Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Блум жүйесін сабақта қолдану тәжірибемнен
Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің <<Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі>> коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Баяндаманың тақырыбы:
Блум жүйесін сабақта қолдану тәжірибемнен.
Математика пәні мұғалімі: Султанова Ж.М. 2014ж.
lefttop00 Султанова Жанилсин Максутовна
Туған күні,айы,жылы 26.10.1965.
Математика және физика пәнінің мұғалімі
Орал қаласындағы А.С. Пушкин атындағы
педагогикалық институты,1988 ж.
Еңбек өтілі: 26 жыл.
Жоғарғы санатты
І (ілгерінді) деңгей ,ПШО Орал қ.филиалы.
Проблемалық тақырыбы: <<Сыни тұрғысынан ойлауды оқытуда Блум таксономиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту>>.
ККМ Д.Нұрпейісова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
Көпжасар ауылы , Ғабит көшесі №2
8778-558-27-65 , 31-7-73 , Sultanova_65 @bk.ru
Жоспары:
* Кіріспе.
<< Блум таксономиясы - жеке тұлғаға бағытталған шығармашылығын дамытушы және білімді толық меңгертудің әдісі>>
2. Негізгі бөлімі. Блум таксономиясы - сабақтарда (өткізген ашық сабақтар топтамасынан,оқушылар шығармашылығынан ).
3.Қорытынды (кері байланыс,рефлексия).
<<Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар>> деп Т.Фуляр айтқандай бала бойындағы дарындылық,ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу - бүгінгі заманның талабы.(www.cpm.kz)
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы <<Қазақстанның болашағы - дарынды балалар қолында>> деп бекер айтпаған. Елбасының көреген саясатының арқасында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың ортасынан лайықты өз орынын таба білді. Президентіміздің <<Біз таяу уақытта дамыған 50 елдің қатарына жетуіміз керек>> деген мақсатына еліміз биылғы жылы қол жеткізді. Тәуелсіздік алған 20 жылдың ішінде Кеңес үкіметі заманында даярланған кадрлардың орнын заманауи техниканы меңгерген білімді мамандар басты. Бүгінде барлық салалар жоғары қарқынмен даму үстінде. Ал күн сайын өзгеріп отырған технология, нанотехнология, молекулярлық биология, космосты игеру сынды ғылым салаларына ілесіп отыру үшін білім саласындағы мамандарға үлкен ізденіс керек. Адам құндылығын дамыту арқылы әлем елдері ғылым мен білімге аса көңіл бөліп, білімді де білікті маман даярлау ісіне зор мән беруде.
Оқушыны шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау-өте күрделі үрдіс. Оқушының шығармашылық мүмкіндігі оның жеке тұлға ретінде қалыптасу үрдісінде пайда болады. Сондықтан да оқушының шығармашылық әрекеті өнімді әрекетпен ұштасып жатуы тиіс.Алдыменен мұғалім түрлі стратегияларды қолдануға қабілетті болуы керек. Ол үшін өз бетімен ізденулері, бір-бірімен білім алысуы арқылы қабілеттерін шыңдауы қажет. Оқушылардың дамуын жақсарту үшін мұғалім оқыту үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесіне енгізе білуі тиіс. Мен мектепті дамыту жоспарының басымдығын <<Сыни тұрғысынан ойлауды дамытуда Блум таксономиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру >> деп алдым. Өйткені, мұғалім оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын туғызу арқылы өзі де дамиды және танымдық қабілеттерін арттыру арқылы шығармашылық деңгейге жеткізеді .
Мақсаты: Оқыту үрдісінде және бағалауда Блум таксономиясын қолдану арқылы оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау, ой жүгірту, тұжырым жасау, проблеманы шешу және рефлексивтік тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау жағдайында танымдық қабілеттерін дамыту. Менің таңдаған тақырыбым Халықаралық бағдарламаның негізінде іске асатындықтан оқыту мен оқу үрдісінде маңызды орны бар деп есептеймін.
<<Қойылған мәселелер оқушылар үшін мәнді болу керек, ол оқушылар қызығушылығынан туған жағдайда ғана мүмкін>> (Дж.Дьюи,2000)
Күтілетін нәтижем: Сыни тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың белсенділігі, өзіндік сана - сезімі мен пайымы дамиды; мұғалімнің кәсіби білімі артады. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытудағы маңызды әдіс және оның деңгейлері негізінде балаға терең білім беріледі, жеті модульде қамтылады, әрі оқушыны бағалауда мұғалім олардың деңгейін таниды, шынайы бағалау болады. Блум таксономиясының құрылымы танымдық үрдістің бір деңгейінен екінші деңгейіне, яғни қарапайымнан күрделігі біртіндеп өтеді деп саналады. Сыныпта осындай сұрақтар қою арқылы оқушылар үйреніп қана қоймайды, сондай орта қалыптастырады. Оқушылар шығармашылық деңгейге қөтеріледі.
Блум таксономиясы - жеке тұлғаға бағытталған шығармашылығын дамытушы және білімді толық меңгертудің әдісі болып табылады. Мен сабақтарымда Блум жүйесін қолдануды және бағалауды қолға алдым. 8-сыныпта өткізген <<Биквадрат теңдеу>>, <<Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру>> (3сабағы),<<Интервал әдісі>>,геометрия пәнінен <<Аудандар тақырыбын қайталау>>;7-сыныпта <<Рационал өрнектерге амалдар қолдану>>,геометрия пәні бойынша <<1-тарауды қайталау>> сабақтары жоғары бағаланды. Сабақтың өн бойын немесе кейбір бөлімдерін (үй тапсырмасын тексеру,негізгі және бекіту)Блум жүйесімен құруға болады.Көбіне қайталауда деңгейлік сұрақтарды құру арқылы Блум түймедағын қамтуға болады.Қысқа мерзімді жоспар.Алгебра-8.Сабақтың өн бойы Блум жүйесімен:
23.01.2014
Сәрсенбі 1,2-сабағы
Сабақтың тақырыбы:
Биквадрат теңдеу.
Жалпы мақсаты:
Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулердің бірі-биквадрат теңдеу ұғымымен танысу;оны шеше білу және квадрат теңдеу туралы білім-білік дағдыларын дамыту;шығармашылықпен жұмыстану; Блум жүйесі арқылы бағалай алу.
Оқу нәтижелері:
Алгоритм арқылы жаңа сабақты түсіндіреді,талдайды.(барлығы)
Алған білімдерін деңгейлік тапсырмаларда қолдана алды(барлығы)
Мысалдар арқылы айырмашылығын анықтап,қорытынды жасайды. (кейбіреуі)
Деңгейлік сұрақтар құрастырады,жауап береді(барлығы) ертегі құрастыра
ды(топтар).
Түйінді идея.
Биквадрат теңдеу ұғымымен танысып,оның шешу алгоритмін түсініп қолдана алады;квадрат теңдеу практикалық қажеттіліктен туындағанына көз жеткізеді.
Сабақ кезеңдері:
Кіріспе
Уақыты:6-7 минут.
Тұсаукесер
Уақыты 2-3 минут
Негізгі бөлім.
Уақыты :25 минут
Қорытынды:
Уакыты:10мин
1.Тренинг.(<<Поезд>>жаттығуы)
2.Топқа бөлу(үш топқа)
I. Топтың атын өздері суырған шиырмадағы теңдеулерге байланысты атайды.Топ жетекшісін сайлайды.Сонда <<Квадрат теңдеу>>, << Келтірілген квадрат теңдеу>> ,<< Толымсыз квадрат теңдеу>> атты топтар құрылады.Топтың атын қорғау бөлімінде анықтамаларын айтады.
3. Не білемін ? Сұрақ - жауап арқылы үй тапсырмасын тексеру.(формативті бағалау)
II. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақты төмендегі критерийлер бойынша өздері түсіндіреді.
* Биквадрат теңдеу деген не?
* Биквадрат теңдеуді шешу алгоритмі:
* Белгілеу енгізу;
* Шыққан квадрат теңдеуді шешіп,түбірлерін табу;
* Ол түбірлерді белгілеу енгізген теңдікке апарып қойып,х-тің мәндерін табамыз,
* Тексеру жүргізу арқылы шыққан мәндер берілген теңдеудің түбірі болатынын анықтаймыз.
3.Биквадрат теңдеуді шешу мысалы.
х4+8х2-9=0
Х2=z , z2 + 8z-9=0 , квадрат теңдеуді шешіп,түбірлерін табамыз. z1=-9, z2=1
X2=-9 теңдеуінің түбірі болмайды,
Х2=1 теңдеуінің х1=-1 , x2= 1 болатын екі түбірі бар.Тексеру жүргізу арқылы 1 және -1 сандары берілген теңдеудің түбірлері болатынын анықтаймыз. Жауабы: -1;1
III. Квадрат теңдеулермен салыстыру арқылы, түбірлерін талдау арқылы қорытынды жасайды.
4.Қорытынды жасау: Z1>0 ,z2>0 ,болғанда биквадрат теңдеудің 4 түбірі болады; z1<0 ,z2>0 2 түбірі; z1<0 ,z2<0 түбірі болмайды. Оны шешу барысында екі түрлі теңдеуді шешеміз.
IV. Сыныпта Деңгейлік есептер шығару.
* (x+1)2-2x=x4+3x2+4 ,
* t2(t2+1)=2 ,
* 5y4-5y2=0 .
V.Жаңа тақырып бойынша деңгейлік сұрақтар құрастырып,Блум түймедағына орналастыру. Көп сұрақ құрастырған белсенді,көп деңгейді қамтыған тапқыр және жақсы жауап берген білімді топтарды анықтау.
VI. Әлем,квадрат теңдеу,биквадрат теңдеу,тазша бала. Ертегі құрастыру. Үйге деңгейлік тест құрастыру беріледі.№190 Блум жүйесімен бағалау. Рефлексия жасау.
Блум жүйесі бойынша <<Интервал әдісі >>тақырыбының негізгі бөліміне құрылған деңгейлік сұрақтар.Сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырыптың мәні ашылады. Оқушының сыни тұрғыдан ойлауы дамиды,шығармашылығы артады.
* Квадрат теңсіздік деген не ? Оны шешудің әдістерін ата.
* Интервалдар әдісімен шешудің алгоритмін түсіндір.
* Мысалдарды шығарып көрсет.
* Интервалдардағы таңбалар қай уақытта кезектесіп немесе бірдей етіп қойылады? Неге байланысты жауапты таңдаймыз?
* Интервалдар әдісінің парабола әдісінен айырмашылығы,ұқсастығы неде?
* Интервалдар әдісі теңсіздіктерді шешуде тиімді әдіс деп ойлайсың ба? Қай салаларда қолданылады? Болашағы бар ма?
Блум жүйесімен құрылған деңгейлік тапсырмаларға мысалдар келтіру(слайд)
Үй тапсырмасын тексеруге арналған деңгейлік сұрақтарды Блум түймедағына орналастыру мысалдары,оқушылардың сабақ барысындағы шығармашылық жұмыстары таныстырылады. Аталған сабақтардағы қолданылған жаңа әдіс-тәсілдерге ,топтық жұмыстарға тоқтала келе, Блум жүйесімен бағалау парағы түсіндіріледі.(Қатысушылармен практикалық жұмыс ұйымдастыру ). Кері байланыс,рефлексия жасау.
Америка педагогикасында адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылысын , танымдық үрдістің бір деңгейінен екінші деңгейіне яғни,қарапайымнан күрделіге біртіндеп өтеді деп саналады екен.Блум жүйесінің 6 деңгейі негізінде оқушыға сапалы білім мен шығармашылығын дамыту маңызды деп санаймын.
Әдебиеттер:
* Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші деңгей <<Назарбаев Зияткерлік мектептері >> ДББҰ , 2012
* ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2013
* trk.kz/referat/html4554,www.cpm.kz
* Ашық сабақтар топтамасы. (тәжірибемнен)

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz