9-сыныптың Қазақстан тарихы пәні: Кім жүйрік танымдық сайыс сабақ жоспары

Қостанай облысы

Жангелдин ауданы

Ақшығанақ ауылы

Қ. Топаев атындағы орта мектебі

Жұмабаева Гүлжан Қуанышбайқызы

Тарих пәні мұғалімі

«Кім жүйрік» сайысы 9 сыныптың жаңа оқулығы бойынша

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қазақстан тарихы пәнінен алған білімдерін, ел тарихын қаншалықты білетіндіктерін тексеру. Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру. Қазіргі ғылыми білім негізінде дүниежүзінің өркениет құндылықтарымен қарулануға ниеттерін қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, ел тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін ұмытпай, қадірлеуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: математика

Сабақтың түрі:Танымдық сайыс.

Сабақтың әдіс - тәсілі:Сұрақ -жауап, пікірталас, ойын.

1 тур

1. Алматы ауыр машина жасау зауыты қай жылы іАлматыға көшіріліп әкелінген Луганск правоз жасау зауытының үш цехы негізінде құрылды /1941ж/

2. Дәл осы зауыт қай жылдан бастап бомба, мина, снарядтар жасап, әскери тапсырыстарды орындап отырды?/1942/

3. Қай жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағын космодромының іргетасы қаландв?/1945ж/

4. Осы Байқоңыр кешенінен қай жылы адамзат тарихында тұңғыш рет ЮА Гагарин ғарышқа сапар шекті?/1961ж 12 сәуірде

5. Қуаттылығы 500 килотонна болатын сутегі бомбасы алғаш рет қай жылы сыналды/1953ж 12 тамызда/

6. Қай жылдары жылына 14-18 сынақ өткізіліп, жер астында барлығы 343 ядролық жарылыс жасалды/1963-1988/

7. Абай және Абыралы ауданының халқына ескертпестен таңғы сағат 6. 30да қуаттылығы 30 килотонна болатын алғашқы сынақ қай жылы жүргізілді?/1949-29 тамызда/

8. Әуеде және жер үстінде 50-дей сынақ қай жылдары жүргізілді?/1961-1962ж/

9. Қуаттылығы әртүрлі 470-тей жарылыстар қай жылдары аралығын қамтиды?/1949-1989ж/

10. Қай жылы нәрестелердің өлімі 27, 8-ге жетті?/1987/

2 тур

1. Өндіріс орындарында КСРО армиясы жаяу әскер соғыс машиналарының қанша пайызы және барлық артиллериялық жүйелердің қанша пайызы өндірілді?/18 және11 пайыз/

2. Қай тактикалық зымырандарға арналған ұшыру қондырғылары Қазақстанда жасалынды/ZZ-21/

3. Қай оқиғаның құрметіне қазақтың жас ақыны Олжас Сүлейменов «Адамға табын жер енді» атты поэмасын жазды?

/Ю. А. Гагариннің алғаш рет ғарышқа ұшуына байланысты/

4. «Байқоңыр »ғарыш айлағынан қанша мыңға жуық зымыран ұшырылды/2, 5 мыңға жуық/

5. Қазақстандағы әскери мақсаттағы сынақ алаңдарының саны/12/

6. Сынақ алаңдарының аса қуаттысы / Семей полигоны/

7. 1949ж29 тамызда алғашқы сынақтың қуаттылығы қанша?/30 килотонна/

8. Семей өңірінің халқы сәулеге ұшырау мөлщеріне қарай неше категорияға бөлінеді?/3/

9. 100 мың адамға шаққанда қатерлі ісікпен ауырғандардың саны?/191, 7/

3 тур Тестпен жұмыс

Уран рудасын өндіру көлемі артқан жыл?

а/1980жылдар в/1970 с/1960

2 Байқоңыр ғарыш айлағының іргетасы қаланды?

а/1949 в/1961 с/1955

3. Ю Гагарин алғашрет қай жылы ғарышқа ұшты?

а/1949ж 12. 04 в/1961ж12. 04 с/1951ж12. 04

4. Жарылыс кесірінен жел арқылы қанша шақырым жерге зияндызаттар таралды?

а/304 мың шаршы шақырым в/340 мың шаршы шақырым с/430 мыңшаршы шақырым

5. Байқоңыр ғарыш айлағында қанша зымыран ұшырылды?

а/2, 5 мың в/0, 25 мың с/25 мың

4 тур Математикалық ойын

(3000-3000) :4+(900:2) +5=1955жыл

(600×3) +100+9×5+4) -((925x3) -100+(125×2) -36-1000+100) =1949ж-1989ж аралығы

(1000×2) -39=1961

((1000×2) -((900×2) +162) =1961-1962

Сайыс аяқталды

Ой Түйін жасау арқылы өздеріне бағалату

Кері байланыс парағы арқылы ойларын тиянақтау


Ұқсас жұмыстар
Информатика пәні: Кім жүйрік сайыс сабағының әдістемелік жоспары
5-сынып оқушыларына арналған Кім жүйрік? математикалық сайыс сабақ жоспары
Кім жүйрік: 1-сыныпқа арналған пәнаралық сайыс сабақтың жоспары
Химия пәні: сыныптан тыс интеллектуалдық сайыс Кім көп біледі? - қысқа мерзімді сабақ жоспары (9-сыныптар)
8-сыныптар арасындағы экологиялық-танымдық сайыс Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар
Кім жылдам? Физикадан зеректік пен ой-өрісті дамытуға арналған танымдық сайыс
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар зияткерлік сайыс сабақ жоспары
Елорданың тарихы мен көрікті жерлері жөніндегі танымдық сабақ-сайыс
Жүйрік информатиктер: 7-сыныпқа арналған сайыс сабақ жоспары
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы: 7-сыныпқа арналған сайыс сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz