Өз құқығыңды білгенің-дұрыс өмір сүргенің

Қостанай облысы, Арқалық қаласы,
Қайыңды ауылы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Канапина Гүлдана Оракбаевна
Тақырыбы:Өз құқығыңды білгенің-дұрыс өмір сүргенің
Мақсаты: 1. Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу.
2. Оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорларын молайту.
3. Оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы : Ұйымдастыру
а) Оқушыларды екі топқа бөлу
1-топ «Әділет», 2-топ «Ақиқат»
ә) Әділқазылар алқасын сайлау
б) Сайыстың мақсаты мен мазмұнын таныстыру
Кіріспе. Мұғалімнің сөзі
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев 1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылданған болатын. Құқықтық білімге терең назар аударудың бірқатар себептері бар.
Біздің бүгінгі сайысымыздың тақырыбы: «Өз құқығыңды білгенің-дұрыс өмір сүргенің»
деп аталуының себебі, өйткені біз демократиялық жолда дамып келе жатқан ҚР азаматтарымыз. Біздің Конституцияның І бабында ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы - адам және оның өмірі, құқығы мен бостандықтары.
Ал Конституциямыздың 12 бабында «Адам құқығы мен бостандықтар әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған орай анықталады. Республикамызда азамат өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.
. « Өз құқығыңды білгенің-дұрыс өмір сүргенің » атты сайысымызды бастаймыз
Сайыстың жоспары:
1. Таныстыру (топ аты, өмірлік ұстанымы, топ төс белгісімен таныстыру)
2. Тікелей сұрақ (әр топқа заң, құқық тақырыптарына қатысты 10 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауап бір ұпаймен есептеледі)
3. «Ой жалғау» (мақалдың жалғасын табу)
4. «Ойымды тап» 6-ұяшық беріледі.
6. «Ой талқы» Берілген сұраққа әр топ ой-тұжырымдарын білдіреді (уақыт 3 минут)
7. Қорытынды (әділқазы алқасының қорытындысы)
І. бөлім «Таныстыру»
(Әр топ атын, топ ұстанымы, топ төс белгісімен таныстырып өтеді. Жоғарғы ұпай 10 ұпай)
І-топ сұрақтары
1. БҰҰ-ның Балалар қоры? (ЮНИСЕФ)
2. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қашан «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылдады?(1989 жыл, 20 қараша)
3. Конвенция қандай құжат? (әлемдік қауымдастыққа кіретін мемлекеттер жасаған көп жақтылы заңды міндетті құжат)
4. Конвенция бойынша құқыққа ие болу қабілеті қай кезден бастап пайда болады?
5. Конвенцияда білім алу құқығы жайында не айтылған?(Қатысушы мемлекеттерден ақысыз және міндетті базалық білімді қамтамасыз ету талап етілген) .
ІІ-топ сұрақтары
1Конвенция негізінде Қазақстанда «Қазақстан Республикасы балалардың құқығы туралы заң» қай жылы қабылданды?(2002 жылы)
2. Заң неше баптан тұрады?(54 баптан)
3. Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес 18 жасқа толмаған адам кім деп танылады?(бала деп танылады)
4. ҚР «Бала құқықтары туралы Конвенцияға» қол қою арқылы не нәрсеге міндеттеледі?
5. Қазақстандағы балалар қоры қалай аталады және оның басшысы?(«Бөбек» қоры, Сара Алпысқызы Назарбаева)
ІІІ бөлім «Ой жалғау» ( сөздерден мақалдар құрау)
«Әділет» тобына
- Заңның құрығы . . . (бәрінен ұзын)
Өш алғаннан гөрі . . . (кешірген жөн)
- Ақырын жүріп. . . (анық бас)
- Асыл тастан . . . (өнер жастан)
- Тура биде . . . (туған жоқ)
«Ақиқат» тобына
- Ұрлық түбі . . . (қорлық)
- Жазасын тартпайтын . . . (жамандық жоқ)
- Әдепті бала . . . (арлы бала)
- Тәрбие . . . (отбасынан басталады)
- Әділ істің . . . (арты игі)
ІҮ. бөлім 6-ұяшықта берілген сөздерге 1-минутта мағынасын табу
Ү. Бөлім. «Ойымды аңғар» елестету ойыны. Топ басшысы. І-топ «ОҚУШЫ» сөзін таңдап 4 сөз айту керек топ мүшелеріне айтпай мысалы оқушы-күнделік-қалам-сөмке-, ІІ-топ «БАЛАлар» ойыншық-жылау-ойнау .
ҮІІ. бөлім Қорытынды
(әділқазы алқасының қорытындысы, жеңімпаз топты марапаттау)
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Біз бүгінгі «Өз құқығыңды білгенің-дұрыс өмір сүргенің» атты сайысымызды қорытындылай келе, сіздердің келешекте өз білімдеріңізді шыңдай, рухани жан дүниеңізді байыта отырып, өз құқықтарыңызды жете меңгеріп, еліміздің жақсы азаматы болуларыңызға сенім артамыз.
«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» (Б. Момышұлы) дей келе қашанда Ата-заңымызды қорғауға, бекітілген тәртіпке бағынуға, өз құқықтарыңызды орынды пайдалана білуге шақыра отырып, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Сіздерге әрқашанда сәттілік тілейміз!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz