Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Көрші атам
Сабақтың тақырыбы: Көрші атам.
Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: дауысты дыбыстардың жұп дауыстылар болып
айтылу себебін мысалдар арқылы түсіндіру, «Көрші атам» өлеңімен таныстырып,
«сәлем - сөздің анасы» туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: жылдам ойлау, дұрыс сөйлеу арқылы сөздік қорларын арттыру,
шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: үлкенді сыйлауға, үлкендерді көргенде амандасуға, көркем жазу
арқылы ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік, дидактикалық ойын.
Көрнекілігі: М. Жаманбалинов суреті, суреттер, кестелер, слайд
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушыларды сабаққа дайындау
ә) психологиялық дайындық
Ойға толып санамыз,
Бестік болып бағамыз.
Баласындай әр үйдің,
Тату болсын арамыз.
ІІ. Үй тапсырмасы:
а) «О, қорқайын мен неге?» өлеңін мәнерлеп және рөлге бөліп оқу
Өткенді қорыту.
Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
- Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? 2 жуан және жіңішке
- Жуан дауыстыларды ата. А, о, ы, ұ
- Жіңішке дауыстыларды ата. Ә, ө, і, ү, е
Ойын «Кім жылдам?».
Суретке қарап сөзді табу, дыбыстық талдау жасау.
Үйрек, бұзау.
Күрек, ұлу.
Үйрек – 5 әріп, 5 дыбыс, 2 дауысты, 3 дауыссыз, 2 буын бар.
Бұзау – 5 әріп, 5 дыбыс, 2 дауысты, 3 дауыссыз, 2 буын бар.
Күрек – 5 әріп, 5 дыбыс, 2 дауысты, 3 дауыссыз, 2 буын бар.
Ұлу – 3 әріп, 2 дауысты, 1 дауыссыз, 2 буын
- Жұп дауысты дыбыстарды ата? Ұ-ү
ІІІ. Жаңа сабақ. Ү-ұ жұп дауыстылар
- Көркем жазу
- Күннің жадын жазу
- Дәптермен жұмыс
«Нағашы ата» туралы әңгіме жазыңдар.
55-жаттығу.
1.Сөздерді салыстырып оқу.
Ұн-үн
Ұш-үш
Ұю-үю
Тұс-түс
Сұр-сүр
Ұғу-үгу
Құз-күз
Тұр-түр
Құн-күн
2. ұ-ү дыбыстарының ұқсас дыбысталуын байқа.
3. Сөздерді жуан және жіңішке етіп тұрған дыбыстарды атаңдар.
56-жаттығу.
1. Өлеңді оқып, көшіріп жазыңдар.
Жаңбыр жауар себелеп,
Жолға шығар ебелек.
Гүлге қонар көбелек,
Атқа қонар бөгелек.
- Ө. Тұрманжанов туралы мәлімет беру.
- Сөздік жұмыс.
Көбелек – гүлден-гүлге қонып жүретін жәндік.
Бөгелек – қос қанаттылар отрядына жататын жоғары сатыда дамыған жәндіктер.
ІҮ. Сергіту сәті.
Ү.Оқулықпен жұмыс
«Сәлем –сөздің анасы»
«Көрші атам» мәнерлеп оқу.
- Көрші ата бізге кім?
- Үлкен адамдарды көргенде ең алғаш не істеуіміз керек?
- М.Жаманбалинов туралы мәлімет беру.
- Әр елдің сәлемдесу салттары.
Қазақ және Өзбек халқы Асалаумағалайкум! Уағалейкүмассалам!
Жапон халқы және қытай халқы сәлемдесу рәсіміне аса мән береді. Бір-бірін
көрген кезде олар иіледі.
Кенияға сапар шеккен жандар масаи тайпасын кездестіреді. Масаи тайпасының
халқы бір-бірін көргенде, билей бастайды.
Тай елінің амандасу рәсімі "вай" деп аталады. Бір-бірлерін көрген жандар
алақандарын біріктіріп, бастарына қояды. Содан кейін иіліп, "савадди" деп
айтады.
Тапсырма.
Сәлемдесуге байланысты тағы қандай сөздерді білесіңдер?
- Сәлем, қалайсын, сәлембердік т.б. Қазақ салтында тәуліктің мезгіліне
қарай "Қайырлы таң","Қайырлы күн","Кеш жарық" деп те амандасады.
- Ал, балалар, кім бірінші болып амандасуы керек?
- Кіші адам үлкен адаммен, ер бала қыздармен бірінші болып амандасады.
- Оқулықпен жұмыс.
«Біздер сәлем береміз» өлеңін мәнерлеп оқу.
- Е.Өтетілеуұлы туралы мәлімет беру.
ҮІ. Сабақты бекіту. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, мақалдарды
айту.
- Сәлемдесуге қатысты мақал, нақыл сөздер:
..депті елдің б..ласы
Алыстан с..лем бер..ді
(қазақ мақалы).
С...лем беру де – парыз,
С..лем алу да – парыз
(өзбек мақалы).
...дептілік белг..сі – иіліп сәлем б..ргені,
Жақындықтың б..лгісі – к..ліп-кетіп ж...ргені
(Мақсұд Шайхзада).
ҮІ. Сабақты қорытындылау.
Біз бүгін не үйрендік?
Жұп дауыстыларды ата?
Әр ұлттың сәлемдесу салты қандай болады?
ҮІІ. Үйге тапсырма . «Көрші атам» өлеңін жатқа айту. 57-жаттығу.
ҮІІІ. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.
№ 21 орта мектеп
[pic]
Тақырыбы: Көрші атам. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
Сыныбы 1 «В»
Бастауыш сынып мұғалімі: Таймаганбетова Т.У
Жаңаөзен 2015 ж
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz