Саламатты Қазақстан: 9-11 сыныптарға арналған зияткерлік-спорттық ойын жоспары, 2014-2015 оқу жылы

Зияткерлік ойын
«Саламатты Қазақстан» зияткерлік ойын
Мақсаты :
1. Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау.
2. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
3. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап.
Сәлеметсізбе құрметті ұстаздар, оқушылар, әділ-қазылар! Сіздермен бірлесе отырып «Саламатты Қазақстан» атты ойынымызды бастауға рұксат етіңіздер.
Әрине жарыс болған соң әділқазылар алқасын сайлап алайық
. . . олай болатын болса ойынымызды бастайық.
Ойын үш топтан тұрады олар 9, 10 және 11 сынып оқушыларынан тұрады.
9 сынып тобы
10 сынып тобы
11 сынып тобы
Жүргізуші:
Басталады кім «Дода» деген сайысың,
Бұл сайыста озып шығар қайсысың?
Жылдамдығың, алғырлығың сыналар,
Қане, шәкірт көрінеді қай ісің?
Сайыс ережесі:
«Дода» сайысында барлығы 12 сұрақ әр сұрақтың өзінің ұпайы бар егерде топ таңдаған сұрағына жауап берсе, онда ол топқа сол ұпай қосылады, жауап бере алмаса ұпай 0- ге тең болады.
- Волейбол ойыны алаңының өлшемі қандай? 18х9
- Төрешінің рұқсатынсыз алаңдағы ойыншыларды аламастыраалатын ойыншы қалай аталады? Либеро
- Волейбол торының биіктігі қандай болады? ерлер-2, 43м, қыздар 2, 24 м
- 8 немесе 16 ұпай жиналған кезде берілетін техникалық тайм-ауттың ұзақтығы? 60 сек
- Баскетбол добының салмағы қанша? 567-650гр
- Баскетбол ойынында өз аймағынан, қарсы команданың аймағына неше секундта өтіп үлгіру қажет? 8 секунд
- Баскетбол ережесіне сәйкес шабуылды қанша уақытта аяқталуы қажет? 24 секунд
- Шабуылдаушы команданың ойыншысы себеттің астында қанша уақыт тұра алады? 3 секунд
- Футбол ойынында ойыншы қарсы команданың неше ойыншысын алдап өтуіне рұқсат етеді? Шектеусіз
- Футболда пенальти қандай қашықтықтан соғылады? 11 метр
- Футбол ойыны қай мемлекетте пайда болған? Англия
- Футболда ойыннан тыс жағдайын сипаттайтын термин? офсайд
Сайыс: «Лондон 2012» олимпиадасы
- Серік Жұманғалиұлы Сәпиев қашан, қай жерде, нешінші жылы дүниеге келген? Ж а у а б ы:16 қарашада 1983 жылы Абай қаласы, Қарағанды облысында
- О. Рыпакова 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында үш қарғып секіруден финалдық кезеңде 15 метр 11 сантиметр ұзындықты бағындырып, қандай рекордты жаңартты? Азия рекордын жаңартты.
- Қазақстанның атақты велошабандозының лақап аты ? Александр Винокуров - Вино
- Майя Манеза Қазақстан республикасының қай жоғарғы оқу орынын бітірді? Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
- Зульфия́ Салаха́ровна Чиншанло́ неше жасында «Гиннес рекорды» кітабына енді? 16 жасында
- Светлана Николаевна Подобедова қай жылы Қазақстан Республикасының азаматтығын алды? 2007 жылы
- Илья Ильиннің алғашқы бапкері кім? Валерий Пак
- Лондон олимпиядасы Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болып құрылғаннан кейінгі қатысып отырған нешінші олимпиадасы? 5 олимпиядасы
«Жорға» сайысы
Ең қиыны жарыстың жорға келді
Мықтылары қалыпты, жеңсін енді,
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.
Барлығы 6 сауалдан тұрады:
- Тәні саудың - жаны сау.
- Әуелгi байлық - денсаулық,
Екiншi байлық - он саулық,
Үшiншi байлық - ақ жаулық.
- Тазалық - саулық негізі, Саулық - байлық негізі.
- Демі бардың емі бар.
- Денсаулық - зор байлық
- Шынықсаң - шымыр боларсың,
«Обаған орта мектебі» ММ
Ойынды ұйымдастырушы денешынықтыру пәні мұғалімі:
Мамаев Е. Б.
Обаған селосы
2014- 2015 оқу жылы