4-сыныпқа арналған ашық сабақ: мақта таяқшаларымен балық суретін салу

Тақырыбы : Мақта таяқшаларымен балықтың суретін салу
Мақсаты: оқушыларға мақта таяқшаларымен сурет салуды үйрету,
балықтар түрлерімен таныстыру, сурет салу дағдыларын дамыту, пәнге
деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін, қиялын дамыту, өнерді сүюге,
құрметтеуге, табиғатты қорғауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақ типі: білім мен білік дағдаларын практикада қолдана білу сабағы
Көрнекілік : слайдтар, сулы бояу, мақта таяқшалары
Барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
(оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру, түгендеу)
- Өткенді қайталау
- Бейнелеу өнері түрлерін ата.
- Әр түріне анықтама бер
- Анималистика дегеніміз не? Қай бейнелеу өнерінің түрінің жанры?
- Слайд-шоу
- Сәулет өнері
- Мүсін өнері
- Сәндік-қолданбалы өнер
- Графика
- Кескіндеме (пейзаж, натюрморт, портрет, анималистика)
Евгений Чарушин - ресейлік суретші-анималист.
Жануарларды бейнелейтін суретшіні анималист деп айтамыз. Мультфильмдер жасауда жұмыс істейтін суретшілерді суретші-мультипликатор дейді.
- Суретсалу
- Көрме
- Бағалау, қорытындылау
Өнер - адамның рухани азығы, ол - халықтың бүгінгі мен келешегі,
арманы мен қиялы, жалпы болмысы.
Б. Момышұлы
Сондықтан, балалар, өнер - мәңгілік. Кез келген өнерді сүйіп, бағалап, аталарымыздан ұрпаққа қалған өнерді сақтап қадірлеуіміз керек.
Р. Мәрсеков атындағы орта мектебі
Бейнелеу өнері пәнінен ашық сабақ
4 а сынбы
Пән мұғалімі Разханова А. Т.