Қазақ тілінен ҰБТ-ға дайындық: фонетика, лексика, морфология, синтаксис және пунктуацияны бекіту

Сабақ тақырыбы: Қазақ тілінен ҰБТ-ға дайындық

Мақсаты: Оқушылардың ҰБТ -ге дайындықтарын нақтылау, бекіту. Қазақ тілі бойынша ереже-қағидаларды тест кезінде орынды қолдана білуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже:

  1. ҰБТ бойынша біліктілік деңгейлерін шыңдайды;
  2. Қазақ тілі бойынша білімдерін бір жүйеге келтіреді.

Сабақтың түрі: білім мен дағдыны бекіту сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ауызша және жазбаша жұмыс түрлері, тест

Стратегиялар: «Ыстық орындық», «Мені тап» стратегиялары
Көрнекі құралдар: мультимедиалдық жоба (техникалық жабдық) слайдтар, тақта, үлестірмелі кеспе қағаздары.
Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру сәті: Сәлемдесу, оқушыларға сәттілік тілеу, сабақтың өту жоспарымен таныстыру:

  1. Фонетика
  2. Лексика
  3. Морфология
  4. Синтаксис
  5. Пунктуация
  6. Қорытынды

ІІ Негізгі бөлім:

Қызығушылықты ояту.

Әр оқушы үй тапсырмасы бойынша қазақ тілі салалары туралы өз моделдерін қорғайды.

Мағынаны тану

Фонетика

  1. Фонетика нені зерттейді?
  2. 3-нұсқаға бөлініп, фонетикалық талдау жаса.
1-өміршең
2-күнделік
3-тұңғиық
  1. Ойсергек: жұмбақ-әріп

Лексика

  1. Кесте бойынша шолу жасау:

  1. Берілген кесте бойынша кірме сөздердің қай тілден енгендерін бағандарға бөліп жазу.

Ойсергек: Сәйкестендір

Морфология

  1. «Мені тап» стратегиясы бойынша әр оқушы сандықшадан алған сөз қай сөз табына жататындығын айтады.
  • Амалсыздан, бекерге - себеп-салдар үстеу
  • Ойбай, әттеген -ай -көңіл-күй одағайы
  • Бір-бірден, бес-бестен - топтау сан есім
  • Әдейіліп, қасақана -мақсат үстеу
  • Ешқашан, дәнеңе - болымсыздық есімдігі
  • Қадірлі, ашушаң - қатыстық сын есім
  • Бірталай, көптеген - мөлшер үстеу
  • Жымың-жымың, жылт-жылт - бейнелеуіш
  • Сірә, әрине, біріншіден - қыстырма сөз
  • Тек, ғана, -ақ - шектік демеулік шылау
  • Сарылау, қоңырқай - салыстырмалы шырай
  • Оқыған, оқитын, оқыр, оқымақ, оқымас - есімше
  • Жазғыз, жаздыр, оқыт - өзгелік етіс
  • Бірақ, дегенмен, әйтсе де - қарсылықты жалғаулық шылау
  • Арқылы, үшін, кейін, қатар -септеулік шылау
  • Маңы, жаны, алды, ортасы - көмекші есім
  • Барма, көрме, отырма - болымсыз етістік

Синтаксис

  1. «Ыстық орындық» стратегиясы бойынша 1 оқушы ортадағы орындыққа отырып, өзгелері синтаксис бойынша сұрақ қояды.

Пунктуация

  1. Алдарына таратылған кеспедегі сөйлемдердің тыныс белгілерін қояды.
  2. Тақтадағы дұрыс жауаппен бір-бірін тексереді, түсіндіреді.

Ой толғаныс

Тақтада берілген қазақ тілі саласы бойынша сұрақтарға жауап береді.

Кері байланыс

«Синквейн» стратегиясы бойынша: 1-қатар: ҰБТ, 2-қатар: Қазақ тілі


Ұқсас жұмыстар
Орыс мектептерінде қазақ тілінен ҰБТ-ға дайындық: әдістеме мен тәжірибе
Орыс мектептеріне арналған қазақ тілінен МАБ пен ҰБТ-ға дайындық: әдістемелік құрал
Қазақ тілі бойынша бақылау жұмысы: морфология, синтаксис, фонетика және лексика (1 және 2 нұсқа, әрқайсысы 25 сұрақ)
1-сыныпқа арналған қазақ тілі: тесттер жинағы (фонетика, лексика, морфология, синтаксис, емле)
ҰБТ-ға дайындықта қазақ тілінен жеке білім беру картасының білім сапасын арттырудағы рөлі
Қазақ тілі: фонетика, морфология және синтаксис негіздері бойынша 25 сұрақтық тест
Қазақ тілінен ҰБТ-ке арналған кестелік бақылау дәптері
Математикадан ҰБТ-ға қорытынды дайындық: мақсаттар, ұйымдастыру және әдістемелік тәсілдер
ҰБТ-ға дайындық: ата-аналарға арналған психологиялық практикум
Мұғалімнің әлеуетін дамыту арқылы оқушылардың ҰБТ-ға дайындық сапасын арттыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz