Классикалық биші болуға ұмтылу: жасөспірімнің арманы мен еңбекке көзқарасы

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы «№7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

6 «Б» сынып оқушысы Акзамова Дильназ

«Менің арманым»

Эссе

“Нені армандайтыныңды айтсаң, кім екеніңді айтып беремін” демекші, арманға қарап адамды тануға әбден болады.

Бала күнімде арманымда шек болмаушы еді. Көрген де, көрмеген де нәрсемді армандай алушы едім. Өсе келе, адамның ақыл-ойы толысып, өмірді шынайы бейнесінде қабылдай бастайтындықтан, арманыңның бағыты да өзгеруі мүмкін. Мәселен бала күнімде ертегінің кейіпкеріндей сұлу ханшайым болуды армандасам, есейген шағымда ол арманымның ақылға сыйымсыз дүние екенін түсінген соң, бұл арманым мәнін жоғалтты.

Арман деген дүние - сәттілікке бастар жолдың алғашқы баспалдағы. Менің де арманым бар. Мен би өнеріне ғашықпын. Жүрегімнің түкпіріндегі ең ізгі, әрі құпия арманым - биші болу. Биші болғанда да ермек үшін емес, нағыз классикалық хореографияны армандаймын. Көрерменің қошеметін, шапалақтың құдіретін, ”жұлдыздық дертін”, танымалдылықтың жауапкершілігі мен рахатын сезінгім келеді. Бірақ соның бәрі қажыр-қайратпен, үлкен еңбекпен, азапты жұмыспен, күлкісіз күндермен, ұйқысыз түндермен келетінін әуелден-ақ ұғынып жүрмін.

Атақты Шара Жиенқұлова сынды қазақ бишісіне көп еліктеймін.

Армандар орындалады. Үкілеген үлбір үміттің рахатына бөленіп өмірдің тәттілігін сезіндіретінін “арман” атты құндылықтың нарқын біліп, аппақ арманның иесіне айналудан қорықпаймын. Өйткені біздің әрқайсымыз “арманым орындалады-ау”деп бақыттан басымыз айналып отыратын қайталанбас сәтке толығымен лайықтымыз!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ - жастардың қолында” дегендей, кемел келешек - армандай білетін біз сияқты жастардың қолында . . .


Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің тәрбиеге педагогикалық көзқарасы
Адамның дүниеге танымдық көзқарасы: құрылымы мен аспектілері
Пифагор теоремасының бірнеше классикалық дәлелдері
Жүсіпбек Аймауытұлы - классикалық қазақ прозасының негізін салушы: өмірі, шығармашылығы және Ақбілек романы
Тәрбие сағаты: Тәуелсіздік - ата-баба арманы және ұрпақтың мақтанышы
Бүлдіршіндерді еңбекке баулудың педагогикалық қағидалары мен практикалық әдістері
Қысқа мерзімді сабақ жоспары: Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық
3-сынып әдебиеттік оқу сабағы: М. Әуезовтың Әке арманы шығармасын талдау
Бастауыш сыныптарда технология пәнін оқыту әдістері мен еңбекке баулу
6-сынып: EV3 жүйесінде Биші робот жобасы - робот қозғалысы теориясы, моторлар және командалық бағдарламалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz