"білімді мыңды жығар" тәрбие сағаты. 1-сынып

Тақырыбы: Білімді мыңды жығар.
Мақсаты: Оқушылардың білім-білік дағдыларын байқау. Өздерін емін-еркін ұстай білуге үйрету. Шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Білімге деген қызығушылығын ояту.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд
Сабақтың барысы:
- Қызығушылығын ояту.
- Психологиялық дайындық:
Қанаттанып, талаптанып,
Биіктерге самғаймыз.
Қыран құстай қанат қағып,
Асуларды шарлаймыз.
Ә) Армысыздар оқушылар! Еліміздің ертеңі, халқымыздың болашағы сендерсіңдер. Сендер тек білімдеріңмен еліміздің даңқын арттыра аласыңдар. Бүгінгі өткізгелі отырған интеллектуалдық ойынымыз сендердің ой-өрістеріңді кеңейтіп, есте сақтау қабілеттеріңді шыңдап, білімге қызығушылықтарыңды арттырады.
Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады:
1-кезең: «Кім жылдам?»
2-кезең: «Ойлан тап!»
3-кезең: «Ғажайып сурет. »
4-кезең: «Жұбын тап!»
- Мағынаны тану:
Мұғалім: Білмеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр бойында.
1-кезең: «Кім жылдам?»
1) . Сиырдың баласын қалай атайды?
2) . Жұлдыздар қай кезде пайда болады?
3) . Үй жануарларын ата.
4) . Қызанақтың түсі қандай?
5) . Балыұ қайда болады?
6) . Жыл мезгілдерін ата.
7) . Т қандай дыбыс?
8) . Жапырақ қай кезде сарғаяды?
9) . Тудың түсі қандай?
10) . Қ. Р. Президенті кім?
11) . Жемістерді ата.
12) . Қыстың көркі не?
13) . Ә қандай дыбыс?
2-кезең: «Ойлан тап!»
- Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. (кітап)
- Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (күн)
- Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады. (жұлдыз)
- Сырт-сырт соғады,
Уақыт озады. (сағат)
3-кезең: «Ғажайып сурет» (бұл бөлімде оқушылар өз беттерімен сурет салады)
Мұғалім: Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік.
Бұл кезеңде ғажайыпқа берелік.
Арамызда тапқыр достар көп екен.
Соларды енді жарыстырып көрелік- деп оқушыларға сурет салдыру.
4-кезең: «Жұбын тап!» (берілген 2 бағандағы сөздерді сәйкестендіреді) .
Алыс қара
Жоғары сары
Ақ жақын
Сап төмен
Жылқы боздайды
Қой ақырады
Түйе кісінейді
Арыстан маңырайды
- Ой толғаныс. ( Жиналған ұпайлары бойынша жеңімпазды анықтау. )
Балалардың білімі құтты болсын!
Денсаулығы әрқашан мықты болсын!
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін еңбекқор, мықты болсын!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz