"әә дыбысы мен әрпі". 1-сынып. сауат ашу

Сауат ашу.
Сабақтың тақырыбы; Әә дыбысы мен әріпі.
Сабақтың мақсаты; Әә дыбысы мен әріпімен таныстыру. Жазбаша түрін жазуды үйрету. Әә дыбысының жіңішке буынды сөздерде келетінін аңғарту. Ой- өрісін, тіл байлықтарын дамыту. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже;
- Әә дыбысының дауысты дыбыс екенін, буын құрай алатынын біледі;
- Әә әріпінің жазбаша түрін жаза алады;
- Сөздерге дыбыстық талдау жасайды;
- Мәтінді оқи алады;
- Сурет бойынша тірек сөздер арқылы сөйлем құрай алады;
- Сөздерді үш жақта тәуелдеп айтуға қалыптасады;
- Ойын арқылы есте сақтау қабілетін дамытады;
Сабақтың әдісі; түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік, «ой қозғау», «топтастыру» стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі; кеспе әріптер, суретті плакаттар, қызыл, көк үйлер, текшелер.
Әліппе серігі, касса.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылығын ояту,
А) Психологиялық дайындық;
Қайырлы күн, достым,
Қайырлы күн болсын!
Сейсенбінің күні,
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кіл бестіктер болсын!
ә) «Ой қозғау» стратегиясы:
Дидактикалық ойын; «Мен қай үйде тұрамын. »
Мақсаты; өткен әріптерді еске түсіру. Мысалы: қызыл, көк текшелерін дыбысты естігенде көтереді. О- қызыл текше, М- көк текше;
ІІ. Мағынаны тану:
А) Үйге берілген тапсырманы тексеру:
1) Өткен сабақта қай әріппен таныстық?
Іі дыбысы мен әрпі.
2) Қане сол Іі дыбысына сөздер ойлайық.
3) Іі дыбысы, қандай дыбыс?
Дауысты дыбыс.
ә) Жаңа сабақ:
Жұмбақ жасыру:
Таныстырған әріппен,
Мынау кітап Әліппең.
«Әліппе» деген аты оның,
Қай әріптен басталған?
Жауабы: Әә әріпінен.
Әкең, әжең, әлемің,
Ә-мен әсем, әдемің,
Ә-сіз аты аталмас,
Әділеттің, Әменнің.
Сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
Жауабы: Әә дыбысы. (хормен айтқызу) (ә әріпін көрсету)
Әә дыбысы қандай дыбыс?
Жауабы: Жіңішке дауысты дыбыс. (қызыл текшемен белгілейміз. )
Әә дыбысын қай үйге кіргіземіз?
Алфавиттегі орнын анықтаймыз. (кеспе ә әріпін салу. )
Б) «Топтастыру» стратегиясы:
Әткеншек әке
Әшір
Әтеш
Ән әже
В) Сергіту сәті (қимылмен)
Айгөлек- ау, айгөлек
Айдың жүзі дөңгелек
Айдай толған кезінде
Би билейміз дөңгелек.
Г) Оқулықпен жұмыс.
- Әтеш - сөзіне дыбыстық талдау.
- Шардағы буындарды оқу.
- «Әнші» мәтінін оқыту, хормен оқыту.
- Сөздерді үш жақта тәуелденіп тұрғанына назар аударту.
- Сызба бойынша тірек сөздер арқылы сөйлем құрату.
Ғ) Дәптермен жұмыс:
1 ) Сергіту сәті. (қолға жасау. )
Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз!
2) Ауада жазу
3) Кішкентай ә әрпін жазып үйрену.
Д) Дидактикалыық ойын: «Әріп тастамақ».
Мысалы: М - дауыссыз дыбыс. Моншақ.
О - дауысты дыбыс. Ою. Т. б.
Е) Тақтамен жұмыс: әже, сән, дән, ән, әл.
ІІІ. Ой толғаныс:
А) Қорытындылау.
Бүгін қандай әріппен таныстық, қандай дыбыс?
Тақтаға Ә әріпінің кішкене түрін жаздыру.
Ә) Дидактикалық ойын: «Дыбысты тап».
Үлгі: Мен дыбысты әндетіп айтамын ә дыыбысын естігенде шапалақтаймыз. м-м-м-о-о-о-т- т- т-с-с-с-ә-ә-ә-ы-ы-ы-і-і-і-ә-ә-ә-л-л-л-ә-ә-ә. т, с, с.
Б) Оқушыларды мадақтау. (жұлдызша үлестіру. )
Г) Үйге тапсырма; Әә дыбысы мен әрпі.
Сабақ аяқталды. Сау болыңдар.
Туремуратова Турсынгуль Токтарбаевна
СоналыЖОББМ
Бастауыш сынып мұғалімі
Соналы жалпы орта білім беретін мектебі.
Өткізген: Туремуратова Т. Т.
2014 жыл
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz