Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қаһарлы жылдар. сахналық қойылым
lefttop№1 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдраимова Маржан Турисбековна
Бұл сахналық қойылым Жеңістің 70 ж жылдығына орай жазылды. Қойылымда ел басына түскен ауыр азап, ауыл тұрмысы, жетімдер тағдыры суреттелген, М. Мағауиннің <<Бір атаның балалары>> әңгімесінен үзінді кірістіріліп, көркемделіп жазылды.
Қаһарлы жылдар
Сахналық қойылым
Рөлдерде: Жаңа түскен келін Рабиға, енесі яғни Айдарбектің анасы, жалғыз ұлды жесір келіншек - Арайлым, абысыны - Бәтима, ауыл келіні - Сәлима, бір топ майданға аттанған жігіттер, Ахмет шал, Бәкең шал, Тілеубай және оның келіншегі, Басқарма, алты жетім бала, екі ауыл баласы.
(Ел қуанышта, сахнада 4 келіншек 1 жас келінді құтты қадамымен құттықтап жатады).
І. Суыт хабар
Арайлым: Көп жаса, айналайын?
Бәтима: Қосағыңмен қоса ағар.
Арайлым (жалғыз ұлдың анасы):Біздің қайнымыз да қырағы ғой, тіл аузым тасқа, әлемдегі ең сұлу қызды келін етіп түсірген.
(Артында 2 шал, 3жігіт қозғалыста, той қамын жасап жүргендей болады.
Радиодан <<Москва говорит... сахнадағы адамдар алақ-жұлақ қарап, кілт тоқтап қалады).
Басқарма: Суыт хабар! (біраз үнсіз тұрып) аудандағы басқарма Отан қорғауға 19 жас пен 35 жас аралығындағы жігіттердің тізімдерін сұратып отыр. (Өте қайғылы әуен)
Ахмет шал: Асылы, біздің халық намысқой - халық. Ел намысы үшін өлген ер өлімі бізде қадірлі. Сондықтан біз өлімнен намысты жоғары қоямыз.
(Жігіттер майданға аттану үшін жиналып келеді. Басқарма алдына жігіттер келіп, аты-жөндерін айта бастайды)
-Арқарұлы Дәуренбек, 23 жастамын.
-Мен Қожаберді Рахман, жасым 24 те
-Мен Сәрсенбайұлы Ғали, жасым 30да
-Мен Әбдікәрімұлы Айдарбек! Жасым 19да
Айдарбектің анасы: Қасқалдағым-ау, кеше ғана отау тігіп отырсың, өрімдей ғана келінді ойласаңшы!
Айдарбек:
Қош бол, сәулем, қан майданға жөнелдім,
Жаным барда жаудың жолын бөгермін.
Бұлт астынан шыққан күндей жарқырап,
Күте бер сен, мен оралып келермін.
(бар келіншек Айдарбекке қарап тұрғанда бір жас жігіт басқармаға келіп:
-Мен Жұмағұлұлы Аманбай, жасыыым...
Арайлым: Тайт, мынау не дейт!
Бәтима: Ойбуй, қу шешек! Бұл әлгі марқұм ағамның жалғыз тұяғы ғой!
Арайлым: Қарашығым-ау, сен сиыр жылы туылдың, жасың биыл 16ға шықты емес пе? Қайда барасың? (анасы оны кейін қарай итереді)
Жас жігіт алқына басқармаға жетіп келеді: Мені жазыңыз, ағатай, мені... Мен Отанымды, сүйікті Арқамды, сұлу Шығысымды, қонақжай халқымды қорғауым керек! Отанды қорғауға жастың 19 жетпеуінде не бар, қорғауға деген жүрек пен қуат болса болды емес пе? Апатай, ризашылығыңды бер!Жауды жеңіп ораламын. (Сахна артына майданға кететін жігіттер сап түзей бастайды)
Дәуренбек:
Майданға достар енген соң,
Жеңіспен алға басармыз,
Жауды жеңіп келген соң,
Үлкен той жырдан жасармыз!
(қастарында келіншектер жас балалар, аналары қоштасады
ІІ бөлім.
(Музыка, шалдар артында, берісінде келіншектер егін орақ орып, жұмыс жасайды).
Ахмет шал:
Өзгертті соғыс өрті ауа-райын,
Қарт тұрсын, шекті жылап, бала уайым.
Күрсініп күнбатысқа шеру тартты,
Қалдырып қазақ жігіті Қамажайын.
Сұлудың желбіреген орамалы
Секілді жақсылықтың жорамалы.
Қамажай, қара көзден жасыңды тый,
Жан жарың жеңіспенен оралады.
Бір кәрілеу кемпір белін ұстап, шаршап отырады. Әйелдер де шаршап, қасына отыра қалады. Кемпір қойнынан ақ мата алып құмалақ шашып жібереді. Жесір кемпір: (Жымиып) О-о, жаппар ием! Қалқамның маңдайы ашық, жұлдызы жарқырап тұр, құйысқаны берік, мына бір құмалақ кішкене көретін, қиыншылығы ғой. Соғыс деген оңай ма, құдай бұйырса, әлі-ақ жетіп келер!
Бәтима: Көңілім күпті, қолдан келер қайран жоқ, бір құдайға ғана сыйынып отырған жайымыз бар,
Рабиға: Осы менің де сол жағым сыздап, жайсыз түстер көремін.
Арайлым:
Тұрмыстың көріп азарын,
Өлгенде көрген базарым.
Қарағым аман-сау деген,
Хабарын қашан алармын,
(жылайды, барлық әйелдер жылап-сықтап қоя береді).
Қуаныш: (Жас бала жүгіріп келеді)
Сүйінші, сүйінші, Дәуренбек аға келе жатыр!
Жаралы Дәуренбек келеді.Шалдар алдынан шығып:
Бәкең: Бастан құлақ садаға, амандығыңа шүкір,әлі ақ жазылып кетерсің.
Арайлым (келіншек): Даукенжан, соғыста біздің Аманбайды көрдің бе?
Бәтима: И-ый, тоқташы, біздің отағасы не істеп жүр, басқа жерге барса тамақ іше алмайтын еді, ашығып жүр ме екен?
Басқарма: Дауренбек майдан даласына егін, астық жіберуіміз керек, еңбектеген баладан еңкейген қарттар да жұмыстан бас көтерген жоқпыз, десе де жұмыс күші жетпей жатыр. Дәуренбек, айналайын, ең болмаса арбаның делебесін ұстап отыруға жарайтын шығарсың. Мені аудан шақырып жатыр, мен кетсем, егін басына арба уақытында жетпейді, жүр, қырманға. Мен ауданға шұғыл түрде шақырту алып, кетіп барамын.
(Бәрі сахнадан шығып кетеді)
ІІІ бөлім
Бәтима:Басқарма неге шақырыпты дейді, абысын! Күні-түн майдан үшін аянып жатқанымыз жоқ қой, ә! (жақындай түсіп, құлағын тосады)
Рабиға:Абысындар, не естідіңдер? Басқарма ауданнан бір арба бала әкепті дейді ғой.
Арайлым: Қой, шырағым, жұмысшы әкелем деп кеткен еді ғой. - Әне басқарма да келе жатыр. (әйелдер бірі жұмысшы сұрап, бірі баларды сұрап шуласады)
Басқарма:Сабыр, сабыр,ағайын ! Үкімет біздің ауданның тоғыз колхозына 54 бала жіберген екен.Менің әкелгенім 6 - ақ бала, Бәріңе жетпейді. Және қазір бауырыма салдым деп алып, ертең өгейсіп жүрсек, тағы қазақшылыққа жатпайды. Мүмкін үкімет әлі де жіберер, сонда қалғаныңа тиеді. Әзір қолда барын Құдай жолымен бөлемін.
* Әй, бәйбіше, балаларды алып шық!
(Әйелдер жағы алғашында қолдарын кеуделеріне қойып, шошыңқырап қалады)
Сәлима: Өй, қалқабастар, қорықпаңдар, бері жүріңдер! (қолынан бір- бірлеп жетектеп әкеп, қатарластырып тұрғызды)
Жесір кемпір:Айналайындар, әлі - ақ адам болып кетесіндер, бұл бөтен емес қой біздерге, кел-келе ғой айналайын.
Рабиға: Қарның ашты ма, қарағым, мә, ала ғой! (қолындағы бауырсағын ұсынады)
Дәуренбек: (Қолындағы қағазға қарап балаларды санап, ретімен қояды)
Смирна тұрып, внимательно тыңдаңдар!
Басқарма: Мен таныстырып шығайын. Қатардың басында тұрған екеу қазақ балалары, үлкені - сегізде, кішісі алтыда, мынаусы Нартай, анауысы - Ертай. Екеуі ағайынды. Бұлардан соң татар баласы, аты Рашид, 7-де, оның жанындағы қалмақ, дүнген жасы 6-да. Қасындағысының аты Яков документте орыс деп жазылған. Қайдан кеп, қайдан тұрғаны белгісіз. Өзі мылқау. Ең соңындағы 7-де. Сіздерден жасыратын несі бар, тегі жаман неміс. Бұл баланың орны детдом емес еді. Әке-шешеден бірдей айырылап, панасыз қалған соң алынған екен. Енді осы араға келіп тұрған жайы бар.
(Көпшілік)
* Сонда қалай?
* Не қалай?
* Қай бала?
* Мына балалар... не...алған адам.. алам деген адам... нетіп...
Басқарма:Осы ауылдан соғысқа сайдын тасындай 43 азамат кетіп еді. Әзірге оралғаны 2 - ақ. Бірі қолдан, бірі аяқтан айырылып оралды. 24-не қара қағаз алдық. Хабарсызы қаншама.
Айдарбектің анасы:Боздағым - ай, қыршынынан қиылдың-ау. Жауқазын жарың, аңыраған жалғы- ы-з анаң қалды ғой артыңда. (Барлық әйелдер көз жастарын сүртіп, босаңсып кетеді)
Дәуренбек: Жә, доғар, Керманның күлін көкке ұшырамыз әлі, қарғыс атқыр!!! (ер кісі өктем дауыспен айтады)
Басқарма: Тегіс жетімбіз. Жетісіп жүрген ешкім жоқ. Біз баладан айырылсақ, мына алдарыңда тұрған - атадан қалған жетімдер. Екі жарты бір бүтін... осы тұрған жұрттың көбі бала алғысы келеді. Тегіс сәби жасындағы балалар көрінеді. Шыққан жерін ұмытып, ертең - ақ ет-бауырымыз болып кетеді. Мен бөлмеймін, өздерің таңдаңдар. Тек ретін айтайын. Реніш - өкпе болмасын. Ақа! Жол сіздікі. (Ахмет екі ағайынды қазақ баласын бауырына басып тұрып жібереді, әр баланың тұсында біраз бөгеліп тұрып, неміс баласын ұстайды)
Ахмет: Мен осы мықтының өзін қаладым.
(Жұрт ду ете түсті).
Басқарма: Еркіңіз білсін.
Дәуренбек: <<Жауды аяған - жаралы>> дегенді білмеуші ме едіңіз? (ызбармен)
Ахмет: Әй, не шатып тұрсың, мен сенен ақыл сұрадым ба?!
Дәуренбек: Сақалыңыздың ағында жаңсақ іске бастыңыз.
Ахмет: Неміске аяғыңды берсең, мен үш ұлымды бергенмін. - Жүр, айналайын, үйге кеттік, апаң күтіп отыр.
Бәкең Ахаңа қарап: Ұзағынан сүйіндірсін. Шоғырлы жердің шоқысы болған аруақты атадан қалған қара шаңырақ едің. Опат болған ұлдарыңнын орнына берген жазмыштың қалауы шығар.
Ахмет: Қазақ халқы баршаның баласын бауырына басып, ұлт дегеннен жоғары тұратын адами қасиеттерді бойына сіңірген. Бұл - бала адамзат, адам баласы, мейірім мен жылы сөзге зәру саналы жаратылыс. Сендер бұл періштені неге жатсынасыңдар? Біз <<Орманға қарап ұлитын тағыны>> асырағалы отырған жоқпыз. Мейірімге зәру баланы мен бауырыма басам, майданда опат болған ұлдарымның отын сөндірмеймін.
Басқарма: Мұныңыз жөн екен.
Ахмет: Кешке үйге жүріңдер, ана жалғыз тоқтыны сойып, балама жілік ұстатайын. (Ахмет үйіне қарай бет алады)
Басқарма: Әп, бәрекелді, Ақа, барамыз.
(Сол кезде басқарма ыммен кезек Бәкеңе келгенін білдіреді
Бәкең: Рахмет. Тілеп алған жалғызды маңдайға сыйғызбаған құдай басқаның зәузатынан опа бермес. Рақмет пейіліңе. Көр аузына тақап отырмыз, бір рет ата-анасынан айырылып аңыраған баланы екінші қайтара жетім қалдырып, күнә арқалағым келмейді.
(Ауыл адамдары қазақ балаларын бөлгенде өз қара домалақтарына қатты таласады).
Бәйбіше: Мына өзіміздің қара домалақ баланы мен аламын.
Бәтима: Екінші баланы мен аламын.
Нартай: Сені қайда болсаң да да тауып аламын, қорықпа!
Ертай: Жібер мені, жібер! Ағама барамын. Нартай (қолын созып, ауа қармай, үлкен кісінің қолынан сытылып шығады, ағасын құшақтап алады)
Нартай: Сені жібермеймін!
Ертай: Нартай, кетпеші!
Тілеубай: Мына бауырларды бөлмей, екеуін де өзім аламын.
Бәтима: Дәметіпсің, бермеймін, басқарманың қолшоқпары болып, бізге сөзің өте бастаған екен. Мықты болсаң, бар майданға!
Тілеубайдың келіншегі: Әй, бала таппаған өзіңнен көр, немене менің жолдасымды соғысқа жіберіп, ішіңнің отын басайын деп пе едің?
(Бәтима, баланы тас қылып ұстап,ырқына көндірмей кетіп қалады).
Сәлима: Қыз бала маған көмекші болар, жүре ғой
Балаларды бөліп алады. Музыка.(День победы)
(Екі бала сахнаға билеп шығады да, өлең оқиды. Қағаздан жасалған ұшақтар, қалықтап жүреді)
<<Шүйінші>> (Т. Жароков)
Шүйінші, халқым, шүйінші!
Шүйіншіге сүйінші!
Шаттан, ата-анамыз,
Шаттан, аға-баламыз.
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен,
Па, шіркін! Осы шаттыққа
Түрілсін, халқым, құлағың!
Шүйінші, халқым, шүйінші!
Қуаныш жыры құйылшы,
Аңсап айлар күткен күн.
Қанды соғыс біткен күн-
<<Ақ түйенің қарны жарылды! - Күннің жалыны
Нұрын шашты, сылдырап
Ағылсын өлең бұлағы!
2-бала
Жауынгер біздің саңлақтар,
Жауды жеңген солдаттар
Ардақты Отан ел үшін
Бақытты туған жер үшін,
Жау шатырын жықтырып,
Жауға тізе бүктіріп,
Жарқ етті елдің ерлері.
Жеңімпаз өскен ұдайы!
Ой-қой, дүние-ай! Бұл күнді!
Халқым күткен нұр күнді-
Көретін күн туғанда
Белді бекем буғанда
Шаттыққа жан тоя алмай
Қараса көз қана алмай,
Қуанғаннан жас іркіп
Жанды ғой жан шырағы!
Баласын күткен ананың,
Әкесін күткен баланың,
Ерін күткен арудың,
Туысын күткен бауырдың.
Шешіліп зор арманы
Алтын таңның арайы
Ашты айқара құшағын
Құлшынта елді шынайы!
Шүйінші, халқам шүйінші!
Беліңді бекем буыншы,
Жеңдік жауды күйрете.
Жасалсын той - мереке!
Осы жырым <<жоқ-барым>>
Тойыңа тартқан көкпарым,
Ал да, жөнел бәйге көк,
Тарқасын жан құмарым!
Ауыл адамдары түгел тайлы таяғымен қалмай, жеңіспен оралған азаматтарды қарсы алады. Тек жас келіншек төрт жасар ұлымен өлген күйеуінен үміт үзбей солдаттардың арасынан жолдасын іздейді. Таба алмайды. Төрт жасар ұлымен жылап отырып қалады. (Музыка <<Соғыстан қайтқан солдаттар>>)
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz