өз ісінде пайдалана білсе, оған өзіндік қолтаңбасын қосып отырса- оқушы тәрбиелеу мен білім берудегі жетістік сол болмақ.
<<Технология>> ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы сан алуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы және т.б. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі - оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
"Инновация" ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: "Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея". Майлс "Инновация - арнайы жаңа өзгеріс.
Сонымен жаңа тұрпатты мұғалім ұғымы соңғы жылдары жарияланған шетелдік және қазақстандық педагогика оқулықтарында, ғылыми зерттеулерде <<жаңа типті мұғалім>>, <<мұғалім идеалы>>, <<шебер мүғалім>> түрінде берілсе, <<жаңа тұрпатты мүғалім>> термині терең қарастырылмаған. Жаңа тұрпатты мұғалім дегеніміз - кәсіби білім мазмұнын үздіксіз жетілдіріп отыратын, оқу үдерісін басқару қабілеті, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби сапасы жоғары, озық технологияларды меңгерген, оны қалауынша пайдаланатын құзыретті тұлға.
Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар::: қалыпты температуранық болуы;:: ауаны тазартып түру;:: жарықтың болуы;:: балаларды шаршатпау;:: іс-әрекетті түрлендіріп отыру. Мысалы, тыңдауды санаумен, жазба және практикалық жұмыстарымен ауыстыруға болады;:: сергіту сәтін уақытында және сапалы өткізу;
Сабақ жоспарының сызбасы
І. Сабақтың тақырыбы (күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес).
Сабақтың мақсаты:
Білім беру (оқушының білімінде, зерделеу дағдыларында, қалыптасуында қандай өсімдер жобаланады).
Дамыта оқыту (оқушылар ойлау қызметінің қандай логикалық операциялары мен тәсілдерін игереді және ол дамытудың қандай нәтижесі бола алады)
Тәрбиелік (тұлғаның қанадй қасиеттір қалыптасуда).
Сабақтың типі (күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес сабақтың типі мен түрі көрсетіледі).
Сабақтың түрі дәрiс-сабақтар,әңгімелеу, оқу кинофильмдерін қолдану, теориялық немесе практикалық, өздік жұмыстардың сабағы, аралас сабақ,зертханалық жұмсытардың сабағы, тәжірибелік жұмыстардың сабағы, саяхат, семинар, қағаз жүзінде тексеру, сынақ, бақылау жұмысы, сұрақ- жауап, т.б.
Оқытудың әдістері, әдістемелік тәсілдер, педагогикалық техникалары, педагогикалық технологиялар)
Жабдықтар: көрнекілік құралдар, ақпарат арналары,оқытудың дидактикалық құралдары.
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақты меңгерту
Бекіту
Қорытындылау
Бағалау

Кіріспе сабақ - бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарымен өтетін бірінші сабақ.
Жаңа бөлімді меңгеру сабағы - жаңа оқу материалын өтетін сабақ.
Пысықтау сабағы - өткен оқу материалын пысықтау сабағы.
Жаттығу сабағы - оқушылардың білімі мен дағыдысын жаттықтыру сабағы.
Тәжірибелі сабақ - оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақ.
Қайталау - қорыту сабағы - өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау - қорыту сабақтары.
Тексеру сабағы - оқушылардың білімін тексеретін сабақтар.
Білім сапасын бағалау сабағы - оқушылардың алған білімін бағалау сабақтары.
Қорытынды сабақ - оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту.Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Яғни жаңа технологияларды меңгеру жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруға қойылатын негізгі талап болып отыр. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты - <<оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру>> болып табылады.Жоғары мектеп педагогикасы теориясында зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі - педагогикалық модельдеу мәселесі. Жоғары білім беруді модернизациялау ең алдымен оның мазмұнын терең жаңартумен байланысты. Тек қана информатика пәнінің мұғалімі ғана емес, сонымен бірге кез келген пән мұғалімінің ақпараттық технологияны меңгеруі - жаңа тұрпатты мұғалімге тән басты белгі деп айтуымызға болады.
Қазіргі заманауи ЖОО-да семинар сабақтарының кең тараған 3 типін ажыратуға болады: Ағымдағы семинар Жекеленген семинар Арнайы семинар Ағымдағы семинар - бірінші курста жүргізіледі. Мақсаты -студенттерді өз бетінше жұмыстың ерекшелігімен, таныстыру, әдебиет-тер мен қайнар көздерімен таныстыра отырып, олармен жұмыс жасаудың әдістерін үйрету. Себебі, тәжірибеден белгілі болғандай, бірінші курс студенттері бірден бірнеше әдеби қайнар көздермен жұмыс жасай алмайды, қажетті материалды іріктеу, оған талдау жасау, тақырыпқа сәйкес материалдарды табу сияқты жұмыстар қиындьщ туғызады. Сондықтан әдеби қайнар көздермен жұмыс жасауды үйретуге, ғылыми мәселелерді шешуге шығармашылықпен қарау, семинар сабағына дұрыс дайындалу дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу керек. Семинар сабағына дайындалудың келесі кезеңі - реферат дайындау, тақырыпты анықтау, оқи білу, талдау, талқыға салу. Күрделі оқу, тәрбие міндеттері 2-4 курстарда жүретін саминар сабақтарыңда, әсіресе, 4-5 курстардағы арнайы семинар сабақтарында студенттерде меңгершетін материалға деген зерттеушшік көзқарас қалыптасады
Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті және тиімді іс-әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видеосабақтар, интернет сабақ, спектакль-сабақ, экскурсия-сабақ және т.б. жатқызуға болады. Біз оқушыларға күрделі және көлемі үлкен материалдарды бергенде зейіндерін сабаққа аудара алмай отыратындықтарын жиі байқаймыз. Дәл осы уақытта оларды қызықты әңгімемен немесе ойын арқылы ықыластарын аударып, сабаққа қарай көңілдерін аудару қажет.
Видео-сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілік ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызықтырушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан, оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотографиялар, бейнелік, дидактикалық материалдар, т.с.с) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Видео-сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Балалардың ақпаратты теледидар, компьютер және т.б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз. Видео-сабақты қолдану ақпаратты жоғарғы көрнекілікте көрсету және жаңашылдық элементін енгізуге көмектеседі. Ашық көркемдеулер және анимацияланған процестер назардың көбірек аударылуына, қарастырылатын тақырыпқа байланысты қызықтырушылық тудырады. Егер мұғалімнің түсіндіруін оқушы дұрыс қабылдай алмай қалса, видео-сабақтар арқылы түсіндіру қабылдауға жеңіл әрі қызықты. Мұндай әдіс жаңа материалды түсіндіруге кететін уақытты азайтады. Мысалы лекциялық материалдың мазмұны бүкіл бір сабақтың уақытын алса, ал оқу видеофильмдері - 20 минут қана уақыт алады немесе тәжірибелік жұмысқа нұсқауды көркем жеткізуге мүмкіндік береді. Осының арқасында материалды тәжірибелік меңгеруге көп уақыт қалады. Видео-сабақты қысқаша талқылау материалдың негізгі кезеңдеріне назар аудартып, қорытындылар шығаруға көмектеседі. Яғни қажеттілігінше видео-сабақтарды пайдалану оқушының пәнге қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.Педагогтар өз сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мынадай артықшылықтарды көре алады: 1. Тақырып шеңберіндегі айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады, яғни уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік алады; 2. Оқушылардың интернет арқылы өз бетінше ізденіп жұмыс жасауларына мүмкіндік жасалады; 3. Оқушы өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызылады; 4. Сабақта өтілетін тақырыпқа байланысты киноларды, слайдттарды, суреттерді, кестелерді пайдалана отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады т.б. 5. Электронды оқулықтарды пайдалану арқылы сабаққа жаңашылдық енгізеді. Заманауи сабақты оқытудың мақсаты - ғылыми танымның нәтижелерін ғана емес, сол нәтижелерді алу үрдісін меңгеру, оған оқушының интеллектуалдық, уәждік, эмоционалды және т. б. басқа орталарын қалыптастыру мен дамыту, оның жеке қабілеттерінің дамуы, яғни проблемалық - дамытушы оқытуда оқушыларға ғылымның дайын қорытындыларын беру емес, баланың жалпы дамуына көңіл бөлінеді.Заманауи сабақ білім алушыны (оқушыны) неге дайындайды?- Білім алушыларды өмірдің үнемі өзгеріп отыратын жағдайына дайындайды.- Білім алушының жаңа ақпараттық мәдениетін қалыптастырады.- Ақпараттық ресурстарды, информатиканың заманауи құралдары мен ақпараттық технологияларды өзінің өмірі мен дамуын қамтамасыз ету мүддесімен қалыптастыру мен пайдалану қабілетін сипаттайды.білім алушыны Жер шарындағы өркениеттің тұрақты даму мәселелері контекстінде қалыптастыру мен дамыту - бір жағынан, бұл құлықтың қажетті және жеткілікті стандартталған түрін (құзыреттіліктер) қалыптастыру, екінші жағынан - интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетті барынша дамытады.- Өзін - өзі тәрбиелеу үрдістерін басқара алады
Заманауи сабақ мұғалімнен нені талап етеді?- шығармашылық ізденісті- мамандықты білумен қатар педагогиканың теориялық және практикалық білімін- тиісті оқу материалын оқушының қабылдау ерекшелігіне бейімдеуін- сыныптағы әр баланың мүмкіндіктері шегінде белсенді әрекет ететініне жағдай жасауын- оқу жоспарлары мен материалдардың үнемі жаңартылуын- қажетті ақпаратты іріктей алуын- сабақ барысында мұғалімнің жұмысқа жағымды эмоционалды көңілінің болуын- оқушыларға сабақ тақырыбын ғана емес, мақсатын, олардың қызметін ұйымдастыру түрін хабарлауын- үнемі ізденіс үстінде болуды- әр тақырыптың мағынасын аша алуды- сабақтың мақсатын ашуда түрлі ізденіс тапсырмаларының жүйелілігін- Оқушылардың осы сабақта меңгеретін және болашақта нақты құрамды құзыреттілікті меңгеруі үшін қажетті операцияны таңдай алуын- Сабақтың мақсатына жетуді қамтамасыз ететін қажетті және жеткілікті мазмұнның оқулықта болуын анықтай алуын- Берілген сабақ бойынша оқулықтағы ақпаратты қажетті және жеткілікті ақпаратпен салыстыра алуын- Оқулықта артық ақпарат көп болса, қажетті және жеткілікті ақпаратты қалай бөліп алу керектігін ойластыра алуын. Оқулықта қажетті және жеткілікті ақпарат жеткіліксіз болса, онда сабаққа қосымша ақпараттық карточканы әзірлей алуын- Берілген оқу тапсырмасын оңтайлы орындауға қандай оқу техникасы мүмкіндік беретінін анықтау қажеттігін.- Сабақта оқушыларға білім алуға кедергі жасалмауын, яғни оларға жұмыс жасау үшін көбірек уақыт беру қажеттігін- Берілген сабақтың алдында өткізілген сабақпен салыстырмалы талдауын жасауыг. Әр оқушының оқу траекториясына назар аудару қажеттілігін. Барлық оқушылардың сабақ мақсатына жеткен - жетпегеніне назар аударылуын- Рефлексивтік талдаудың нәтижесінде алынған барлық түзетулерді сабақ жоспарына жазуын және оларды әрі қарайғы жұмыста ескеру қажеттігін.Заманауи сабақ оқушыдан нені талап етеді?- Оқуда жетекшілікті қабылдау- Оқуда жетекшілікті іздеу- Өз оқуы үшін жауапкершілікті өзіне алу- Өздігінен басқара оқуын көрсету- Өз оқуын бағалау және оқуды жалғастыру үшін қажетті оқудағы қажеттіліктерді анықтау- Өз оқуын бірізді бағалау және оқудағы қажеттіліктерді анықтау- Оқу үрдістерін түсінудің жоғарғы деңгейін және оқуды басқарудағы автономиялықты көрсету- Жаңа идеялар мен үрдістерді әзірлеуге тұрақты қызығушылығын және оқу үрдістерін түсінудің жоғарғы деңгейін көрсету- Сабақтың мақсатына жетуде тапсырмалардың дұрыс орындалуын- Мектеп өмірінде алған білім - біліктерін пайдалана отырып, ситуациялық жағдаяттарды шеше алу- Берілген тақырыптағы жүйеленген тапсырмаларды нақты орындау алу- Алты деңгейдің де тапсырмасын берілген имерзімде орындап шығу- Өз оқуын уақытты тиімді ұйымдастыру және жеке немесе топтарда басқару арқылы ұйымдастыра алуы қажет- Өзінің оқу үрдісін, қажеттіліктерін ұғыну- Қол жетерлік мүмкіндіктерді анықтау- сәтті оқу үшін кедергілерден өтуіОсы талаптарды орындай отырып, заманауи сабақтың мақсатына жетуге болады. Заманауи сабақты меңгеруге барлығыңызға сәттілік тілеймін.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz