Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Тақырыбы. біріккен сөз

2991930-299960 Қостанай облысы
Жангелдин ауданы
Ақшығанақ ауылы
Қ.Топаев атындағы орта мектебі
Қазақ тілі.
4 сынып
Тақырыбы. Біріккен сөз.
Мақсаты. Кейбір сөздердің бірнеше түбірден құралып, бірігіп жазылатынын түсіндіру.
Жер-су аттарын білдіретін біріккен сөздердегі қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылатындығы.
Екі сөзден тұратын кісі аттарындағы қатар келген екі дауыстың бірі түсіріліп, жазылатындығын бірнеше мысалдар арқылы түсіндіру.
Дамытушылығы. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын,
Байланыстырып сөйлеуін , шығармашылық қабілеттерін
арттыру. Топпен және жекелей жұмыстар жасауға үйрету.
Тәрбиелік жағы. Ұқыпты, әдемі жазуға үйрену.
Көрнекілік. Сызба , суреттер.
Сабақтың түрі. Аралас сабақ.(дүние тану, ана тілі пәндерімен байланыс)
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Аспанға қарап ай көрдім,
Төмен қарап жер көрдім.
Біздің алар бағамыз,
Ылғи төрт пен бес пе екен.
Көк және қызыл кәмпиттер шашу арқылы топқа бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру.
1.Сөз неден тұрады?
2.Қаратпа сөз деген не?
3.Күрделі сөз деген не?
4.Сөйлемнің бірыңғай мүшесі деген не?
Сонымен өткен сабақты <<сұрау>> әдісі бойынша бірнеше сұрақтар қою арқылы жауап алдық.
Жаңа сабақ Біріккен сөз.
Ерте, ерте , ертеде <<Сөзстан>> деген елде бір ақсақал өмір сүріпті. Ол ақсақалдың аты <<Күрделі сөздер>>екен. Оның үш ұлы болыпты.

Біріккен сөз
Күрделі сөз

Қысқарған сөз
Қос сөз

Біріккен сөз ынтымақта, бірлікте,бақытты өмір кешіпті. Балалары да , тату болып, бір-біріне н ажырамай, ұйымшыл болған екен
Біріккен сөздер- екі не одан да көп түбірден құралған сөздерден тұрады. Олар бірігіп жазылады. Мысалы . Балқарағай. . Бал+қарағай. Екі түбірден құралып тұр. Ала+бота, Ала+көл.
Мысалы мынау не? Айна
Мынау не? Гүл Осы екі заттың атын біріктіріп айтайықшы, Айна+гүл. Сонда екі заттың бірігуі арқылы біз біріккен сөз жасадық . Бірінші түбірі Айна сөзі, екінші сөз гүл.
Оқулықпен жұмыс.
32-жаттығу.
Бақ
кер
Берілген сөздерден бірігу арқылы біріккен сөздер жасау. Әр сөз неше түбірден құралған?Неше түбірдің бірігуі арқылы жасалып тұр?
НҰР
айна
бұлақ

жар
Жан
Ес
дәулет
талды


Біріккен сөздер
Адам аттары Нұржан, Асқар
Жер-су аттары Алакөл, Айнабұлақ.
Аң-құс аттары Жолбарыс, Қосаяқ.
Өсімдік аттары Итмұрын, Алабота.
Ойын аттары Көкпар, Алтыбақан.

Адам аттарында алдыңғы түбірдің соңы дауысты ұяң , үнді дыбыстардың біріне бітіп, кейінгі түбірдің басындағы қ, к дыбыстары ұяң болып айтылса, олардың орнына ғ, г әріптері жазылады. Ол қатаң болып айтылса, , қ, к әріптері жазылады.
Мысалы. Ботагөз, Ырыскелді.
Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу.
Аққу, шаңсорғыш, кемпірқосақ.
33-жаттығу
Сөздерді оқып, көшіріп жаз.Әр сөз неше түбірден құралған?
Аққк, бұзаубас,Ақмарал, шаңсорғыш.
Оқулықпан жұмыс.
Ережені хормен айту.
34-жаттығу.
Өлеңді оқып, жатқа жаз.Өлеңде біріккен сөз бар ма?Біріккен сөздердің астын сыз.
Кемпірқосақ.
Күн күркіреп , себелеп,
Жаңбыр жауып басылды.
Көкжиекке керемет,
Кемпірқосақ асылды.
Топтық жұмыс.
1-топ.
Әр сөз неше түбірден құралған?
Айнабұлақ, Алакөл,итбалық.
2-топ.
Біріккен сөздердің арасына (+) белгісін қой.
Қосқұдық, Ақтеңіз, Түйебай.
35-жаттығу.
Берілген біріккен сөздерді қатыстырып, сөйлам құрап жаз.
Аққұтан, шекара, көкжиек. Бұлар қандай сөздер?
Бұлар қандай мағына береді?
Яғни екі түбірден құралған, бір ғана мағынаны білдіреді, бір ғана сұраққа жауап береді.
Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
Дамытушылық тапсырма.
1-топ 2-топ
1.Таудың суретін сал. 1. Салған суреттің атын жаз.
. Алатау.
2.Екі құдықтың суретін сал. 2.Қосқұдық.
3.Ағып жатқан бұлақ. 3. Айнабұлақ.
4.Балықтың суретін сал. 4. Көксерке...
5. Сұлу құстың суретін сал. 5. Аққу.
<<Кім шапшаң>> ойыны.
Біріктіру арқылы біріккен сөз жасау.
су
сары
1.топ 2.топ.
құлақ
саңырау
+
+
аяқ
қос
+

Тау ешкі қайда жүреді? Немен қоректенеді? . Әңгіме құрау.

Шығармашылық жұмыс.
Екі топ кестені толтыру. Біріккен сөздер жаз
аң
құс
жәндік
балық
Ақбөкен
Аққу
Саршұнақ
Көксерке
Арқар
Күркетауық
Қосаяқ
Алабұға
Жолбарыс
Түйеқұс
Тасбақа
итбалық
Постермен жұмыс. Біріккен сөз туралы алған білімдерін қағазға түсіру.


Біріккен сөз
Екі түбірдің бірігуі арқылы жасалады
қараторғай көкқұтан

итмұрын
Қорыту. Сонымен не білдік? аққұйрық
Не үйрендік?
Біріккен сөз деген не?
Бекіту. Үй тапсырмасы. 36-жаттығу. Біріккен сөз .
Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Күрделі сөздер қос сөздер біріккен сөздер тіркескен сөз қысқарған сөз
Біріккен сөздің емлесі
Тіркесті сөздер
Біріккен сөздер (4-сынып)
Біріккен сөздер жайлы
Біріккен сөз. 6 сынып
Біріккен сөз туралы түсінік беру
Біріккен сөздердің түрлерін ажырату
Әңгімеге біріккен сөзді қатыстыру
Біріккен сөздердің жазылуы
Пәндер