Дауысты дыбыстардың жіктелуі 5- сынып, салт және сабақты етістік 6- сынып

D:\рабочий стол\Новая папка (6)\мұратқа\20130409_102551.jpg Қостанай облысы, Арқалық қаласы,

Қайыңды ауылы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Канапина Гүлдана Оракбаевна

Сабақтыңтың тақырыбы: Дауысты дыбыстардың жіктелуі 5- сынып, Салт және сабақты етістік 6- сынып

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға дауысты дыбыстардың жіктелуі жайлы түсінік беру. Айтылу ерекшеліктерін ұғындыру. Түрлері, жасалу жолдары турал, сөйлемді дұрыс құру тәсілдерін таныстыру.

Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.

Тәрбиелік:Елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Интерактивті тақта, презентация, кеспе қағаздар, тірек сызбалар.

Сабақтың түрі:Жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі:түсіндіру, талдау, топтық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, тест жұмыстары.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, амандасу, түгендеу, ынталандыру, жағымды көңіл-күй туғызу. 6 сыныпта (8 оқушы) топқа бөлу, 5 сыныпта (4 оқушы) жұп болып жұмыс істеу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. №1 слайд

5-сынып
6-сынып
5-сынып:

1. Фонетика нені зерттейді?

2. Дауысты дыбыстар қалай жасалады?

3. жуан, жіңішке дауыстыларды ата?

4. жаттығу жұмысы

6-сынып:

1. Етістік түрлері?

2. Болымды және болымсыз етістіктерді дегеніміз№

3. Жаттығу жұмысы

ІІІ. Жаңа сабақ. №2 слайд

5-сынып
6-сынып
5-сынып:

(Тірек сызбалар арқылы көрсету)

Дауысты тілдің қатысына қарай.

жуан, жіңішке.

Жақ қатысына қарай:

ашық, қысаң

Ерін қатысына қарай:

еріндік, езулік

6-сынып:

Етістік мағынасына қарай

Мағыналы жағынан тура нысанды, табыс септікті қажет етіп

тұратын етістік

Сөзді (нені?) сен баста

Бетті (нені?) бастым

Сабақты етістік барыс, жатыс, шығыс көмектес септіктегі септіктермен сөздермен тіркесіп келетін етістік түрі.

Қаладан (қайдан?) қайтты

Ауыллға(қайда?) қайтты

Қызығушылығын ояту. №3 слайд

Бірыңғай дауысты дыбыстан басталатын мақалдар айту.

Отан үшін отқа түс күймесін . . . т. б

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарнын тілінбей.

Өнер алды -қызыл тіл

Етістікті тікестер кім жылдам жазады?

Оқушы . . . (жазады)

Қарды . . . (күрейді)

Гүлді . . . (отырғызады)

Оқулықпен жұмыс(тақтамен, дәптермен жұмыс)

240-жаттығу. Мына жұмбақтарды көшіріп жазып, жуан дауысты сөздердің астын сыз.

241-жаттығу. мына сөздердің ішінен жуан у дыбысын, жіңішке у дыбысын бір қатарға жаз.

242-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді жазу.

Адасқан әріптер:

і, м, б, л, і, білім

к, р, е, м, е, т керемет

қ, у, о оқу

қ, й, а, қ, ы қайық

233-жаттығу. (жазбаша)

(тақтада оқушы орындайды)

Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей

1. Төмендегі мақалдардан етістікті тап. Салт, сабақты етістіктерді табу.

236-жаттығу. «Адамгершілік-кісіліктің белгісі» тақырыбында ойтолғау жазу.

ІІ деңгей

Төмендегі салт етістікті сабақты етістікке айналдыр, сабақты етістікті салт етістікке айналдыр.

Салт етістік Спабақты етістік

Ол кетті әңгіме айтты

Шам сөнді хат жазды

Гүл өседі кітапты оқыды

Шығармашылық жұмыс. 5-сынып

Фонетикалық талдау.

Денсаулық-зор байлық

Берілгені:денсаулық = +

А) Тіл қатысына қарай :3 = 2 (а, ы) жуан

1 (е) жіңішке

Жақ қатысына қарай: 3 = 1 (а ) ашық, (е)

1 (ы) қысаң

Ерін қатысына қарай: 3 = 3 (а, е, ы) езулік

О еріндік

Шығармашылық жұмыс. 6-сынып

Морфологиялық талдау.

Бақта бұлбұлдар сайрайды,

Күн көзі жадырап жайнайды.

6-сынып «Кім жылдам» Сабақты етістік пе, салт етістік пе?

1 топ
2топ
1 топ:

Көн

Қара

Жүгір

Қуан

Биле

Жарыс

Жет

Жасыр

2топ:

Біл

Кір

Жаз

Тұр

Жаса

Баста

Жатыр

Тапсыр

5-сынып метаграмма құрастыр.

Егер т-дан бастасаң,

Мал ішінде ірісі.

Егер к-ден бастасаң,

Дүниенің кірлісі.

(түйе-күйе)

Сабақты қорытындылау. Тест тапсырмасы


Ұқсас жұмыстар
Сұрақ құрастыра алмауы
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыстар, түрлері
Қазақ тілінен емтихан билеттері (6 - сынып)
Бағдарлама
Мұғалімнің сұрақтарына жауап
Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Жіңішке дауысты дыбыстар нешеу
"қазақ тілінің фонетикасы" қазақ тілінен курс
Фонетикадан сабақтар топтамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz