Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті
Файл қосу
Жамбыл жабаев
Пәні: Қазақ әдебиеті
Күні: 28.02.2015жыл Оқытушы: М.Н. Қондыбаева
Тобы - 108 Мамандығы <<Аударма ісі>>
Тақырыбы: Ж.Жабаетың өмірі мен шығармашылығы
Мақсаты: Жыр алыбы - Жамбыл туралы білімгерлердің өз бетінше ізденіс жұмыстарының нәтижелері негізінде ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты білім қалыптастыру, оны тереңдету.
Білімділік міндеттері: Ақын өлеңдерін, айтыстарын, дастандарын таныстыру, оларды мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, Ж.Жабаев шығармаларына талдау жасау арқылы мазмұны мен идеясын ашуды меңгерту;
Дамытушылық міндеттері: көркем ойлау, жүйелі сөйлеу, мұқият тыңдау сияқты дағдыларын жетілдіру, сөздік қоры мен танымдық-ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік міндеттері: Жамбыл бабамыздың ақиқатты, патриоттықты жырлаған өлеңдері арқылы адамгершілік қасиеттерді насихаттау, рухани байлыққа баулу, пәнге деген көзқарасты,білімге құштарлықты тәрбиелеуді жалғастыру, тәрбиенің өмірмен байланыс принциптерін ұстану арқылы Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерейтойының мән-мазмұнын насихаттау.
Құндылық: Ақиқат, Сүйіспеншілік.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
1.Ұйымдастыру
2.Мақсат қою
3.Жаңа білімді меңгерту
4.Жаңа білімді меңгергенін тексеру
5.Бекіту
6.Үйге тапсырма беру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық, эвристикалық, проблемалық әдістер.
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Ынтымақтастық, Сатылай кешенді талдау, Дамыта оқыту, АКТ, Ұжымдық, Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологияларының элементтері.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиетінің тарихы, тарих, музыка, өзін-өзі тану пәндері.
Оқыту құралдары: көркем әдебиеттер: Ж.Жабаев өлеңдер, айтыстар, дастандар Алматы-1982ж. <<Жазушы>> баспасы, Электронды оқулықтар, интерактивті тақта, кесте, Ж.Жабаев туралы слайдтар.
І. Ұйымдастыру
Оқытушы: Амандасу. Жайлы, қалыпты психологиялық хал-ахуал туғызу.
Ж.Жабаевтың <<Балаларға>> өлеңін музыка әуенімен жылы леппен оқып, қалыпты көңіл-күйге келу. (музыка әуені С.Тұрысбеков <<Көңіл толқыны>>)
Балалар, аманбысың шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым.
Қонаққа келді міне ұстаздарың
Сәлемдесіп алайық шәкірттерім.
Білемін өмірлерің тұрған жайнап,
Күндіз, түн жастық үшін жарық сайлап.
Ай, жұлдыз, күннің көзі, жел менен су-
Бәрі де сендердікі әлемге айғақ.
ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін хабарлау
(проблемалық тапсырма, эвристикалық сұрақ, танымдық міндетті көздей отырып )
А) <<Қызығушылықты ояту>> тәсілі
Ж.Жабаев туралы бейнекөріністі көрсету (<<Қазақстан>> телеарнасы, Жамбылдың туған күніне орай түсірілген бейнематериал, Алматы обл, Жамбыл ауданы)
Б) <<Жіңішке>> сұрақтар:
* Бүгін қандай күн?
* Бұл материал кім туралы?
* Сіздерге Ж.Жабаев қандай шығармаларымен таныс?
Көрсетілген материалдар негізінде білімгерлердің жан-жақты пікірлері тыңдалады;
В) Оқытушының сөзі. 28 ақпан Жамбыл бабамыздың туған күні. Бүгін қазақ халқының ұлы перзенті -- ақын, айтыскер, сазгер, жыр алыбы Жамбыл Жабаев 169 жасқа толып отыр.
Жыр алыбы - Жамбыл туралы талай ақын - жазушыларымыз, ғалымдарымыз өздерінің ой тұжырымдарын айтқан болатын. Оларды атап өтер болсақ, М.Әуезов, С.Сейфуллин, Ә.Тәжібаев, М.Жолдасбеков, Н.Қапалбекұлы, С.Қирабаев т.б. Енді белгілі жазушы Ә.Кекілбаевтың мына бір ой тұжырымына көңіл аударайық. (дауыстап, мәнерлеп оқу)
С) Дәйексөз
<<Ғасырға жуық ұзақ ғұмырында ол екі дәуірдің, көптеген әлеуметтік дүмпулердің куәсі болды, өмірдің ауыртпалығы мен тіршілік қуаныштарын да бір кісідей бастан кешірді, кедеймін деп мойыған жоқ, болдым-толдым деп тасыған жоқ. Жағымпаздық пен өтіріктің құнын жақсы білген Жамбыл ешқашан байлыққа да бас иіп көрген емес. Басқаның қасіретін терең қабылдап, зұлымдықпен де аяусыз күресті. Ақындар айтысында оған ешкім тең келе алған жоқ. Жамбылдың домбырасы -- Жетісудың жан-жүрегі мен айдай ақиқаты еді. Ол өзінің көп достары мен туыстарының қазасын көрді, кешегі соғыс қасіреті жүрегін тілгіледі. Тек алмастай айбарлы сөз ғана онымен өмір көшінің соңына дейін бірге болды, мәңгі өлмес топырағы ғана оны бауырына басып, алыстарға бастай берді>>.
Д) <<Жуан>> сұрақтар:
1.Осы сұлу да көркем сөз өрнектерінен адам баласына тән рухани құндылықтардың көзін ашып көрейікші.(Білімгерлермен пікірлесу)
(- Дұрыс! Орынды жауапты айта білдіңіз.
-Бәрекелді! Өз ойыңызды жақсы жеткіздіңіз деп студенттерді демеп, қолдап оларға қанат бітіріп отырамын).
Оқытушы:Ендеше бүгінгі біздің сабағымызда Жамбыл атамыздың өлеңдерін шабыттана жатқа айтсақ, білгенімізді, үйренгенімізді, жан-жақты ізденгенімізді көрсетсек, ақынның рухына тағзым ету деп білейік.
* Сабақта 4 топ алдын ала берілген тапсырмалар негізінде жұмыс істейді. Білімдерін ортаға салады.
* Әр топқа ақын-жазушылардың Ж.Жабаев туралы айтқан сөз өрнектері тақырып ретінде берілген.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту
І топ
<<Жамбыл -ел өнерінің бөлеуінде, алтын бесігінде өскен ақын>>
Білімгерлер Ж.Жабаетың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтермен таныстырады. Мына өлеңдері жатқа және мәнерлеп оқылады. Мазмұны талданып, өлең құрылысына талдаулар жүргізіледі.
* Өмірі туралы өлеңдер: <<Менің өмірім>>, <<Әкеме>>, <<Шағым>>.
* Байлар мен болыстарға арналған сатиралық өлеңдері: <<Сарыбайға>>, <<Мәмбетке>>, <<Қалиға>>.
* Патша өкіметі кезеңіндегі өлеңдері: <<Зілді бұйрық>>, <<Патша әмірі тарылды>>
* Кеңес үкіметі кезеңінде шығарған өлеңдері: <<Ұлы Заң>>, <<Әлемді келдім аралап>>, <<Мәскеу туралы жыр>>, <<Шота Руставилиге>>
* Ұлы Отан соғысы кезіндегі өлеңдері: <<Аттандыру>>, <<Алғадай туралы>>, <<Балама хат>>, <<Төлеген ер>>, <<Ленинградтық өренім>>.
ІІ топ <<ХХ ғасырдың - Гомері>>
А) Электрондық оқулықтан (7 сынып) <<Айтыс>> туралы тыңдату;
Білімгердің кіріспе сөзі: Байдың қойын бағып жүргенде он үштегі кезінде ұйықтап қалып, түсінен ақын болып оянған Сүйінбай ұстазы сияқты, Жамбылға да ақындық түсінде аян беріп қоныпты. Ол туралы Жамбылдың өзі: "Бір күні Жетісай жайлауында жылқы бағып жүріп, түс көріппін. Түсімде ақсақалды қария келіп: "Өлең аласың ба, көген аласың ба?" - деген. Мен: "Өлең!" - деппін. Оянып кетсем, түсім екен, көкірегімді бір толқын кернеп, алқымыма тығылғандай, дереу үйге жетіп, домбыраны ала салдым да, оңды-солды төгіп-төгіп жіберіп едім, кеудем ашылып, орта түскендей болды", - деп еске алады.Жамбыл жиырма жасында сол кездің атақты ақыны - Жаныспен айтысып, оны жеңеді. Әлгі "Менің пірім - Сүйінбай" деген өлеңін Жамбыл осы Жаныспен айтысқанда айтады. Атақты "Айкүміспен айтысы" да осы тұста болады.
* Жамбыл мен Құлманбеттің айтысы
* Жамбыл мен Айкүмістің айтысы
ІІІ. <<Жамбыл - өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау>>.
Жамбылдың дастандары, оның композициялық құрылысы мен идеясын ашу.
* <<Өтеген батыр>>
* <<Сұраншы батыр>> (Композициялық талдау, жазбаша орындау)
IY. Зерттеушілер
Бұқаралық ақпарат көздерінен іздестірген (оқулықта айтылмаған) материалдармен таныстырады, пікірталас жүргізе отырып, оқушы - оқушы - оқытушы арасындағы диалогтік әңгімені өрбіту жұмысын жүргізеді.
Зерттеушілердің топтағы білімгерлерге қоятын сұрақтары:
1.Ж.Жабаев және Ұлы Отан соғысы деген ойды жалғастырып айтып көр, жауаптары тыңдалады.
* Зерттеушілер Жамбылдың ұлы - Алғадай туралы Украина жерінен түсірілген бейнематериалмен таныстырады.
* Ж.Жабаевтың қырғыз елімен байланысы туралы не білесің?
* Ж.Жабаевтың шағын әңгімелері жайында газет беттерінен алынған ақпараттар.
* <<Майданға жолданған хат жайында>> Тарих ғылымының докторы Тілеу Көпбаевтың зерттеуі (<<Қазақстан>> арнасы, <<Таңшолпан>> бағдарламасынан алынды)
(Ғаламтор желісі, <<Дала мен қала газеті>>, <<Қазақ әдебиеті>>, <<Жетісу>> газеттері, <<Аңыз адам>> журналы)
ІY. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру
* Электрондық оқулық бойынша тапсырма орындалады. <<Топтастыру>> тәсілі Ж.Жабаев
* Кестені толтыр
Балаларға арнаған өлеңдері
Дастандары
Ұлы Отан соғысының батырларына арнаған өлеңдері
Одақтас республика ақындарына, қайраткерлеріне арнаған өлеңдері
<<Бесік жыры>>
<<Шәкірт балаларға>>
<<Балаларға>>
<<Өтеген батыр>>
<<Сұраншы батыр>>
<<Замана ағымы>>
<<Туған елім>>
<<Майданға хат>>
<<Темір тұлпар мінген қыз>>
Совет жауынгерлеріне
<<Алынбас қамал>>
<<Ленинград жастарына>> т.б.
Пушкинге
Шота Руставилиге
Ғасем Лахутиға
Калинин ақсақалға
Горькийге т.б.
* <<Соғыс>> сөзінің синонимдік қатарын немесе мәндес баламаларын қай топ көбірек тауып жазады?
Майдан, шайқас, жорық, жортуыл, егес, ерегес, от кешу, қан кешу, зілзала, ұрыс, ұлы дауыл, алапат, апат, дүрбелең, қантөгіс, жойқын, қырғын.
Ал Жамбыл атамыз осы сөздердің орнына қандай сұлу сөз айшықтарын қолданды? Ойланыңыз .... ( <<Ұлы ашу>>, <<сұры суық бір дыбыс>>)
Сөз қоржыны. Осы сияқты <<ұрпақ>> ұғымының өзін былайша құбылтып, түрлендіріп отырды. Біле жүріңіз!
<<Заманымның өрнегі>>, <<Өмірімнің жұлдызы>>, <<Көзімнің нұры>>, <<Жасаулы жас қарағай>>, <<Сәулетің сәнім, айбарым>>, <<Өрім>>, <<Өрен>>.
Y. Бекіту
1. <<Бес жолды өлең>>
Білімгерлер <<Даналық ағашына>>* бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы ой - пікірлерін жазады немесе Жамбыл туралы жазған өлеңдерін оқиды.
YІ. Үй тапсырмасы
* Ғаламтор желісінен Ж.Жабаевтың мемориалдық-әдеби мұражайына байланысты фото шолумен танысу, ол туралы білген ақпаратты жазып келу;
* <<Отан әмірі>> (соғыс тақырыбы) өлеңін жаттау.
* Бағалау.
<<Бейбіт күн тілегі>> (Сөзі: Ж.Нәжімеденов, Әні: Ш.Қалдаяқов) әнін хормен орындау
Оқытушы: Еліміз тыныш, бейбітшілік заман болсын! Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерей тойы құтты болсын! дей отырып бүгінгі сабағымызға келген қонақтарға ризашылығымызды білдіреміз. Сау саламатта болыңыздар.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz