Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ана – гүл, ана – өмір шуағы
Күні: 07.03.2015
Тақырыбы: «Ана – гүл, ана – өмір шуағы»
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі
туралы түсінік беру.
Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу мәнері, ой-жүйріктерін дамыту.
Тәрбиелік: Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы
қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: даналық сөздер жазылған плакаттар, тақта
Мұғалімнің сөзі: - Қош, келдіңіздер, ата-аналар мен ұстаздар және оқушылар!
Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш
әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім
мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін
қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың
сүтімен жаралған.
Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі
болмақ! «Ана – гүл, ана – өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге
арналады.
1 жүргізуші: Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын алып – деп ардақты
аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 – наурыз мерекесі келіп жетті.
2жүрізуші: Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей
мейірім – шапағатқа бөлене берсін. Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың
мерекелері құтты болсын.
1 жүргізуші: Айналдым «ана» деген асыл аттан
Шуағын бар әлемге шашыратқан
2жүргізуші: Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан – деп келесі кезекте хор.
Хормен барлығы: Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар!
1-жүргізуші: Келесі кезекте балалардың тақпақтары.
1-оқушы:Артықбай Ринат
Менің әжем, бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже
2-оқушы.Бауыржан
Қыз емес қыздың аты қызыл алтын
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес
Халқының сақтай білген, ізгі салтын
3-оқушы. Жеңісбек
Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңіз бен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
4-оқушы. Темірлан
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген - бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ
5-оқушы. Арайлым
Ана деген – асыл жандар, болаттай
Ана десең - мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл, Ананы
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай.
6-оқушы. Арай
Ана десем, сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнап еді бар әлемге тыныштық.
7 - оқушы.Рүстем
Ана десем, шешек атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
8- оқушы:
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.
9-оқушы:
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
10-оқушы:
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.
1-жүргізуші: «Өнер — адамның бойындағы қабілеттің ең биік көрінісі» деп
келесі кезекте ән шашу:
«Бала тілі – бал дегендей» балалардың шын көңілінен шыққан, жүрек жарды
аналарына деген тілектері бар. Осы мерекенің алдында балаларға айтқан
болатынбыз, аналарыңның мерекесі келе жатыр, қандай тілек тілер едіңдер –
деп. Менің тілегімді жазыңызшы деп ұсыныс білдірген балалардың жылы
лебіздерін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
2-жүргізуші:
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.- деп ортаға бишілерімізді шақырамыз.
Би «Вальс»
1-жүргізуші: Аналар – әрқашан үлкен тірек,
Бұл өмірде бірлескен біздің тілек.
2-жүргізуші:
Шын көңілден құттықтаймыз мерекемен,
Алғысқа бөлене бер деп тілейді біздің жүрек! - Келесі кезекте хор
«Құттықтаймын мама, туған күніңмен!»
Мұғалім: Өнерлерің өрге жүзсін, жас ұрпағым,
Сарқылмасын бойларыңда таланттарың – деп «Көңілді тапқырлар клубын»
өнерлерін тамашалаңыздар.
Айназ. «Біздің жігіттер» КВН командасын ортаға шақырамыз.
1-әзіл: «Гламурный қой»
2-әзіл. «Жарнама»
3-әзіл. «Жақсы көрем»
4-әзіл «Той үстінде»
5-әзіл. «Сыныптастар»
1-жүргізуші: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
2-жүргізуші:
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар! – деп келесі кезекте би.
Би: «Флешмоп»
Мұғалім: Ойын: «Кімнің даусы табайық» (аналармен)
5бала шығады да, теріс қарап тұрады. Мен қолыммен кімді көрсетем, сол адам
бір сөз айтады. Мыс: ботақаным – дейді.
5баланың біреуі, менің мамамның даусы деп айту керек. Дұрыс тапқан бала
орнына отырады.
1 - жүргізуші: Барлық ана баласымен бақытты, барлық бала ата – анасымен
бақытты – деп, ортаға
әнші баламызды шақырамыз.
Ән шашу:
Мұғалім: Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңілдеріңіз – деп сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге
саулық, осы мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Енді балалар
өздерінің қолдарынан дайындаған аналарымызға деген сыйлықтарын тапсырады
КЕЛІСЕМІН
БЕКІТЕМІН
Мектеп басшысының мәдени Мектеп
басшысының тәрбие
жөніндегі орынбасары
жөніндегі орынбасары
___________М. К. Умирбекова
_________А. О. Молдабекова
«__»________2015 ж.
«__»________2015 ж.
[pic]
Тақырыбы: «Ана-гүл, ана-өмір шырағы»
Сыныбы: 1 «В»
Сынып жетекші: Таймаганбетова Т.У
Жаңаөзен қаласы
2014-2015
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz