Microsoft excel кестесі көмегімен модельдеу

Информатика пәні мұғалімі М. К. Есенгулов сыныбы
өтілген уақыты
Сабақ №
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестеде формулаларды пайдалану. Microsoft Excel электрондық кесте көмегімен модельдеу
Мақсаты:
а) білімділік - сандық информацияны электрондық кесте көмегімен комьютерде өңдеу принциптерін, формуланы жазу тәсілдерін білу, практикалық тапсырмаларды шешу біліктілігін қалыптастыру.
ә) дамытушылық - программалық қамтамасыз етумен жұмыс істей алу дағдысын, объектінің компьютерлік моделін құру біліктілігін дамыту.
Ойлау қызметінің салыстыру, талдау тәсілдерін жетілдіру.
б) тәрбиелік - құрал-жабдықтарды ұқыпты ұстауға, сабақта назар қойып отыруға, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Тақырыптың негізгі түсінігі:
Кестелік процессор, ұяшық, жол, бағана, мәтін, функция, формула, ЭК фомуланы жазу; абсолюттік, салыстырмалық, аралас сілтемелер.
Білім мен біліктілкке қойылатын талаптар:
Оқушылар білуі тиіс:
- кестелік процессор, ұяшық, жол, бағана, мәтін, формула, ЭК фомуланы жазу; абсолюттік, салыстырмалық, аралас сілтемелер түсінігін;
- олардың қолданылу тәртібін;
- формула жазудың тәсілдерін.
Оқушылар үйренуі тиіс:
- мәтін, формула жазуды;
- ұяшықты форматтауды;
- сілтемелерді пайдалана білу тәсілдерін.
- тапсырманың моделін құруды дұрыс ұйымдастыруды.
Сабақтың көрнекілігі : тарату карточкасы
Техникалық құралдар : компьютер
Компьютерді, тақтаны пайдалану уақыты : 25-30 минут
Пән аралық байланыс : математика, физика, экономика биология
Түрі: Аралас
Әдісі: көрнекілікті (демонстрациялық) баяндау
Құрылымы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Білімдерін тексеру
ІV. Жаңа материалды түсіндіру
V. Түсінгенін тексеру
а) Практикалық жұмыс
б) Тест
VI. Бекіту
VII. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Сабаққа қатысуын түгендеу.
Оқушылардың үй тапсырмасын орындауын тексеру.
Өткен материалдарды игеруін тексеру мақсатында төмендегідей сұрақтарды қою:
- Электрондық кестеде ұяшық адресі қалай анықталады?
- Ұяшық адрестері қандай түрде пайдаланылады?
3. Электрондық кестеде диаграмма қандай қызмет атқарады?
Жаңа сабақ мазмұны.
Microsoft Excel электрондық кесте ортасын пайдаланып математикалық, экономикалық, физикалық, техникалық және т. б. типтегі тапсырмаларды қалай модельдеуге болады?
Кез-келген тапсырмаларды моделдеу үшін әртүрлі категориядағы әртүрлі функциялар пайдаланылады.
Атап айтқанда, Microsoft Excel электрондық кестеде мынандай бағыттағы категориялар бар:
- математикалық;
- финанстық,
- жиым және сілтеме;
- ай, күн;
- статистикалық;
- мәтіндік;
- логикалық.
Бүгін «СУММ», «ЕСЛИ», «СЧЕТЕСЛИ», «СРЗНАЧ» функцияларды пайдаланып есептерді модельдеуді қарастырамыз.
Бағана немесе жол бойынша бірнеше шамалардың қосындысын есептеу үшін «СУММ» функциясын пайдалануға болады.
Ол үшін:
- курсорды қосынды шығарылатын ұяшыққа қою,
- формула жолына «теңдік» таңбасын жазу,
- қосылғыштар орналасқан ұяшықтар адрестерін пайдаланып қосынды формуласын жазу,
- enter түймешігін басу.
немесе
«функцияны қою» - f x пиктограммасына шерту. Сонда «мастер функций» терезесі (менюі) пайда болады. Сондағы функциялар ішінен «СУММ» функциясын таңдаймыз да «ОК» батырмасына шертеміз.
Пайда болған «Аргументы функции» терезесінде, егер қажет болған жағдайда сілтемелерді өзгертеміз (ұяшық адрестерін), әйтпесе «Ок» батырмасына шертеміз.
Егер бірнеше қосындыны алу керек болған жағдайда, бірінші формуланы көшіріп, қажетті орынға қоюға болады. Сәйкесінше сілтемелерді өзгерте бересіңдер.
Бір шамамен екінші шаманы салыстыру үшін «ЕСЛИ» логикалық функциясын пайдалануға тура келеді. Пайда болған терезеде «Логик. выражен. » атты өріске шартты жазамыз. Қажет болған жағдайда «Значение-если-истина» және «Значение-если-ложь» атты өрістерге мәндер жазамыз.
Бірнеше сандардың ішінен анықталған бір санның қанша рет кездесетінін анықтау үшін, мысалы оқушы бағаларында («2», «3», «4», «5») қай бағадан қанша бар екенін есептеу үшін «Статические» категориясындағы «СЧЕТЕСЛИ» функциясын пайдалану керек болады. Бағалар жазылған ұяшықтар «диапазон», ал саны анықталатын баға «критерий» ретінде пайдаланылады. Мысалы, бір бағанада жазылған бағалардың ішінен «2»-нің санын анықтау үшін «диапазон» өрісіне баға жазылған сілтемені, ал «критерий» өрісіне 2 санын жазамыз.
Бірнеше шаманың орташа мәнін анықтау үшін «Статические» категориясындағы «СРЗНАЧ» функциясын пайдаланамыз.
Тапсырма №1
Машина жасау зауыты өз өнімдерін келісілген баға бойынша өткізіп, өндіріске біршама ақша жұмсай отырып, белгілі бір табыс тапты. Таза пайданың жұмсалған шығынға қатынасын анықтаңдар.
Шешімі.
Есепті қою.
Моделдеудің мақсаты - көп таза пайда табу мақсатында өндіріс процесін және өнімді өткізуді зерттеу. Экономикалық формулаларды пайдаланып пайданың жұмсалған шығынға қатынасын анықтау.
Таза пайда - бұл салықты төлегеннен қалған пайда. Түскен пайдаға салынатын салықты есептегенде оның пайдалылық деңгейіне тәуелділігін ескеру қажет. Атап айтқанда, егер пайдалылық деңгейі 50 % пайыздан аспаса, онда кәсіпорын пайдасынан 32 % пайыз мөлшерінде салық алынады. Егер пайдалылық деңгейі 50 % пайыздан артық болса, онда сәйкес пайда сомасынан 75 % пайыз мөлшерінде салық алынады.
Моделдеудің объектісі - өндіріс процесі және кейбір өнімдердің сатылуы.
Моделді жасау.
Моделдеу объектісінің негізгі параметрі табыс, өздік құн, пайда, пайдалылық, пайдадан түсетін салық.
Бастапқы деректер:
Табыс - В;
Шығын (өздік құн) - S;
Басқа параметрлерді негізгі экономикалық тәуелділікті пайдаланып табамыз.
Пайда мәні табыс пен өздік құнның айырмасы түрінде анықталады: P=B-S
Пайдалылық :
формуласы бойынша есептелінеді.
Пайдалылық деңгейінің 50 % шегіне сәйкес келетін пайда өнімнің өзіндік құнының 50 % құрайды, яғни S·50/100=S/2, сондықтан N пайдадан алынатын салық келесі түрде анықталады:
- егер r≤50, онда N=P·32/100 теңге, басқаша N=S/2·32/100+(P-S/2) ·75/100.
Таза пайда P t =P-N
Бұл есепті шешудің нәтижесі - таза пайданың жұмсалған шығынға қатынасы: q=P t /S
Демек, формуланы бейнелеудегі электрондық кесте келесі түрде болады.
Компьютерлік эксперимент.
1. Компьютерлік моделге бастапқы деректерді енгізіңдер.
Мысалы: В=3000; S=2000;
2.
Нәтижені талдау.
Алынған модель пайдалылығына байланысты пайдадан алынатын салықты анықтауға, автоматты түрде таза пайданың мөлшерін санауға, таза пайданың жұмсалған шығынға қатынасын табуға мүмкіндік береді.
Компьютерлік эксперимент табыс өскен жағдайда таза пайданың жұмсалған шығынға қатынасы артатынын және өнімнің өзіндік құны артқан жағдайда кемитінін көрсетті.
Тапсырма №2
Стипендия тағайындау ведомсі.
Пәндерден алған балдары бойынша оқушыларға стипендия тағайындауды анықтаңдар.
Жұмысты орындау тәртібі:
1. Келесі үлгі бойынша стипендия тағайындау электрондық кестесін жасаңдар.
2. «Орташа балл» бағанасын «СРЗНАЧ» функциясын пайдаланып толтырыңдар.
3. «2 курсқа көшірілді» бағанасын толтырыңдар. Оқушылар 2-ші курсқа көшірілген болып саналады, егер оның орташа балы 2, 5-тен артық болса, әйтпесе оған «курсты қайталау» ұсынылады (сәйкес хабарды шығарыңдар) .
4. «Стипендия» бағанасын толтырыңдар. Егер оқушының орташа балы «қойылған балдан» артық болса, онда оған стипендия беріледі.
5. топтың стипендиялық қорын анықтаңдар.
Тапсырма №3
Бақылау жұмыстарының нәтижесін талдау
Әрбір мұғалім бақылау жұмыстарына талдау жүргізуі тиіс. Бұл оқушылардың жалпы білім деңгейін анықтауға, типтік қателерді анықтауға, тақырыпты меңгеру деңгейін, бақылау жұмыстарында алған «2», «3», «4», «5» баға санынесептеуге, білім сапасын және үлгерімді анықтауға мүмкіндік береді.
Жұмысты орындау тәртібі:
1. Бақылау жұмысының нәтижесі кестесін үлгі бойынша толтырыңдар.
2. Әрбір бақылау жұмысы үшін «2», «3», «4», «5» бағалар санын есептеңдер. Ол үшін «Статические» категориясындағы СЧЕТЕСЛИ функциясын пайдаланыңдар.
3. «Білім сапасы» және «үлгерімі» жолдарын толтырыңдар.
4. «Барлығы» бағанасына барлық бақылау жұмыстары бойынша алған барлық «2», «3», «4», «5» бағалар туралы деректерді енгіз.
5. «Барлығы» бағанасы деректері негізінде диаграмма тұрғызыңдар.
Ескерту. «Білім сапасы» «4» және «5» баға алған оқушылар проценті болып анықталады, яғни ұяшықтағы формула түрі мынандай болады:
=((C15+C16) *100) /$A$10; «үлгерімі» «3», «4» және «5» баға алған оқушылар проценті болып анықталады, яғни ұяшықтағы формула түрі мынандай болады:
=((С14+C15+C16) *100) /$A$10;
Тапсырма №4
Биоритм
Адам өмірі биоритм -деп аталатын үш циклдық процесске бағынады деген болжам (гипотеза) бар.
Бұл үш цикл адамның өзін сезінудің үш жағдайын сипаттайды:
- физикалық,
- эмоционалдық,
- интеллектуалды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz