Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Имандылық жарасады ұл-қызға
Имандылық жарасады ұл-қызға
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, парасаттылыққа, біліктілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:нақыл сөздер, суреттеу.
Барысы:
Жоспар
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі.
2.Бата ұғымының түп-төркініне түсінік.
3.Тілек айту.
4.Тыйым сөздер.
5.Қорытынды.
Мұғалім: Иман-арабша сенім деген ұғымды білдіреді. Дінге сенуге байланысты бұл ұғым халық арасында әдептіліктің, яғни адамгершіліктің мәнін беретін ұғыммен ұштасып,әлеуметтік әдептілікті көрсететін мәнге ие болды. Өмір заңдылықтарына айқын сеніммен қарап, адамгершілік рәсімдері мен уәждерін, міндеттері мен мақсаттарын бұлжытпай орындайтын ақ ниетті, адал жүректі, көпшіл адамды - иманды адам дейміз. Иманды адам - айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлайды, оларға мейір- шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабаттылықпен қарайды. Сондықтан да иманды адамды бет бейнесінен танып, халық оны иман жүзді адам дейді.
<<Тура биде туған жоқ, туысты биде иман жоқ>> деп, халық иманды адамның әділетті, шыншыл болатынын уағыздайды. Халқымыздың қонақжайлылығы, кеңпейілдігі, көпшілдігі, дос көңілдігі-әлуметтік имандылықтың белгісі.Имандылық дәстүрін қастерлей біліп, иманды адам болу- кісілік борыш. Иманы кәміл адам мейірімді болады. Мейірімділік - адам бойындағы қасиетті сезім. Ата мейірімі, әке мкйірімі, ана мәйірімі, отбасындағы адамдардың бір- біріне деген мейір- шапағат- әдептік әсем құбылыс, түйсікті баурап алатын түсінік, ұлағатты ұғым,адамгершіліктің асқар шыңы. Халқымыз ұрпағын мейірімділікке тәрбиелеп, қатыгезіктен қашып, қаталдықтан сақтандырып отырған. Еліміз еразаматтарын мейірімді болса екен деген аттармен атап,жастарды үнемі мейірімділікке баураған. <<Көпті жамандаған көмусіз қалады>> деп халқымыз мейірлі болу- өз халқын сүю, бірлікшіл болу екенін уағыздайды. << Үлкен адамның сөзін тыңдай біл>> деп өсиет айтқан ата - бабамыз мейірімділік негізі - сыйласым екенін дәл көрсетеді.
Мұғалім сабақты кіріспе сөз имандылық туралы айтып, бата, тілек және батаның түрлеріне тоқталады. Ендігі кезек жүргізушіге беріледі.
Әйгерім Ажығалиева:
Сабақты біз <<Ақ бата>> деп атадық,
Үлкендерден жүрейік деп бата алып.
Ақ батамыз бастайды екен ақ жолға,
Шалғыс басып кетпесін деп шатасып.
Имандылық жарасады ұл-қызға,
Ал,батамыз бастайды екен шың-құзға.
Инабатты,ұмытпасқа ізетті,
Айналамыз біз адами жұлдызға.
Қатипов Сұлтанбек:
<<Бата>> ұғымының түп-төркініне барлау жасар болсақ. Құранның 1-сүресінің аты <<Фатихадан>> туындаған халықтың бата-тілек сөздері жеткіншек жас ұрпақты әдепті,сабырлы,зерделі,арлы болып өсуіне баулиды. Малды-басты,дәулетті,бақытты,кекшіл емес кешірімді болуын тілейді. Бата-қазақ арасында адамдардың бір-біріне деген ынта-ықыласының адал ниеті мен жақсы тілектерін білдіретін тәрбиелік мәні зор рәсім.
Ал,дастархан батасы туралы айтсақ.
Мұхитұлы Мырзахан:
Дастарханың мол болсын,
Абыройың зор болсын!
Дастарханың тоқ болсын,
Уайым-қайғы жоқ болсын!
Берейін бата асыңа,
Амандық берсің басыңа.
Бөденедей жорғалап,
Қырғауылдай қорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа.
Бар екен деп жасыма,
Жоқ екен деп жасыма.
Еңбек етсең ерінбей,
Дәулет келер қасыңа.
Көре алмаған дұшпанның
Жуа бітсін жолына.
Бақытың жетсін төтелеп.
Дүние малды жетелеп.
Аузыма түскен батаның,
Жатырмын бәрін төпелеп!
Көтердім міне білекті
Ақтардым түгел тілекті,
Мынау тұрған балаңыз,
Батыр болсын жүректі.
Қайролла Ақерке:
Соғым шүйгін болсын,
Қазаның тоқ болсын,
Уайым жоқ болсын.
Дастархан кең болсын,
Бала-шағаң ер болсын.
Бізге бергенің есесін берсін,
Есесіне тәңірі бірнешесін берсін!
Ғаділбеков Әділжан: Көші-қон батасы
Көштерің көлікті болсын,
Жолдарың көрікті болсын,
Қоныстарың құтты болсын,
Босағаларың мықты болсын.
Ауру-сырқаудан аман болыңдар.
Бастарың а айырылмас бақ қонсын,
Мейірбанды Алла сендерге жақ болсын!
Меңдібаев Ризабек: Ұлыстың ұлы күнінде берілетін бата
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жыл болар.
Амангелдиев Санжар:
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын
Қайда барса жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Пәле-жала жерге енсін.
Мекен тұрақты болсын,
Малға құрақты болсын,
Елге шуақты болсын,
Өзен суатты болсын,
Ерлер қуатты болсын!
Ұлы халқым тоқ болсын!
Көйлектері көк болсын!
Қайғы- уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!
Самиғоллаев Тілекжан: Жас жұбайларға берілетін бата
Уа,екі жас,екі жас,
Сізге тілек-ықылас.
Бақыт қонсын басына
Өле-өлгенше арылмас,
Мінез берсін тарынбас,
Өкпе берсін қабынбас,
Жүрек берсін жарылмас,
Тыныс берсін тарылмас.
Бейбітшілік күн берсін,
Ата-анаңды сағынбас!
Неғметов Жұмабек: Әскерге аттанатын азаматқа берілетін бата
Мәнісін ұқ батаның,
Борышын өте Отанның.
Мен де тілеп отырмын.
Аман барып, сау қайтып,
Берсін жолдың төтесін.
Жылдың жарымдық міндеттің.
Абыроймен өтелсін.
Бере берсін тілеуді,
Бейбітшілік жасасын,
Білме жасып, жүруді.
Ширап бойың жарасын.
Шыныға бер болаттай,
Елге жауды жолатпай,
Қатаң сақта тәртіпті.
Тура жүрген сағаттай.
Бөкенов Оралбек: Сәбиге берілетін бата
Көрініс түрінде жас сәбидің әжесі немесе елге сыйлы, құрметті ақсақал ат қою үшін Құраннан <<Фатиха>> сүресін айтады. Сонан құлағына үш рет аты айтылып, бата беріледі, соңы әнге ұласады.
Мұхитұлы Мырзахан: Мен бір бата берейін,
Берілгенде бата не дейін.
Әуелі құдай оңдасын,
Еш жамандық болмасын.
Ата-баба әруағы
Әрқашанда қолдасын.
Нұрға бөлеп жүректі.
Өзіңе бата берейін
Ағынан айтып тілекті.
Пайзуллина Гүлшат:
Сүйкімді бол,
Өнерге - білімге икем бол.
Бәйтеректей бойшаңдап,
Өрең- өршіл, өркенді бол.
Жақсы жолды таңда,
Жамандық тәлім алма.
Бабалардың дәстүрін
Жаңаласын, жалғасын.
Шұғылалы шуақ күн кеш,
Басынды сұр бұлт шалмасын,
Қырандай биік самғарсын.
Катипов Сұлтанбек: Тыйым сөздер
Адамгершілік тәрбиесіне қатысты әдіс- тәсілдер қатарына тыйым сөздерді де жатқызуға болады. Мұндай сөздер айналасындағы әр нәрсені қадірлеп, қастерлей білуге, қатыгездік пен көргенсіздіктен аулақ болуға, обал, сауатты білуге баулиды. Мысалы, <<Нанды аяққа баспа>>, <<Анаңа қатты сөйлеме>>, <<Малды басқа ұрма>>,т.б.
Бөкенов Оралбек: Осындай сөздердің бір тобы оқушыларды тәртіптілікке, сыпайылыққа, сақтыққа шақыра отырып, әр түрлі жаман әдеттен жиіркендіреді. Атап айтқанда, <<Адамға қарап түкірме>>, <<Кешке қарай көңіл сұрама>>, <<Біреуге қару кеземе>>, <<Пышақтың жүзін жалама>>, <<Мойныңа белбеу салма>>, т.б.
Нұрғалиев Мержан: <<Күлді шашпа>>, <<Ағынды суға кір жума>>, <<Шашты аяқ астына тастама>>, <<Құдыққа түкірме>>, сияқты тыйым сөздер тазалыққа, ұқыптылыққа, табиғатты қастерлеуге шақырады.
Ғаділбеков Әділжан: Үй - іші, ауыл - аймақ аман болсын,
Тыныштық баршамызға заман болсын.
Табиғат таусылмайтын ризық беріп,
Тартулы дастарғаның тағам болсын,
Хамидуллина Асемгуль:
Абырой, амандығың арта берсін.
Бақ-дәулет қызығымен қатар берсін.
Қонағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзынды тата берсін.
Пайзуллина Гүлшат:
Осындай ойын-сауық бола берсін,
Үй- іші той- думанға тола берсін.
Өмірдің гүл жайнаған жәннетіндей
Бақшаңа бақыт құсы қона берсін.
Ажығалиева Әйгерім:
Тыныштық елімізге бере берсін,
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел-жұртымыз аман болсын,
Қызығын бейбіт еңбек көре берсін.
Қыдырғалиева Жанаргүл:Ұяттан безген мият
Мият деген қырыстың
Естідім бір сор ісін:
Инабатты ұятты,
Сыйланатын ұятты,
Сабыр ойлы ұятты,
Абыройлы ұятты
Ұрсып, сөзбен езіпті-
Ұяттан ол безіпті.
Имандылық-ізет,-деп,
Иманды нық күзет,-деп,
Жағындырдың кәріге,
Бағындырдың бәріне!
Әркімге бас идірдің:
Әр күн күнде мың күйдірдің....
Мұнжық болып оңбаймын!
Ынжық, момын болмаймын!
Ұят,менен кет!-депті,
Ұят оданшеттепті.
Қашып ұят жоламай,
Безіпті дос бола алмай......
Ой, обал-ай! Обал-ай!
Олақ боп ол ұялмай,
Салақ болып ұялмай
Дөрекілік мінезбен,
Өрекпілік иінезбен
Ақылына таныпты,
Ақымақ боп қалыпты.
Ұятсызда сабыр, ой,
Болмас ақыл, абырой.
Халиуллин Әлібек:
Қасында жақсы көрген көршің болсын,
Көршіңіз жақсы болса-бейне төркін.
Ағайын, туған-туыс жекжаттарың
Баршасы сау-саламат өсіп-өнсің!
Ата-аналардың бірі бата береді және оқушылардың сабаққа қатысуы бағаланып, бәріне сыйлықтар ұсынылады.
Батыс Қазақстан облысы
Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы
М-С.Бабажанов атындағы ЖОББ мектебінің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Кузергалиев Талап Калиллинұлы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz