Сабақ жоспары :: Сурет, сызу

Файл қосу

Өсімдік тектес өрнекті мүсіндейік



Шөптікөл жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы.

Ашық сабақ
(3-сынып)

Өткізген: А.С.Уалиетденова

2014-2015оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Өсімдік тектес өрнекті мүсіндейік.
Сабақтың мақсаты: Мүсін өнерінің бір түрі саналатын бедерлеумен танысу;
мүсін жасау тәжірибесі мен қабілетін жетілдіру; балалардың назары мен
бақылау қабілетін дамыту, қол саусақтарын бейімдеу.
Пәнаралық байланыс: еңбек,
Көрнекілігі: Өрнекті бедер бейнеленген сурет көшірмелері, өсімдік өрнегінің
үлгілері.
Оқушылар үшін құрал-жабдықтар: картон парақ, ермексаз, таяқша, ермексазбен
жұмыс істеуге арналған клеенка немесе арнайы тақтайша.
Әдіс –тәсілдері: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ –жауап, сарамандық жұмыс.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, құрал-жабдықтарын тексеру.
ІІ. Жаңа сабақ: Оқушыларға бедердің мүсін өнерінің бір түрі екендігін
ескертеміз. Ою -өрнек –қазақ халқы қолөнерінің кең тараған түрі. Көптеген
ғалымдар өздерінің еңбектерінде ою-өрнектердің түрлері, атаулары, шығу
тарихы туралы құнды еңбектер жазып деректер келтірген. Қазақ халқында ою-
өрнектің түрлері, атаулары өте көп.тұрмыстық заттарды, ұлттық киімдерді,
бұйымдарды әшекейлеудегі негізгі қолданылатын дүние- ою-өрнек болып
табылады.
Ою-өрнектерді мағынасына қарай төмендегідей топтарға жіктеледі:
1.Аспан әлеміне байланысты өрнектер.
2. Малдарға, оның денесіне, ізіне байланысты өрнектер.
3. Жан-жануарларға байланысты өрнектер.
4. Құрт-қмырысқаларға байланысты өрнектер.
5. Құстарға байланысты өрнектер.
6. Өсімдік бейнелі өрнектер.
7. Қару-құралдарға байланысты өрнектер.
8. Геометриялық ою-өрнектер.
Бүгінгі сабағымызда жоғарыдағы аталып өткен өрнек түрлерінің ішіндегі
өсімдік тектес өрнек түрін мүсіндейтін боламыз.
Бедердегі сурет тегіс бетке салынады және ол жарты көлемді болып жасалады.
Көшірмелермен таныстыру барысында бедерлі өрнектің ежелгі дәуірлердегі
сияқты бүгінгі таңда да ғимараттарды безендіру үшін пайдаланылатынын
айтамыз. Бедер -мүсіннің бір түрі екенін білесің. Бедерлі бейнелер жазық
бетке орналасады және мүсін жартылай ғана шығып тұрады.
Бедер ( рельеф)- жазықтықпен салыстырғанда, кескін дөңес (немесе ойық)
болып шығып тұратын мүсіндеудің бір түрі.
Бедерлі мүсіндеу көлемді мүсіндеуге қарағанда оңай, өйткені нәрсенің
бір ғана жағы мүсінделеді.
Бедерлі ою-өрнек ғимаратты безендіруде жиі қолданылады. Енді осындай
безендіру жұмысын өзің орындап көр.
1. Қымыз құятын ыдыс? (тостаған)
2. Ұлттық қолөнер бұйымдарында кездесетін сәнді әшекей? (ою)
3. сүт, қымыз құятын құрал? (ожау) деген сұрақтар қойып қызғалдақ суретін
құрастырып, бүгін осы қызғалдақ өрнегін мүсіндейміз. Тақтаға
қызғалдақ ою-өрнегін көрсетіп іліп қоямын. Тақтада қызғалдақ өрнегінің
мүсіндеу жолдарын көрсету, осы суретке қарап балалар мүсіндейді.
Алдымен өрнекті парақ бетіне салып аламыз.
Содан соң бедердің аясын әзірлейміз. Ол үшін ермексаздың кішкене
бөлігін жұмсартып, картонның бетіне жағамыз. Содан соң аяны түзетеміз.
Таяқтың сүйір ұшымен сурет саламыз, оны бүлдіріп алмауға тырысу
қажет.Өрнек симметриясының осін белгілеуді ұмытпаңдар.
Ширатылған ермексазды өрнектің сұлбасын бойлай орналастырып,
ақырын жабыстырамыз. Суретіміздің бүтіндігін тексереміз. Артық –ауыс кеткен
жерлерін таяқпен түзетеміз.
Өрнектің ішін ермексазбен толтырып, түзетеміз. Сабақшалар мен
бедердің иілген жерлері мен бұрылыстарын таяқпен жөндейміз және өрнек
суретінің симметриясы мен дұрыстығын тағы бір рет тексереміз.
Жеке жұмыс кезінде балаларға:
- ермексазбен дұрыс жұмыс істеуге; материалды үнемдеп пайдалануға ; өрнек
элементтерін дұрыс орналастырып, бекітуге және симметрияны сақтауға
көмектесемін.
Оқушы жұмыстарын тексеріп, қадағалап отыру. Оқушы жұмыстарынан көрме
ұйымдастыру.

Сабақты қорытындылау.
- Мынау қазақтың оюлы, сырлы сандығы. Бүгінгі сабақтың мазмұны да, «сыры»
да осы сандықтың ішінде.
«Сыр сандықты ашып қара, ашып қара сырласым» деген сөз тақтада жазылып
тұрады. Сандықтың кілтін табу үшін берілген тапсырманы дұрыс және тез
орындағандар ашу құрметіне ие болады.
Оқушыларға төрт кілт беріледі. Сол кілттегі жазылып тұрған сұрақтарға
олар дұрыс жауап беру керек. Дұрыс және толық жауап берген оқушы сандықты
ашады да, үй тапсырмаларына берілетін ою-өрнектер барлық балалар
үлестіріледі.
Бағалау.
Үйге тапсырма: Сандықта шыққан ою-өрнектерді үйден жасап келуге тапсырылды.


Ұқсас жұмыстар
Бұйымды сәндеу
Ұлттық ою-өрнектер
Ою-өрнек. Оның шығу тарихы
Өткен сабақты қайталау
Ою-өрнектердің қолдану орны
Аяққапты дайындау
Ою - өрнек түрлері
Жапсырмалы бедерлі ою. 10-cынып
Ою – өрнек түрлері және дайындау реттілігі
Қазақтың ою-өрнектері. 6 класс
Пәндер