Сабақ жоспары :: Биология
Файл қосу
Сезім мүшелері. 8-класс
Тақырыбы: Сезім мүшелерін қайталау
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сезім мүшелері тарауында алған білімдерін
қорытындылау, тексеру, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру;
Дамытушылық: Логикалық ойлау, зейінін, есте сақтауын, бақылаушылық,
байқампаздық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік:Денсаулықтарын күтуге, спортпен, дене еңбегімен айналысудың
пайдалы екендігін сезінуге, адамгершілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жорық сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: демонстрациялық тәжірибе, тест, сұраққа жауап,
термин сөздермен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: тест сұрақтары, бағалау парағы, лимон, кеспе
қағаздар, суреттер.
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Негізгі бөлім
Ауа-райын өзгерту.
1) «Қарлы бұрқасын» бөгеті.
2) «Мұздық» бөгеті.
3) . «Тасты жартас» бөгеті.
ІІІ. Қорытынды, бағалау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Ой қозғау. Тәжірибе.
Қажетті құрал: Лимон.
Орындалуы: Оқушылар алдарына берілген лимон жемісіне талдау жасайды.
1. Оқушылар көздерін жұмып отырып, лимонның пішінін, қабығының тегіс-
бұдырлығын анықтайды.
2. Түсін, дәмін айырады.
Сұрақ: біз қоршаған ортаны дүние туралы ақпаратты қалай аламыз?
Сезім мүшелері
Көру Есту Иіс сезу Дәм сезу
Сипап сезу
Бүгінгі өтетін сабағымыз – жорық сабақ. Таудың ең биік ұшар басы – шың,
ал адамдар үшін әр түрлі сезімдер: температура, ауыру, иіс, жарық, дыбыс
және т.б. қалыптастыратын анализаторлар да ең биік шыңдардың бірі болып
саналады. Анализаторларға байланысты бір мезгілде қоршаған дүние
құбылыстары мен заттарын егжей-тегжейлі талдау арқылы әр түрлі сезімнің
үздіксіз синтезі жүреді.Сондықтан бізді қоршаған дүниені тұтас қабылдау
жүзеге асырылады. Сонымен бүгінгі шығар шыңымызға жорықты бастайық.
- Жорыққа шығу үшін ауа-райы қандай болу керек?
- Ал бізде ауа-райы қалай?
Күн жоқ, бұлттар қоюланып, аспан түнеріп, қар жауғалы тұр. Ал бізге ауа-
райы ашық болу керек екені белгілі. Төзімді және шыдамды болуымыз қажет.
Егер біз тапсырмаларды дұрыс орындап, жауап беретін болсақ, бұлттар ыдырап
ауа-райы өзгереді. Күн ашылады.
1. Анализатор дегеніміз не?
2. Анализатор қандай бөліктерден тұрады?
3. Қандай сезім түрлерін білесіңдер?
4. Көз алмасының қанша қабықшасы бар?
5. Көз бұршақ қандай қызмет атқарады?
6. Құтышалар мен таяқшалар қандай қызмет атқарады?
7. Есту сүйекшелері қандай қызмет атқарады?
8. Сипап сезу дегеніміз не?
9. Адам үшін иіс сезу мен дәм сезудің маңызы қандай?
10. Тамақ қабылдауға қандай сезім мүшелері қатынасады?
- Жақсы, тапсырмаларды орындап, бұлттардан ашық аспанды құтқардық. Күн
ашылды, жорыққа шығу үшін қолайлы жағдай туды.
Енді жолға шығуға дайынбыз ба? Шыңға шығу оңай шаруа емес. Оған бірлік,
еңбекқорлық, төзімділік, шыдамдылық қажет. Осындай қасиеттер көрсетіп,
шыңды ала аламыз ба? Онда жолға шығайық. Бірақ алдымызда бөгеттер бар екен.
1. «Қарлы бұрқасын» бөгеті.
Қар ұшқындап жауып тұр. Тауда қар көшкіні болу қаупі бар. Қар көшкіні
деген не? Қар көшкіні қыруар зиян келтіріп, адамдарды да басып қалуы
ықтимал. Сондықтан қар көшкінін болдырмау үшін, «Қарлы бұрқасын» бөгетін
алуымыз керек. Ол үшін барлық оқушыға бірыңғай нұсқада тест жұмысын орындау
керек.
Тест
1. Қыртысында қозуды талдайтын анализатор бөлігі:
а) өткізгіш ә) орталық б) шеткі (рецепторлар).
2. Анализатордың тітіркенуінде қабылдайтын шеткі бөлігі:
а) орталық б) өткізгіш б) рецепторлық
3. Тепе-теңдік мүшесі – Весибулла орналасады
а) ішкі құлықта ә) ортаңғы б) сыртқы
4. Адам көзіндегі таяқша саны:
а) 130 млн ә) 150 млн б) 110 млн
5. Сыртқы дыбыс өткізу жолының ұзындығы:
а) 50 мм ә) 30 мм 70 мм
6. Есту сүйекшелері (балғашық, төс, үзеңгі қай құлаққа жатады?)
а) сыртқы құлақ ә) ішкі құлақ б) ортаңғы құлақ
7. Есту анализаторының шеткі бөлімі:
а) Кортиев мүшесі ә) Эвстахиев б) Эндолимфа
8. Ауруды сезетін рецептор:
а) ноцицептор ә) хеморецептор б) осморецептор
9. Иіс және дәм сезгіш рецепторлар:
а) механорецептор ә) хеморецептор б) ноцицептор
10. Дыбыс қаттылығы не арқылы өлшенеді:
а)децибел ә) дегустатор б) диоптрий
Жауаптары: 1-ә, 2-б, 3-а, 4-а, 5-ә, 6-б, 7-а, 8-а, 9-ә, 10-а.д
Жақсы, «Қарлы бұрқасын» бөгетін алдық. Жорығымызды жалғастырайық. Алдағы
бөгетерден өткендей, батыл болады деген сенімдемін. Тауда әр түрлі оқиғалар
көп болады. Ал, балалар жолда тағы бір бөгет тұр екен.
2. «Мұздық» бөгеті.
«Мұздық» бөгетін алу үшін кестелерді толтырайық.
[pic]
[pic]
[pic]
Есті жаттықтыру және дамыту
Көздеріңізді жұмып, мұғалім оқыған заттардың иісін сезіп, дауысын естіп,
дәмін сезіп отырыңыздар. Сосын көздеріңізді ашып, есіңізде қалған сөзді
жазасыздар.
15 сөздің 9-ын есте сақтасаңыз тапсырма дұрыс орындалғаны.
Қағаз, жүн, арақ, ванилин, етік, ұя, арба, саусақ, мысық, шаш, дөңгелек,
піл, жібек, құс, жұмыртқа.
Жақсы, балалар! Бұл бөгетті де табандылық пен білімнің арқасында алдық.
Жорығымызды жалғастырайық. Тау басына жетуге таяу қалдық. Бірақ мұнда
кездейсоқ тағы бір бөгет шықты, оны алуға дайынбыз ба? Ендеше іске сәт!
3. «Тасты жартас» бөгеті.
Бұл жерде аяқ астында өте ірі қой тастар жатыр. Жерді абайлап баспасаңыз
құлап кетуіңіз де ғажап емес. Ал бізге аман-есен тау шыңына жету керек. Ол
үшін осы бөгетті де бұзып-жарып алға ұмтылу керек. Суретжұмбақтармен жұмыс
жүргізейік.
Берілген суреттегі сезім мүшелерінің құрылысын дәл табуға тырысайық.
Көздің құрылысы.
[pic]
Ортаңғы және ішкі құлақ жұмысының сызбанұсқасы.
[pic]
Дәм сезу мүшесінің құрылысы.
[pic]
Шыңға жетуге екі қадам қалды. Аздаған кертіктерден сүрінбей өтсек, шыңға
жетеміз. Ол үшін күтімдерге тоқталып өтейік.
Көз күтімі.
Есту гигиенасы.
Тері гигиенасы
Шыңға жеттік, барлық бөгеттерді табандылықпен, төзімділікпен, ең бастысы
білімнің арқасында жеңдік. Адам – табиғаттың құрамды бір бөлігі. Адам –
тірі ағзалардың ұзақ уақыт тарихи дамуының жемісі. Көрнекті орыс ғалымы
И.П.Павлов адамның табиғаттағы алатын орнын жоғары бағалаған. Ғалым: «Адам
– табиғаттың асқақ туындысы, әрі ол күрделі де нәзік жүйе» деп қорытынды
жасаған. Адамды табиғаттан мүлде бөліп қарауға болмайды.Әрбір дені сау адам
– қоғамның басты байлығы. Денсаулық адамның негізгі көрсеткіші болып
саналады. Әрбір адам өз денсаулығын сақтау үшін салауатты өмір салтын
ұстануы қажет.
Балалар, сіздер кез-келген шыңды бағындару үшін білім қажет екенін
дәлелдедіңіздер.
Сабаққа жақсы дайындалыпсыздар, алғыр, ұшқыр ойларыңызды жеткізе
білдіңіздер. Өмірде алатын, бағындыратын шыңдарыңыз көп болсын!
Термин сөздермен жұмыс.
Осморецепторлар, Ноцицепторлар, терморецепторлар, құтыша, таяқша, сары дақ,
көздің қарашығы, родопсин, бейімделу, көздің жітілігі, дальтонизм,
коньюктивит.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz