Қанды қырғын аждаһа

Қанды қырғын аждаһа

Жамырап оқтар зеңбіректеп атылған,

Сол оқтарға талай кеуде шатылған,

Жеңіс үшін тосқан оққа кеудесін,

Айналайын қазақ деген батырдан.

Ұрпақ үшін күнін ойлап бүгінгі,

Жарық қылды қап-қараңғы түніңді,

Қайран елдер, қаһарман ерлер есімде,

«Отан үшін алға» деген үніңді.

Бұның бірақта тегін емес,

Қуғаны ата-баба кегін емес.

Өлтіріп бірақ өлем елім үшін,

Бүгін емес, бірақ та бүгін емес.

Болсын деп тыныш ұйқы тыныш заман,

Жасалды ғой сол жолда қанша қадам.

Жеңістің бірақ туы тігілсін деп,

Құрбан боды сол жолда қаншама адам.

Талқандап жатыр зымыран оқтар жерлерін,

Талқандап жатыр майданның қызыл белдерін.

Қара жаудың сағын сындыруға

Тәуекелге барып жатыр ерлерің.

Тылдағы еңбек майданнан сірә кембе еді?

Үйіне қайтып келмеді ерлер, келмеді.

Тапталып қалған ерлердің жансыз денесін,

Жат елдің бір балшығына жерледі.

Үміт күтіп отырған қауым елдегі,

Үміт күткен жалғыз ұлдан белдегі.

Үміт күткен жалғыз ұлдан қара шал,

Майданнан келген суық хабарға сенбеді.

Соғыс бітті қанды қырғын тоқтады,

Соғыс лебі одан кейін соқпады.

Соғыс дейтін қанды қырғын, аждаһа,

Одан кейін елімізді таппады.

Жауда кетті, жауда кетті жеңіле,

Мойындады жеңілгенін беріле,

Қуаныңдар, қуаныңдар ағайын,

Жеңіс келді, Жеңіс келді еліме.

Б. Соқпақбаев атындағы орта мектептің

9 а сынып оқушысы Оразхан Жасталап

«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды»

C:\Users\Карлыгаш\суреттер\20150221_130739.jpg

C:\Users\Карлыгаш\суреттер\20150221_123928.jpg

C:\Users\Карлыгаш\суреттер\20150221_165003.jpg C:\Users\Карлыгаш\суреттер\20150221_121843.jpg

«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды»

Неменеге жетісесің бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр.

Бірі мініп келместің кемесіне,

Бірі күтіп әнекей жағада тұр.

Иә, ақиық ақын М. Мақатаев жырлағандай еңбектері еліне сіңген ата-апаларымыз жылдан-жылға азаюда.

Соғыс қорқынышты да үрейлі. Елін, жерін қанқұйлы жаудан қорғауда, еріктілер майданға сұранды. Осы кезде Райымбек ауданының жастары да үн қосыпты. Нарынқолдан сұрапыл соғысқа 30 бала аттаныпты. Солардың ішінде жүрегі «Отан» деп соққан Мұсаев Шоғанбай атамыз да кейін де еліне аянбай еңбек еткен жемісін көруде. Атамыз 94 жасқа келсе де, ширақ, сергек жас баладай ақкөңіл жан.

Тыл. Майданға кеткен әр азаматтардың орнын, буыны қатпаған жас балалар мен еңкейген қарттар мен әйелдер басты. Олар уақытпен санаспай еңбек етті. «Бәрі ле Жеңіс үшін»деген ұранмен жауынгерлерге, азық-түлік, киім-кешек жіберді. Күндіз тынымсыз еңбек етсе, түндешаршағандарына қарамастан киім тікті. Әр үйге келген «қаралы қағаз», «келеді-ау»деген үміттерін су сепкендей басатын. Тыл ардагерлері Жұмағұлова Сүйімхан, Бекетаева Жаңылхан, Ақынов Қасымхан және Жамалхан ата-апаларымызда еңбектерінің жемістерін көруде.

Жеңіс: Қуанышты хабар елге жеткенде, барлығы қуанғанынан көз жастарын көлдететін. 1418 күнге созылған сұрапыл соғыстың біткеніне де 70 жыл.

Осы орайда ардагерлерімізді қуантып, құрметтеу барысында мектебімізде сыныптары тәрбие сағаттар, кезедсулер өткізіліп сый -құрметтер көрсетілуде. Мұндағы мақсатымыз-ардагерлеріміздің еңбектері ешқашан ұмытылмайтынын көрсетіп, 6 а сыныбының жетекшісі Сүлейменова Пернеш апайымыз оқушылары Жұмақожаева Назерке, Қасымхан Балауса, Ғабиденқызы Мөлдір тыл ардагері Жамалхан апймен кездесу өткізіп, өздерінің ыстық ықыластарын білдірді.

Ардагерлерімізді ұлықтап, олардың ерлігін ұрпаққа жеткізе білейік дегім келеді.

Б. Соқпақбаев атындағы орта мектептің

8 а сынып оқушысы Жақан Алтынай

Ардақты ардагермен кездесу

G:\2015 о.ж. тәрбие отчет ІІІ-тоқсан Б.Соқпақбаев мектебі Галия апайға\ҰОС ардагері Тастанбаев Күмісбек\20150303_091355.jpg G:\2015 о.ж. тәрбие отчет ІІІ-тоқсан Б.Соқпақбаев мектебі Галия апайға\ҰОС ардагері Тастанбаев Күмісбек\20150303_092707.jpg G:\2015 о.ж. тәрбие отчет ІІІ-тоқсан Б.Соқпақбаев мектебі Галия апайға\ҰОС ардагері Тастанбаев Күмісбек\20150303_095001.jpg

Ардақты ардагермен кездесу

Ардақты соғыс ардагері, майдан жауынгері -Күмісбек Тастанбайұлы атамыз. Жас кезінен-ақ көп қиыншылықтарды басынан өткеріп, соғыс кезіне тұспа-тұс келген өмірінде тағдыр тауқыметін тартқан. Соғысқа 1942 жылы небәрі 16 жасында кеткен. Алғашында дайындық кезеңінен өтіп кейіннен майдан шебіне барған. Окоптарда шайқасып, барлаушы болған. Осы соғыс кездерінде 7 жерден жараланып, дәрігерлік көмек көрсетілген. Елім деп, жерім деп Отаны үшін қызмет етті. Атамыздың жары Ботамолдаева Рахия тыл ардагері.

Бұл соғыс бәрімізге де жанашырлық көрсетпеді. Соғыста көптеген жастарымыз, аналарымыз қыршынынан қиылды. Жеңістің дәмін татқанда, атамыз бір марқайып, көзіне жас алған болатын. Майдангер атамыз соғыс біткеннен кейін де еліне қызмет етті. Нарынқол селосында совхозда талай жыл қызмет атқарды. Бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған бақытты жан.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ардагерлерімізге халық қаһарманы орденімен марапаттап, құрметке бөледі. Біз жас ұрпақ осындай арадагерлерімізбен мақтанып, үлгі тұтып, құрметтеуіміз керек! Жеңістің 70 жылдығы құтты болсын! Жеңістің туы желбірей берсін!

Б. Соқпақбаев атындағы орта мектептің

9 ә сынып оқушысы Нұртай Альбина

«Ерлікке тағзым»

«Ерлік» сөзін айтқанда немесе естігенде елін, жерін қорғаған батырларымыз еске түсері сөзсіз.

Ерлік әр адам бойынан табылғанымен оны қолдана алу-екінің бірінің қолынан келмейтін шаруа.

Ерліктің үлкен-кішісі болмайды. Кейбіреулер ерлік жасаудың қолайлы сәтін күтсе, енді біреулері ол туралы ойламайды да.

Махамбет, Исатай, Абылай, Райымбек тағы басқа батырларымыз үлкен ерлік жасап, тарихта мәңгілік қалды, ұмытылмайды деп үлкен сеніммен және мақтанышпен айтуға да болады.

Қазір ХХІ ғасыр болғандықтан, бейбіт заманда да ерлік жасаудың түрлері көп. Қазіргі қоғамда жетім, жесірлер, панасыз жандар көп. Оларға көмек берсе, үлкен ерлік болар еді.

Ерлікті біреудің қалауымен немесе біреудің айтуымен жасайтындар бар, бірақ нағыз ерлік жасау кеудедегі жұдырықтай ғана жүректен шығады.

Сөзімнің тобықтай түйінін жасап қорытындыласам, менің негізгі ойым-ерлікті сан қырлы жағынан таныту және ерлік жасауға шақыру.

Ерлік жасаудың қолайлы сәтін күтпе, себебі уақыт сені күтпейді!

Баршаңызды Жеңістің 70 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Еліміз тыныш, жеріміз аман болсын!

Б. Соқпақбаев атындағы орта мектептің

8 ә сынып оқушысы Ұлан Аяла

«Желбіре, Жеңіс жалауы»

1941 жыл 22 маусым күні сағат таңғы төртке фашистік Германия отанымызға тұт қиылдан шабуыл жасады. Әлемді дүрліктірген алапат дауыл халықтың жүрегін жылатты. Тыныш жатқан халықты бір-бірімен ажыратып, анасын баласынан, баласын анасынан, бауырынан айырылған сұрапыл соғыс басталды. Сұрапыл соғысқа барлығы да дерлік төзе білді.


Ұқсас жұмыстар
Желтоқсан туғызған тұлғалар
Абдоллаға мінездеме бер
Ерлік ұрпаққа ұран
Сот залы
Аталар ерлігі - ұрпаққа үлгі
Жеңіс келді қалама, Жеңіс келді далама
"тәуелсіз елдің тірегі-білімді ұрпақ жүрегі" танымдық сайыс
Жаңа ғасыр азаматы - дені сау, рухани бай адам
Ананың зары
Жеңістің туын тіккен
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz