Әжейдің сырмағы: қазақ ұлттық ою-өрнегі мен торсық бейнесін оқытуға арналған сабақ

Сабақтың тақырыбы:

«Әжейдің сырмағы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға қазақтың ұлттық өнері ою-өрнек, оның ішінде мүйіз тектес ою-өрнектердің элементерінен қысқаша мәлімет беру. Қошқар мүйіз оюының жасалу жолдарын көрсету, үйрету.

Дамытушылығы: оқушыларға ою-өрнекті үйрете отырып, эстетикалық талғамын өнерге деген ынта-қабілетін арттыру, шеберлігін дамыту.

Тәрбиелігі: еңбек сабағы үстінде техникалық қауіпсіздігін ескере отырып, ұлттық өнер ерекшеліктерін танып білу арқылы эстетикалық талғам беру.

-Балалар, қазір біз әжейдің тіккен сырмағымен танысамыз. Сырмақ -көнеден келе жатқан ұлттық қол өнері. Сырмақ -бетіне ою -өрнектер салынып, жүннен сырылып тігілетін, қонақтар келгенде төрге төселетін зат.

Қазір сендердің қолдарыңда сырмаққа салынатын «ТАБИҒАТ» деген ою-өрнектің бейнесі бар.

Осы «ТАБИҒАТ» өрнегінде қандай бейнелер салынғанын мұқият қарайықшы, тапқан бейнеміз неге ұқсатынын айтамыз. Мінеки, балалар өрнектің өзінде көптеген аң, құстар, заттрбейнесі бар екен.

-Осының бәрі табиғатта кездесеме ме?

-Өрнек сұлу ма, балалар?

Міне, балалар, барлық табиғаттағы заттар бірігіп әдемі көрініс береді екен. Сендер де тату жүрсеңдер әдемі болып өсесіңдер.

Ал, енді балалар, біз осы ою-өрнектегі ТОРСЫҚТЫҢ бейнесіне тоқталамыз.

-Торсықты кім біледі?

Теріні илеп жібітіп,

Шебер торсық тігеді.

Батыр, аңшы, малшылар,

Сусын құйып торсыққа,

Белдеріне іледі.

Торсықтағы сусындар,

Сақталады бұзылмай.

Саумал, қымыз, қымыран,

Айран, шұбат құятын,

Міне торсық осындай.

Торсық алыс сапарларда жүргенде сусын құятын теріден жасалған ыдыстың бір түрі екен. Міне, балалар, қолдарыңдағы торсықта сызбалар арқылы төрт бейне жасырынып тұр екен. Жасырын тұрған бейнені табамыз. Қане, қандай бейнені таптың, ортаға шығып көрсете ғой.

«Торсықтағы төрт бейне»

Қайық Қалпақ

Кебіс Етік

Енді, балалар «Қайсысы кімнің баласы?» ойынын ойнаймыз. Менің қолымдағы гүл тиген бала тақпақтағы аңдардың қылығын, үнін айнытпай салып береді, қалғанымыз шатаспай қайталаймыз. Шатасқан бала ойынын шығып қалады.

Түрлі бөрік тігетін,

Суда өмір сүретін,

Құндыз баласы -ҚҰНАЙ.

Құйырығы бұлғаң,

Өте қу аң,

Түлкі күшігі -ШЫРШАЙ.

Жемін күн -түн іздейтін,

Басқа аңды жәбірлемейтін

Суыр баласы -ШӨНДЕЛЕЙ.

Көрмеген қыста тоңып,

Балменен өш болып,

Қорбаңдай маң басқан,

Аю баласы -ҚОНЖЫҚ

Түспеген биік таудан,

Қорықпайды еш жаудан,

Барыс баласы -АЛАН.

Мұғалім: -Балалар, біз сырмақтан аң, құс бейнесін таптық. Енді сендер сырмақтағы өрнектерден табылған бейнелерге байланысты жұмбақ ойлап келіңдер. Келесі сабақта жұмбақ жасырып, «Бәйге» ойынын ойнаймыз.

Сабақты қорытындылап, бағалау.

Үйге тапсырма: Қалған жұмысты жалғастыру.


Ұқсас жұмыстар
Технологиялық карта: Сурет салу бөлімі - Қазақтың ұлттық ою-өрнегі қызғалдақ
Қошқар мүйіз ою-өрнегі: тіл дамыту сабағы және Наурызға арналған Әже мен немере сайысын өткізу жоспары
Фариза Оңғарсынова Оюлар өлеңі негізінде ұлттық ою-өрнек пен қолөнерді оқытуға арналған сабақ
Әжемнің сырмағы арқылы зат есім ұғымын қалыптастыру
Ою-өрнек: қазақ ұлттық қолөнеріндегі маңызы мен түрлері (сырмақ жасау мысалында)
Paint графикалық редакторында қазақ ұлттық ою-өрнектерін қолдану бойынша сабақ жоспары
Қазақ ою-өрнегінің тарихы, символикасы және ұлттық тәрбиедегі рөлі
Paint графикалық редакторын пайдаланып қазақ ұлттық ою-өрнегін оқыту әдістемесі
Құрлық суын қазақ ұлттық ою-өрнектері арқылы бейнелеу: 10-сыныпқа арналған кіріктірілген сабақ
Ою-өрнекті сызып қиып жапсыру: қазақ ою-өрнектерінің түрлері мен мағыналары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz