8-сынып: Ағаштан тербелмелі ат ойыншық жасау технологиясы және қауіпсіздік талаптары

8-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Ойыншықтар жасап үйрену.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға өткен тақырыптар бойынша алған білімін жаңа тақырыптармен ұштастыру.

Дамытушылық: оқушы кәсіптік бейімділігін, шығармашылық шеберлігін, іскерлігін, икемділігін дамыту.

Тәрбиелік: шығармашылық қабілетін арттыру, эстетикалық талғамын ұштау.

Сабақтың түрі: сарамандықжәне теориялық.

Сабақтың оқыту әдісі: әңгімелесу, көрсету, топқа бөлу, сарамандық жұмыс.

Көрнекілігі:эскиздер, техникалық карта.

Құрал жабдықтар: қашау, ара, балға, қарындаш, сызғыш, шеге, жіп, бұрыштама, лобзикқұм қағаз, бұрғы.

Пәнаралық байланыс: сызу, математика, сурет.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу және түгендеу;

б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

ІІ. Өткенді қайталау

а) механикалық кесу құралдарын ата?

б) ағаш бөлшектерінің қандай түрлерін білесің?

в) ағаш бетін оюдың қандай түрлерін білесің?

г) қашау не үшін қажет және түрлерін ата?

Ағаш қасиетіне тоқтал.

Балташының негізгі құралдарын ата.

ІІІ. Жаңа сабақ

Балалар, біз бүгін ағаштан тербелмелі ат ойыншығын жасаймыз. Өтілген сабақтардамеңгерген білімімізді, әдіс тәсілімізді ұштастыра отырып түрлі құрал саймандарменжұмыс жасауды үйренеміз.

Қол еңбегімен айналысатын соның ішінде қыл қалам шеберлері, мүсіншілер, зергерлер, ағаш ұстасы, темір өңдеу ұсталарының еңбегі нағыз шығармашылық туындылар.

Біздің өңірде де ағаш ұқсату шеберлері көп. Осы ұсталардың бірі, оймашы Айдарбек Бәкіржан ағамыз. Бұл кісінің ойып жасаған ожаулары Түркістан тойына тарту етілген. Одан басқа қобыз, сырнай секілді туындылары әр түрлі ойға, әсемдікке жетелейді. Одан бөлек ер тұрман, сәндік қолданбалы бұйымдар жасайтын ағаларымыз баршылық.

Шығармашылық тақырып адамның жан дүниесімен, талғампаздығымен, шеберлігімен, іскерлігімен өмірге келеді екен.

Біздер атты жасауда түрлі өлшеуіш құралдармен, станоктармен, құрал саймандарды қолдану арқылы жұмыс жүргіземіз.

Бұйымды жасауда алдымен технологиялық карта және эскиз сызбаларымен танысып, тиісті өлшемдерде ағаш дайындамаларын өңдейміз.

Құрал сайманмен жұмыс кезінде негізгі қауіпсіздік ережесін қатаң сақтаймыз.

Сарамандық жұмысты ұйымдастыру:

А) Оқушыларға өңдейтін дайындамаларын бөліп беру. Оқушы санына қарай 2-3топқа бөлу.

Б) электролобзик арасымен сызылған із бойымен кесіп шығу.

В) дайындамаларды сүргімен жону арқылы тазалау.

Г) Бөлшектердің бірігетін жерлерін диаметрі 4мм етіп тесіп аламыз.

Д) дайын болған бөлшектерді бұрандалы шегемен бекітеміз.

Сабақты қорытындылау:

Әр оқушы өздері жасаған жұмысына талдау жасайды.

Жұмыс барысында өзіне қандай жаңа әдіс тәсіл меңгергенін, қандай құрал сайман пайдаланғанын айту, өздері істеген жұмысын қорғау.

Бағалау.

Үйге тапсырма. Жұмысты аяқтау. Ағаштан басқа да ойыншық жасап үйрену.

D:\Documents and Settings\Lanos\Мои документы\Мои рисунки\2013-12-13\Сканировать10005.JPG


Ұқсас жұмыстар
Қаңылтырдан раушан гүл шоғын жасау технологиясы және қауіпсіздік ережелері
6-сынып технологиясы: көкөністерден жасалған тағамдар - рецептер, дайындау әдістері және қауіпсіздік талаптары
9-сынып Технология: Ағаштан және қолда бар бұйымдардан кәдесый жасау
8-сынып: Қамырдан жасалған өнімдердің технологиясы, түрлері және қауіпсіздік ережелері
Ағаштан қар күрек жасау: технология пәні бойынша сабақ жоспары
9-сынып технология сабағы: Шертер аспабын жасау технологиясы
9-сынып: Балта сабын жасау технологиясы - ашық сабақ жоспары
Информатика пәні мен оның міндеттері: ақпараттың анықтамасы, қасиеттері және қауіпсіздік талаптары
Жүкаяқ жасау технологиясы: сабақ жоспары мен нұсқау картасы
Ылғалды жылумен өңдеу: терминология, әдістер және қауіпсіздік талаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz