Ағаш кесу процесінің негіздері мен түрлері

Сабақтың тақырыбы: Кесу процесі туралы негізгі мәліметтер.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: оқушыларды ағашты кесу арқылы өңдеу түрімен таныстыру; ерекшеліктерімен, айырмашылықтарымен таныстыру, ағаштың қасиеттеріне талдау жасау, ағаш кесудің әдіс-тәсілдерін үйрету.

Дамытушылық: ағашты кесіп көрсету арқылы ой өрісін дамыту.

Тәрбиелік: патриоттылыққа, еңбекқорлыққа, үнемділікке, шығармашылыққа, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекіліктер: арнаулы пышақтар, ара түрлері т. б.

Сабақ жоспары:

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Жаңа сабақ.

ІІІ Бекіту

ІV Қорытынды

V Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Жаңа сабақ.

Ағашты кесу берілген бет бойынша өңделетін дайындама бөлшектерінің арасындағы байланыстар бұзылатын технологиялық процесс.

Кесу процесін кесуші аспаптардың алуан түрлерінің белсенді элементі болып табылатын сына түріндегі дене кескіштер орындайды.

Ағашты кесу механикалық, физикалықжәне химиялық құбылыстармен қатар жүреді. Механикалық құбылыстарға өңделетін материал мен кескіштің арасындағы үйкеліс, кесу күштері жәнет. б. жатады. Физикалық құбылыстары кесуге жұмсалған механикалық энергияның оның басқа түрлеріне, негізінен, жылу және электр энергиясына айналуымен байланысты. Химиялық құбылыстарға сырғанау жазықтықтарындаболып өтетінхимиялық реакция жатады.

Ағашты кескішпен кесу жоңқасыз және жоңқалы болып бөлінеді.

Жоңқасыз кесу кезінде өңдеу беті жоңқаны алмастан, кескіштің бір жүріп өтуінде материалдыың аз өзгеріске ұшыраған қимасын құру жолымен қалыптасады. Ағашты жоңқалы кесуде берілген бетті алу кезінде дайындамадан өзгеріске ұшырағанжоңқалар кесіп алынады.

Ағашты қарапайым кесудің үш негізгі түрі бар:

Ағашты шетжақтық кесу, бұл кездежазықтығы мен оның бағыты ағаш талшықтарының бағытына перпендикуляр болады.

Ағашты талшықтар бойымен кесу немесе бойлық кесу, бұл кезде кесу жазықтығы мен оның бағыты ағаш талшықтарына параллель болады.

Ағашты талшықтарға көлденең кесу, кесу бағыты ағаш талшықтарына перпендикуляр болады.

Кесудің көшпелі түрлерінің қатарына бойлық шетжақтық, бойлық көлденеңшетжақтық көлденеңбойлық шетжақтық көлденең түрі жатады.

Сабақты бекіту:

Ағаш кесудің негізгі түрлерін атаңдар.

Кесу қандай операцияларда болып өтеді: жоңқаны алумен немесе жоңқаны алусыз?

Ағаш кесудің аралық түрлерін санамалаңдар.

Қорытынды:

а) сипатты қателіктер мен себептерге талдау жасау.

ә) оқушылардың жұмысын бағалау.

Үй тапсырмасы: Кесу процесі туралы негізгі мәліметтер.


Ұқсас жұмыстар
Ағаш желімдерінің түрлері және дайындау әдістері
5-сынып технология пәні: Ағаш материалдарының түрлері мен қасиеттері
Халықтық сәндік қолданбалы өнер (ағаш өңдеу): қобыз макеті мен ағаш өңдеу құралдарына арналған технологиялық сабақ
Ағаш өңдейтін СТД-120м токарь станогының құрылысы мен бөліктері
Технологиялық карта бойынша ағаш балға жасау технологиясы
Тұсау кесу және қазақтың бала тойлары: салт-дәстүрлер мен тарихи-әлеуметтік мәні
Робот техникасына кіріспе: негіздері, түрлері және пайдалану салалары
Металды кесу және шабу жұмыстары: слесарлық іс бойынша ашық сабақ жоспары
2-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Бесік жыры мен Тұсау кесу жыры - қазақтың салт-дәстүрлері
№24 МДҰ Аққу балабақшасындағы тұсау кесу дәстүрі: рәсім, бата және ойындар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz