Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Сөз таптары. зат есім
[pic]
Сыдықова Гүлжамиля
Оңтүстік Қазақстан облысы
Сайрам ауданы
№ 41 М.Оразалиев атындағы жалпы орта мектебінің
қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі
Сөз таптары
Зат есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: зат есім туралы түсінік беру, зат есімді сөйлем ішінен тауып,
оған дұрыс қоя білуге үйрету;
Дамытушылық: оқушыларды сауатты жазуға, таза жүруге дағдыландыру. Ой
өрісін, тіл байлығын кеңейту.Тапсырманы дұрыс орындау арқылы сын тұрғысынан
ойлауын дамыту;
Тәрбиелік: Сабақты терең түсініп, іздемпаздыққа, шапшаңдыққа, өз бетінше
жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Әдіс –тәсілі: сұрақ-жауап ,топтастыру әдісі,көрнекілік әдісі, бес жолды
өлең.
Көрнекілігі: сөзжұмбақ, үлестірмелі сурет, парақтар, тірек сызба, тест.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру, сыныпта кім жоқ
екенін түгелдеп, сабаққа назар аударту, психологиялық жағдай туғызу.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: өткен материал бойынша білімдерін тексеру
кезеңі
-Балалар, біз қандай үлкен тарау өтіп жатырмыз? (морфология) морфология
нені зерттейді?
-сөз таптарын ата?
-осы сөз таптарының сұрақтарын білеміз бе?
Мысал келтіру.
Тірек сызба.
Мақсат қою кезеңі
|Сөз таптары |
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
1.Осы сыныптағы заттарды атаңдар?
2.Оқу құралдарын ата, солай ережесін шығару.
Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
-Балалар, «кім? не?» сұрағына жауап беретін қай сөз табы екен? (зат
есім) -Заттың атын білдіретін сөзді зат есім дейді. Зат
есімдерге кім? не? кімдер? нелер? Деген сұрақтар қойылады. Мысалы: адам,
әнші, кеме, ағаштар.
Бұл сөздер тобын не деп атайды? (зат есім)
«Зат есім» сөзжұмбақ шешу
| | |З |
| | |А |
| | | | |Т | |
|Е | | | |
|С | | | | |
| | | |І | |
| | |М | | | |
1.Үй құсы (қаз)
2.Әкенің әкесі (ата)
3.Ең үлкен қала (Алматы)
4.Ең мықты ағаш (емен)
5.Уақыт өлшемі (сағат)
6.Бақша өсімдігі (сәбіз)
7.Жүз жасаған ақын (Жамбыл)
Сергіту сәті
Миға шабуыл. Суретті лото ойын-жаттығушы. Сурет қиындыларының сыртындағы
сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы оны құрайды, бірнеше оқушы кезектеседі.
Күзгі орман көрінісі шығады, мәтін құрап, зат есімдердің астын сызады. Бір
зат есімді септейді, тәуелдейді, фонетикалық талдау жасайды (ауызша).
Бекіту кезеңі.
Бес жолды өлең арқылы сабақты бекіту.
1.Кітап
2.Қызықты, қалың
3.Үйретеді, білдіреді, ойландырады
4.Кітап оқысаң көзің ашылар
5.Білім
Бағалау.
Үйге тапсырма: ереже жатау, 379-жаттығуды орындау
-----------------------
Есімдік
Зат есім
Сан есім
Сын есім
одағай
шылау
еліктеуіш
үстеу
етістік
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz