Сабақ жоспары :: Сурет, сызу

Файл қосу

Ғарышқа саяхат

Тақырыбы: Ғарышқа саяхат

Мақсаты: 1. Балалардың ғарыш әлемі туралы естіп-білгендерін,
суреттерден көргендерін тереңдету.
2. Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді пайдаланып бейнелеуге үйретуді
жалғастыру. Балалардың шығармашылық дамуына жағдай
туғызу.
3. Эстетикалық талғамын, бейнелеу қабілеттерін дамыту. Ғарыш
әлемін бейнелеуге, дәстүрден тыс заттармен сурет салуға
қызығушылықтарын ояту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау
Өтілу формасы: жалпы ұжымдық
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика
Сабақтың материалдық техникалық жабдықталуы: компьютер, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
(сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру)
2. Жаңа сабақ
- Балалар, біз 12-сәуірде қандай мейрамды атап өтеміз?
- Дұрыс айтасыңдар.
- Адам ғарышқа қашан ұшты ? Және кімдер?
Юрий Гагарин, Тоқтар Әубакіров, Талғат Мұсабаев туралы айту
- Сендердің ғарышқа ұшқыларың келе ме?
- Аспан, аспан, арайлым,
Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шоламын
Мен ғарышкер боламын.
Таудай биік талабым,
Мен бармақтай баламын,
Көктің жүзін барлайтын,
Үлкен ғалым боламын!
3. Сурет салу
* Ендеше балалар, <<Ғарышкерлер>> ойынын ойнап, сурет салып көрейік. Аспанға ұшу үшін ең алдымен бізге не керек?
Ұшуға жиналғандар ең алдымен зымырандарын дайындайды.Сондықтан біз қағаз бетіне зымыран салып алайық.

- Балалар, айналаға қарандаршы, не көріп тұрсыңдар?
Қане, осы айдың суретін салайық. Ай қалай орналасқан?

- Қане, тағы да иллюминаторға жақын келіп түнгі аспанды тамашалайық. Жұлдыздарға назар аударайық. Олар неткен әдемі. Өздері сан түрлі: бірі үлкен жарқыраған, бірі кішкентай. Бізге жақын жердегі жұлдыздар үлкенірек, алыстаған сайын кішірейе түседі.
- Иллюминаторға таянып айналаны тағы бір шолайық. Айдың суретін салдық. Жұлдыздар да бар. Ғаламшарлар ше? Күннің айналасында қанша ғаламшар бар? Қане аттарын еске түсірейік.
- Балалар, білесіңдер ме, аспан әлемінде ашылмаған ғаламшарлар әлі де көп. Оны ержеткенде өздерің табатын болысыңдар.
- Қымбатты менің, ғарышкерлерім, біздің сапарымыз аяқталып келеді.Біздің жанармайымыз бітуге таяу. Ал ғарыш құпияларын зерттеу көп уақытты алады. Шаршадыңдар ма? Бәріміз ашық аспан әлеміне шығып ғарыш әлемінен қуат алайық.
Сергіту сәті:
Бір, екі, үш,Қарлығаш боп ұш.Төрт, бес, алты,Қарлығаш боп қалқы,Жеті, сегіз, тоғыз, он,Қарлығаш боп қон.
Қарындашпен салынған суретті пастельмен бастыру, бетін қара түсті акварельмен бояу.
Оқушылардың жұмыстарынан тақтаға көрме жасау.
4. Қорытынды: Бүгінгі жұмыстардың бәрін іске асыруда біз алыс-жақынды ажыратуға, үлкен-кішіні мөлшерлеуге, бояу түстерін анықтауға үйрендік. Сонымен қатар аралас техникада жұмыс жасалынды.
5. Бағалау
* Қалай саяхат ұнады ма? Мен барлығыңа өз ризашылығымды білдіремін. Рахмет!

Р. Мәрсеков атындағы орта мектебі

Бейнелеу өнері пәнінен ашық сабақ
3б сыныбы

Пән мұғалімі Разханова А.Т.

Қ. Қайсенов кенті


Ұқсас жұмыстар
Еліміздің тұңғыш ғарышкелер кім
Ондықтарды қосу және азайту
Ғарыш әлеміні саяхат
Ғарышқа математикамен бірге
Тұңғыш қазақ ғарышкер
Жер және ғарыш Ғарыш дегеніміз не
Байқонырдан Жаңалық планетасына келіп калдық
Менің қозғалысым
Үш таңбалы санды, бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу жайлы ақпарат
Дыбыстық құбылыстар
Пәндер