Диванға арналған (кестемен, жапсырмамен, ою-өрнекпен, құрақпен) шағын жастықшалар. шығындар.өзіндік құн. өзіндік құнды есептеу. 8 сынып

«Ерейментау қаласы

№1 орта мектебі» КММ-нің

технология пәні мұғалімі

Жасарова Злиха Хасеновна

Сынып: 8

Сабақ тақырыбы: Диванға арналған (кестемен, жапсырмамен, ою-өрнекпен, құрақпен) шағын жастықшалар. Шығындар. Өзіндік құн. Өзіндік құнды есептеу
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әр түрлі диванға арналған шағын жастықшалар жасап үйрету, тігу шеберлігін арттырып, білімін жүйелеу.

а) Білімділік: оқушылардың диван жастықшаларын тігу туралы білімін арттыру, түстік шешімін тауып, күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай қолөнер бұйымын жасап шығару.
ә) Дамытушылық: өз бетінше жұмыс істеудегі шығармашылық қабілетін қалыптастыру, әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
б) Тәрбиелік: қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, ептілікке, еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: сарамандық, топтық.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, жасап көрсету, өз бетімен жұмыс жүргізу.

Пәнаралық байланыс: математика, сызу, бейнелеу, әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: дайын бұйымдар, ою-өрнек түрлері, карточка, суреттер, слайд.
Қажетті құрал - жабдықтар: ине, жіп, қайшы, мата (велюр) .

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу

2. Оқушылармен танысу және сабаққа зейінін аудару мақсатында психологиялық дайындық минуты өткізіледі. «Жүректен жүрекке» бір- біріне атын атап, жылы лебіздерін білдіреді. (Мұғалім бастайды: оқушылар, біздің әрбір сабағымыз сіздердің жан дүниелеріңізге кішкене болса да жылулық ұялатып, ізгілікке қарай бастауына тілектеспін)

Үй тапсырмасын тексеру. «Сұрақ» стратегиясы

1. Құрақ дегеніміз не?
2. Құрақ құраудағы қойылатын талаптар?
3. Құрақтың тиімділігі?

Сұрақтарының жауаптары:
1. Құрақ-мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымдарының бірі

2. Құрақ құрау кезінде қойылатын талап-ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы, матаның түс үйлесімділігі және матаның арқау және негізгі жіптерін ескеруіміз керек. Құраққа пайдаланатынматаның түсі 3-5 түрлі болуы керек және мата жұқа қалыңдығына қарай іріктелініп алынады

3. Мата қиындыларын кәдеге жарату

ІІ. Қызығушылығын ояту. Ой қозғау. Адасқан әріптерден сөз құрау.

ТЕКСЕ, ЮАОРЛ, РАҚҰҚ, РКӨЕН, СЫЖАТҚ

КЕСТЕ, ОЮЛАР, ҚҰРАҚ, ӨРНЕК, ЖАСТЫҚ (жеке-жеке айтылады) дегенде көз алдарына не келеді? (Оқушылардың жауаптары тыңдалады)

ІІІ. Мағынаны тану кезеңі.

Оқушылар біз бүгін диван жастықшаларын жасауды үйренеміз. Жастықшалар кестелеу, жапсырмалау, аппликация, лентадан өрнектеу, іліп тігу арқылы сәндеп жасауға болады.

Осындай жастықшалар туралы не білесіңдер соны бірінші бағанға толтырыңдар:

ББҮ стратегиясы

Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
Білемін:
Білгім келеді:
Үйрендім:

Енді сіздер диван жастықшалары туралы не білгілеріңіз келеді, соны екінші бағанға жазыңыздар ( оқушылар жазғандарын оқиды)

Слайдтан диван жастықшаларының түрлерін көрсету, олардың қалай жасалғандығы туралы түсіндіру.

Бүгін, біз «Диван жастықшасын » дайындап үйренеміз. Жұмысымызды бастамас бұрын екі топқа бөлінеміз.

(жастықшаның екі түрінің суреті арқылы бөлу)

1-топ: 2-топ:

D:\ЗИКА\картинки\poduska.jpg D:\ЗИКА\картинки\DSC_0765.JPG

Бағалау парағы беріледі.

Сарамандық жұмыс.
1. Алғашқы нұсқау . Сіздерге жұмыс жасау үшін не қажет?

1-топ. 2-топ

- мата (3 түс) - мата (қызыл, сары, жасыл)

- жіп - жіп

-мақта -мақта

Диван жастықшасын жасау үшін біз қандай құралдарды қолданамыз? (оқушылардың жауаптары тыңдалады, күтілетін жауап: ине, қайшы, түйреуіш, үтік) Ендеше инемен, қайшымен, үтікпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерді қайталайық:

Қайшымен жұмыс кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелері

  1. Қайшыны арнаулы қобдишада сақтау керек.
  2. Қайшыны жолдасына үшкір ұшымен берме.
  3. Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.
  4. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде, бөгет жасауға, көңілін бөлуге болмайды.

Қол ине, түйреуішпен жұмыс кезінде:

  1. Инені арнаулы қобдишада сақтау керек.
  2. Инені киімге қыстыруға болмайды.
  3. Тігіс кезінде ине жібін тіспен үзуге болмайды.
  4. Инемен жұмыс кезінде оймақ киген дұрыс.
  5. Инені тістеп отыруға болмайды.

Жұмыс шығынын есептеу:

1-топ:

Алынатын зат
Өлшемі
Бағасы
Алынатын зат: Мата
Өлшемі: 3×20см
Бағасы: 300тг
Алынатын зат: Жіп
Өлшемі: 1
Бағасы: 50тг
Алынатын зат: Мақта
Өлшемі: 1 кг
Бағасы: 150тг
Алынатын зат:
Өлшемі: ЖАЛПЫ БАҒАСЫ:
Бағасы: 500тг+ ЕҢБЕК

2-топ:

Алынатын зат
Өлшемі
Бағасы
Алынатын зат: Мата
Өлшемі:

Қызыл-1 м

Жасыл-10 см

Сары- 10 см

Бағасы:

400тг

40тг

40тг

Алынатын зат: Жіп
Өлшемі: 1
Бағасы: 50тг
Алынатын зат: Мақта
Өлшемі: 1 кг
Бағасы: 150тг
Алынатын зат:
Өлшемі: ЖАЛПЫ БАҒАСЫ:
Бағасы: 680тг+ ЕҢБЕК

Жұмыс киімін кию.

ІІ. Ағымдағы нұсқау. Әр топ парталарындағы диван жастықшаларының жасалу сызбасына қарап жастықша тігу. (слайд арқылы көрсетіледі)

  1. Үлгі бойынша пішу
  2. Тігістікке шетінен 1 см-дей мата қалдыру
  3. Бөлшектерді тексеріп, қию
  4. Әр бөлшекті сәйкестіріп, құрастырып тігу (көктеу тігісі) ( жұмыс жасау барысында ақырын музыка ойнап тұрады)

ІІІ. Қорытынды нұсқау. Жұмыстарын талқылау, ақауларын түзету.

ІҮ. Ой толғаныс кезеңі . Үшінші бағанды толтыру, оқу

Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
Білемін:
Білгім келеді:
Үйрендім:

Ұқсас жұмыстар
Окрошка дайындау
Сандық қасиеті
Ұлттық ою-өрнек қолданбалы сәндік өнері бойынша сабақтар кешені
Шығындар есебі
Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы
Жан бітіп жайраңдады жан - жағымнан, Қазақтың қошқар мүйіз өрнектері
Графикалық редактордың мүмкіндіктері
Құрақ құрау технологиясы 5 сынып
Банктік қызметтер. 9сынып
Құрақ көрпеше тігу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz